News

        • БІЛІМ   КӨРМЕСІ
          • БІЛІМ КӨРМЕСІ

          • 2016 жылы 19 қарашада Алматы қаласы Наурызбай ауданында орналасқан № 157 мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған Білім көрмесі өткізілді.

            Көрмені ұйымдастырушы – Наурызбай ауданының әкімдігі Алматы қыз балалар лицейі мен «Білім-инновациялық» лицей оқушыларын көрмені өткізуге шақырды.

        • Алаш партиясы, құрылуы, бағдарламасының жобасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді
          • Алаш партиясы, құрылуы, бағдарламасының жобасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді

          • XX ғасырдың басындағы Ұлт көшбасшысы, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ә.Бөкейханның 150 жылдығына орай     
            27.09.2016ж  сағат 11:15 те  9 «А» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді.
            Сабақ өте тартымды, талапқа сай өткізілді. Оқушылар түгел қатысты. Жаңа әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалана білді.

             

        • Өзін-өзі басқару
          • Өзін-өзі басқару

          • 2016 жылы  қыркүйек айында лицейде оқушылардың өзін-өзі басқару комитетін сайлауы болып өтті.

            Сайлауға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және бүкіл лицей оқушылары қатысты.Сайлау барысында оқушылар сайлау жәшігіне әркім өз қалауымен үміткерлерге дауыс берді.Сайлау соңында мектеп әкімшілігі дауыстарды қарап, қорытынды шығарды.

            Таңғы жиында лицей әкімшілігі оқушыларға сайлау нәтижесін  хабарлап, былтырғы оқу жылының  лицей президенті Эльван Эфендиға алғыс хатпен, сертификат табыстады. Сайлау үміткерлерінің жиған ұпайларын айтып,

                              Әкімшілік шешімі бойынша:

            Лицей президенті-  Сауытбекқызы Талшын

            Пример министрі-  Исанова Фариза

            Білім министрі-      Саяқызы Жанерке

                                      Қамза Елдана

                                                Касенова Жанель

            Тәрбие министрі-    Шуленбай Балнур

                                      Жақсымбетова Жанара

                                      Омарқұлова Мадина  тағайындалды.

            Лицей әкімшілігі  жаңа сайланған өзін-өзі басқару комитетіне жұмыстары жемісті болуына, сонымен бірге олардан оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда үлкен көмек күтетінін, сенім артатынын айтты.

        • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде  отбасы күніне  арналған іс-шаралар
          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде отбасы күніне арналған іс-шаралар

          • 2016 жылғы 17 қыркүйекте лицейде Отбасы күніне арналған «Әкем, шешем және мен» отбасылық спорт сайысы  өткізілді. Сайысқа  сыныптар арасынан 9 отбасы қатысты.

            Мерекелік шараны лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза құттықтау сөзімен бастады.

            Лицей ауласы әсем безендірілген. Ауа райы тамаша!7 сынып оқушылары отбасымен түскен суреттерді арнайы тақтаға іліп, отбасы туралы бейнеленген суреттер салып, эссе жазып, галерея жасады.  Бұл іс-шара бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік берді.

            Сонымен бірге мерекеге арнайы шақырылған ата-аналар қыздарымен бірге «Әкем, шешем және мен» спорттық эстафетасына қатысты.Сыныптар арасынан  «Қара шаңырақ», «Алтын бесік», «Ыстық ұя» топтарынан құрылды.

            Би үйірмесінің жетекшісі Рамазанова Аида барлық қыздарға қазақтың ұлттық киімін кигізіп, «Қара жорға» биіне флэшмоб жасады.

                Жаңадан келген 7 сынып оқушылары Журсинадилова Мерей, Алпысбаева Аружан және Ерғасқызы Жұлдыз, Жумагалиева Жамиля өз өнерлерін көрсетіп, қазақша  ән, жетіген аспабымен, домбырамен өз өнерлерін көрсетті. Барлығы қыздарымызға риза болып қошемет көрсетті. Ата-аналар да өз лебіздерін айтып, ризашылығын білдірді.

            I –орынға  «Алтын бесік» тобы

            II-орынға  «Қара шаңырақ»тобы, «Ыстық ұя» тобы ие болды.

            Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттап,қатысқан отбастарын «Үлгілі де өнегелі отбасы», «Жылдам да шапшаң отбасы», «Ұйымшыл отбасы», «Тату отбасы», «Көңілді отбасы», «Епті отбасы» номинациялармен марапаттады.

             Белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар таратылды.

            Мерекенің соңында барлығы асханада жайылған дастарханның басында     жиналды.

        • «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиын
          • «Сыңғырла, күміс қоңырау» атты салтанатты жиын

          • 2016 жылы 1 қыркүйек күні Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде ауласы мен акт залы ерекше безендірілген.Білім күнін асыға күткен ұстаздар мен оқушылардың  көңіл күйлері көтеріңкі.Туған жер, мектеп туралы әндер, музыка тамаша әсер етеді.

            Салтанатты жиын «Сыңғырла, күміс қоңырау»  деп аталды. ҚР Мемлекеттік Туы кіргізіліп, Гимн орындалды.

            Биылғы жыл Елбасының жарлығы мен жарияланған Ұлы мақсаттарға жетелейтін-Мәңгілік ел идеясы, Алматы қаласына - 1000жыл, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы! Осы айтулы мерекемен қатар келіп жеткен Қазақстан Республикасының Конституция күні және жаңа 2016-2017оқу жылымен алғашқы құттықтау сөз лицей директорына берілді.

            Лицейміздің директоры құттықтау сөзінде  2015-2016 оқу жылындағы жетістіктермен бөлісті:

            Оқу жылы бойында оқушыларымыз халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, KATEV білім олимпиадалары мен ғылыми жоба жарыстарына қатысып, белсенділік танытты. Біздің лицей Әуезов аудандық пән олимпиадасында 40 жүлделі орынға, Алматы қалалық пән олимпиадасында 12 жүлделі орынға ие болды.

        • Ата-аналарға арналған клубтар жұмысы
          • Ата-аналарға арналған клубтар жұмысы

          • Лицейдің негізгі бағыттарының бірі – ата-аналармен тығыз байланыста болу, бірлесе отырып іс-шаралар ұйымдастыру.

            Мақсаты:    Оқушылар,  мұғалімдер  мен ата-аналар ынтымағын нығайту. Қыздарының алдында ата-ананың абырой, беделін арттыру – әр мұғалімнің парызы деп санаймыз.

            Әйгілі ғұламалардың  ата-аналар туралы айтқан ұлағат сөздерін еске түсірейік:  - Ата-ананы ұмытқан жас – опасыздың опасызы,  рақымсыздың рақымсызы.           Ғ. Мұстафин

            - Ата-ананың қадірін білмеген – халық қадірін білмес.     

            - Ата бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.       А. С. Пушкин

            - Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы,

            жаманы – қайғысы, азап соры.  В. А. Сухомлинский

            Ата-аналарды лицейде жиі көру мақсатында жиналыстардан басқа бірлескен іс-шаралар да өткізіледі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Йогуртджу Мералдың ұйымдастыруымен аналарға арналған түрлі ұлттық тағамдарды  әзірлеу, сонымен бірге ән-би клубтары. Спортпен айналысатын аналарға да волейбол секциясы ашылды. Әр сенбіде ағылшын және түрік тілдерін үйренгісі келетін лицей қызметкерлері мен ата-аналар  үшін сабақтар жүргізіледі.

            Әкелер аптасына 2-3 рет жиналып, волейбол секциясына қатысады, жарыстар өткізеді. Директор орынбасары Сламов Аман 10 қаңтарда мұғалімдер мен ата-аналарды М.Әуезов атындағы драмтеатрда өткен «Тендерге түскен келіншек» атты спектакльді бірге көруді ұйымдастырды.

            Лицей ата-аналарының клубтар мен секцияларға деген қызығушылығы күннен күнге артуда,  достары көбеюде. Олардың ынтымақтастығы қыздарының тәрбиесіне тек жақсы әсерін тигізетіні сөзсіз.

        • «Денсаулық, білім және мәдениет» фестивалі
          • «Денсаулық, білім және мәдениет» фестивалі

          • 2016 жылғы 15 сәуірде лицейде өткізілген «Денсаулық, білім және мәдениет» фестивалі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен сүйікті қаламыз Алматының 1000 жылдығына арналды.

            Фестивальдің ашылу салтанаты ҚР Гимнін орындаудан басталды. Құрметті қонақтарымыз лента қию рәсімін өткізді.  Оқушыларымыз Отан туралы әсем ән мен қазақтың ұлттық биін орындады.

                        Фестивальді ұйымдастырудағы мақсатымыз – қазақ-түрік  оқу орындарында  оқу-тәрбие үдерісінде қолданылатын инновациялық  технологиялардың алар орнын, оның тиімділігі мен қолжетімділігін көрсету, оқушылардың жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар  бойынша  жасаған тәжірибелерін тарату. «Саламатты  Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес салауатты өмір салтын ұстану, зиянды әдеттерден аулақ болып, білім мен ғылымды терең меңгеруге үндеу жасау,  «ЭКСПО- 2017»  көрмесіне жас дарындардың өз үлесін қосуға ықпал ету.

            Сонымен бірге лицей оқушылары барлық пәндер бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, өздері жасаған эксперименттер мен макеттерін, робототехника үлгілерін, пәндік ойындарды ауданымыздағы басқа да мектептердің оқушыларына көрсетіп, бірге тамашалап,  пікір, тәжірибе алмасу.

             Фестивальді өткізуге атсалысқан Мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Galaxy халықаралық лицейі, Сүлейман Демирел атындағы колледж.

            Лицейдің екі қабатында қатарымен орналасқан білім көрмесі кімнің де болса қызығушылығын арттыратыны сөзсіз. Жалпы алғанда, мұғалімдерінің жетекшілігімен оқушылардың өздері жасаған 50 шақты жобалар көрсетілді. Оның ішінде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен танымдық және зияткерлік ойын түрлері, математикадан логикалық ойындар, информатика пәні бойынша шар жинайтын роботтар мен 3D принтер арқылы шығарған сувенирлер, география мен тарих пәндері бойынша мағыналы макеттер мен стендтер, қол өнерінің тамаша туындылары, түрік халқының тұрмыс салты мен ұлттық тағамдары. Ал физика, химия, биология пәндерінен көрсетілген эксперименттер мен зертханалық жұмыстарға қатысқан оқушыларға әсері мол болғандығы айтпай-ақ түсінікті болды.

            Фестивальға Әуезов ауданының 26  мектебінен 1000 аса оқушылар қатысты.

            Сонымен бірге Әуезов ауданы Әкімінің орынбасары Сайфеденов Сайран Тәпенұлы, Алматы қаласы білім басқармасының бас маманы Ботабекова Айгуль Абдрашитовна, Әуезов аудандық білім бөлімінің басшысы Ходжабергенова Гульнар Махаевна, «КАТЕV» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Каплан Дурсун, «Қазақстан-Заман» газетінің бас директоры Серкан Хастурк, СДУ университетінің проректорлары, қалалық «Өрлеу» институтының қызметкерлері, елімізге танымал әнші әрі композиторымыз Марат Омаров,  т.б. қатысты.

        • «Әз Наурыз, қош келдің!» мерекесі
          • «Әз Наурыз, қош келдің!» мерекесі

          • 2016 жылғы 19 наурызда  Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде дәстүрлі «Әз Наурыз, қош келдің!» мерекесі өткізілді.  Лицейіміздің үлкен мәжіліс залында әр сыныпқа бөлінген орындар тамаша безендірілген. Қазақ халқының тұрмыс салтын, ұлттық тағамдарын әр жерден көруге болады. Барлық оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қазақтың ұлттық киімдерін киді.

            Ұлы Отан Соғысының ардагері, лицейіміздің құрметті  ата-анасы  Керімқұлов Жаңбыр  ата  мен лицей директоры  Акбулут  Халил Ибрахим мырза құттықтау сөздерін баршаға арнады.               

                        3 номинация бойынша сайыс жүргізілді:

            • оқушылар, ата – аналар мен ұстаздардың қазақтың ұлттық киімін насихаттауы;
            • өз орындарын ұлттық нақышта безендіруі;
            • әр сынып бір салт-дәстүрін көрсетуі.

            Оқушылар мен ата-аналар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Сол себепті қазылар  алқасына орындарды беру де оңайға түскен жоқ.

            8с, 9в сыныптарының оқушылары мен ата-аналары Қыдыр ата мен Алдар көсе бейнелерін тамаша сомдап шықты, миниспекталь  дайындаған.  Сонымен бірге басқа сыныптар да бесікке салу, тұсау кесу, қыз ұзату, беташар, айтыс дәстүрлерін қызықты етіп көрсетті.  Күй тартылып,  әжелер ән шырқады, қыздар қазақтың  ұлттық киімдерінің сән үлгілерін көрсетті. «Қара жорға»  биіне барлығы қосылды.

            Акбулут Х.И. мырза ІІІ тоқсан барысында білім, өнер және спорт саласында жетістіктерге жеткен оқушылар мен ұстаздарға грамоталар мен сыйлықтар тапсырды. Лицейде әдеби кітаптарды оқуды насихаттау – басты жұмыстардың бірі болып саналады. Сол себептен «Кітапхананың үздік оқырманы»  атты номинациясы бойынша келесі оқушылар марапатталды:  1-орын – Аубакирова Данель – 7а сыныбы, 2-орын – Жумабекова Дана – 7а, 3-орын –  Ауесханова Айгерим мен  Умирзакова Альбина –7а,с сыныптары.

            Әр сынып дастарқан жайып, қазақтың ұлттық тағамдарынан бір-біріне  дәм татқызды.

        • Республикалық олимпиадасының жүлдегерлері
          • Республикалық олимпиадасының жүлдегерлері

          • Лицейіміздің оқушылары республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлдегер атанды. Олардың ішінде Көкшетауда 14-19 наурыз аралығында биология пәнінен 9 «В» сынып оқушысы Табарова Муниса мен 10 «А» сынып оқушысы Курманова Асия ІІ орынға ие болып, күміс медалімен марапатталды. Мұғалімдері – Сейдахмет Зухра мен Дүйсенғалиев Нұрқанат. Ал 10 «А» сыныбының оқушысы Жуніс Әсем химия пәнінен ІІІ орынға ие болып, қола медалімен марапатталды. Мұғалімі – Елюбаев Олжас.

            24-29 наурыз аралығында Петропавл қаласында өткен қазақ тілі олимпиадасына қатысқан 9 «В» сыныбының оқушысы Кескин Фатиманур ІІІ орынға ие болып, қола медалімен марапатталды. 11 «А» сыныбының оқушысы Өзер Айсел грамотамен марапатталды.  Мұғалімдері – Кубесова Майра.

        • Жамбыл мен Сүйінбай мұражайында
          • Жамбыл мен Сүйінбай мұражайында

          • Биылғы жылы 28 ақпанда ұлы жыршы, ақын Жамбыл Жабаевтың туылғанына 170 жыл толды. Осыған орай лицей әкімшілігі 7-8 сынып оқушыларын Алматы облысы, Жамбыл ауданында орналасқан Жамбыл Жабаевтың әдеби ескерткіш мұражайы мен көршілес Қарақыстақ ауылында орналасқан Сүйінбай Аронұлы атындағы мемориалдық мұражайына саяхат жасауды ұйғарды. Лицей кітапханашысы Тұрысбекова Райхан, кадр бөлімінің маманы Сабдирова Рысбике,психолог Ұзақ Әйгерім мен социолог Кенже Лейли оқушыларға жағдайлар жасап, саяхат кезінде бағыт-бағдар беріп отырды.

            Мұражайдың гидтері өздерінің бағдарламалары бойынша оқушыларға ақындардың өмірбаяны туралы мағлумат берді, құжаттарын, ұстаған заттары мен киімдерін, сыйлықтарын, т.б.с.с. көрнекіліктерді көрсетіп түсіндірді.

            Оқушылар Жамбыл кесенесінің қасында орнатылған қазақтың ұлы композиторы, күйшісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің алдына суретке түсті.

            Қазақ халқының өнеріне қомақты үлестерін қосқан ғұлама аталарының рухына тағзым етіп, көптеген қосымша мәлімет алған қыздарымызға бұл саяхат ұмытылмас  керемет  әсер қалдырғаны сөзсіз.

        • «Жарқын болашақ-2016»  олимпиадасы
          • «Жарқын болашақ-2016» олимпиадасы

          •             «Жарқын  болашақ» VIIІ  қалалық  KATEV  қазақ  тілі  олимпиадасы 2016 жылғы 26 ақпанда  Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде өткізілді.

            Негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің  мәртебесін көтеру. Ұйымдастырушылары – ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры.

             Олимпиада дәстүрлі бес номинация бойынша қазақ және өзге ұлт топтарына бөлініп өткізілді: «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Тілші-әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар».

            Алматы қаласының  мектептерінен «Сөз шеберлері» байқауына барлығы 36 оқушы,  «Тілші-әдебиетшілерге» - 27,  «Жазушыларға» – 19, «Жас ғалымдарға» - 19,  «Әнші-бұлбұлдар» байқауына 18 оқушы қатысты. Белсенділік танытқан Медеу,  Әуезов,  Жетісу  аудандарының мектептері, қазақ-түрік лицейлері мен «Жас ұлан» Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп оқушылары.

            Әр байқау бойынша кәсіби әділ қазылар алқасы бекітілді. Олардың ішінде: Әбдіманапова Қ. А. - Алматы қаласы білім басқармасының маманы, Суатай С.Қ.  - ф.ғ.к.,  доцент,  «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» Республикалық институты  директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Саметова Ж.Х. - Алматы облысы біліктірік арттыру институты деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, оқулық авторы, Оразалиева Ж.М. - ҒӘЗ «Қалалық әдістемелік кабинетінің» әдіскері,    Қазақбаев Ә.Д. -«Қорқыт ата» көне аспаптар ансамбілінің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы- композитор, Нұрғали Ораз – жазушы, Халықаралық «Махмұт Қашқари» атындағы сыйлық иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Смагулов Е.Б. - дәстүрлі әнші, Қайрат Байбосыновтың шәкірті, Республикалық байқауларының лауреаты, «Аршын» тобының әншісі, СДУ жастар саясаты  бөлімінің меңгерушісі, Тұрсын Құдайберген – ф.ғ.д., СДУ  профессоры, Төлебаев Н.Н. -  «KATEV»  Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, Гумарова А. - «KATEV» ХҚҚ әдіскер маманы, Карипов   Б.С. - «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты  хатшысы, Мереке Мұқан - режиссер, сценарист, актер, Рыскелдиева Г.Д.- Ш.Смаханұлы атындағы   № 62 гимназияның қазақ  тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқулық авторы, Ыстыбаева Г.А. - № 140 мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

            Қалалық олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз жақсы дайындықтарын көрсетті. Бірақ  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, қазылар алқасына мықтыларды таңдау оңай болған жоқ.  Қатысушылардың жанкүйерлері: ата-аналары, мұғалімдері мен достары қолдап отырды.

            Сол күні байқаулар бойынша нәтижелері айтылып, қалалық олимпиаданың жеңімпаздарына марапаттаулар жасалды. Сонымен бірге «Жарқын болашақ» VІIІ Республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасына қатысатын І орын алған оқушылар анықталды.

            «Сөз шеберлері» байқауы бойынша:

            1.      Абай Бауыржан - қазақ тобы, «Жас ұлан» әскери мектебі, 11-сынып. Мұғалімі - Тілеуқабылов Қ.

            2.      Ковтун Вера – өзге ұлт тобы, №130 Г., 11-сынып. Мұғалімі - Жақсымбетова А.

            «Тілші-әдебиетшілер» байқауы бойынша:

            1.      Қамза Елдана - қазақ тобы, Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі, 9-сынып. Мұғалімі -  Кубесова М.

            2.      Өзер Айсель - өзге ұлт тобы, Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі,11-сынып. Мұғалімі -  Кубесова М.

            «Жас ғалымдар» байқауы бойынша:

            1.      Әбдіғұлова Ақжан - қазақ тобы, Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі, 10-сынып. Мұғалімі - Абуева Р.

            2.      Акпарова Дильнара - өзге ұлт тобы, №153 МГ.

            «Жазушылар» байқауы бойынша:

            1.      Байділдахан Сара - қазақ тобы, №72 ЖББМ, 11-сынып. Мұғалімі - Муханова А.

            2.      Хван Анель - өзге ұлт тобы, №15 Г., 10-сынып. Мұғалімі – Макатова

            «Әнші-бұлбұлдар» байқауы бойынша:

            1.      Кемелбекқызы Гүлбаршын - қазақ тобы, №156 ЖББМ, 7-сынып. Мұғалімі - Дайырбеков Е.Т.

        • СЕМИНАР: «БАЛАНЫҢ ЖАТҚАН БЕСІГІ – КЕҢ ДҮНИЕНІҢ ЕСІГІ»
          • СЕМИНАР: «БАЛАНЫҢ ЖАТҚАН БЕСІГІ – КЕҢ ДҮНИЕНІҢ ЕСІГІ»

          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде қазақ тілі апталығы басталды. Жоспарда түрлі іс-шараларды өткізу көзделген. Соның ішінде 2016 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласы Әуезов ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар  өтті.

            Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын үйренуге оқушыларды баулу, сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді қолданылуын көрсету.

            Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Абуева Раушан Рахимжановна «Баланың жатқан бесігі – кең дүниенің есігі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. 10 А сынып оқушылары сабақта белсенділік танытып, қатысқан мұғалімдердің көңілінен шықты, баланың дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлерді көрсетті.

            Адешова Нурила Калдановна Сингапур, Гонконг, Қытай, Ұлыбритания, Швеция, Канадада қолданылатын «Lesson Study» әдістемесі бойынша коучинг өткізді.

            Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер Мереева Гүлназ Оралхановна, Кубесова Майра Есалиевна, Алпысбаева Ақерке Сайлашовна білім көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар «Ойлан, тап!», «Қызықты грамматика» және тағы сол секілді іскерлік ойындар өткізді. Әсіресе қазақ әндерін караоке арқылы  мұғалімдермен бірге қосылып айту оқушыларымызға өте ұнады.

            Білім көрмесіне «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице- президенттері  Каплан Дурсун мен Төлебаев Нұрбол, «Шың» баспасының маманы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулықтарының авторы Ибрагимов Қанат, Алматы мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Талғар ҚТЛ, GALAXY ҚТЛ, Сүлейман Демирел атындағы колледжінің директорлары қатысты.

            Семинарға қатысқан мұғалімдердің арасында өзара тәжірибемен алмасуы нәтижелі өтті.

        • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
          • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

          • 2016 жылы 5-6 қаңтар күндері Алматы қаласы бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Аталған білім сайысына Алматы қазақ-түрік лицейінен 23 оқушы қатысып, химия, биология, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінен өз бақтарын сынады. Нәтижесінде, І орынды – 6, ІІ орынды – 3, ІІІ орынды 3 оқушы иеленді. 5 оқушымыз Грамотамен марапатталды.

            Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 10-11 желтоқсанда өткен Әуезов аудандық олимпиадада лицейімізден 57 оқушы қатысқан болатын. Оның ішінде І орынды – 10, ІІ орынды -20, ІІІ орынды -10 оқушымыз иеленген еді. Барлығы 40 жүлде.

            Ал, осы республикалық олимпиаданың Наурызда өтетін келесі кезеңіне 7 оқушымыз жолдама алды:

            Қазақ тілінен – Кескин Фатиманур мен Озер Айсел.

            Орыс тілінен – Бейсенбекова Ажар

            Ағылшын тілінен – Шамыран Бақыт

            Химиядан – Жунусова Асем

            Биология – Табарова Муниса мен Курманова Асия.

            Барлығы республикалық олимпиада жеңімпаздары болуына тілектеспіз.

        • ҚР Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты жиын - кездесу
          • ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын - кездесу

          • Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің!
            Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
            Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, 
            Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!!!

            2015 жылғы 11- желтоқсанда лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арнап Отан үшін отқа түскен, балаларының болашағы үшін өмір бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан ардагер ағаларымыз бен апайларымызбен «Тәуелсіздік – биік Туым, айбыным!» атты  кездесу өткізілді.

            Жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.

            Кездесуге шақырылған аға-аталарымыз, апайларымыз:

            • Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлы - Әуезов аудандық "Нұр Отан" партиясының саяси бюросының мүшесі.
            • Каплан Дурсун – «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті.
            • Керімқұлов Жаңбыр ата - Ұлы Отан соғысының ардагері, жауынгер, лицейіміздің ата – анасы.
            • Мамсуров Қазбек Владимирович - Қазақстан қарулы күшінің ардагерлер Одағының Алматы қаласы бойынша төрағасы, Қазақстан Республикасы Ассамблеясының мүшесі.
            • Абдушкуров Мурат Мұхтарұлы - Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы Ауған ардагерлері Одағының төрағасы.
            • Құрамысов Болат Ануарбекұлы - Ауған    соғысының ардагері, үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары. 
            • Абылкасымов Егемберді Дайырбекұлы - Ауған    соғысының ардагері.                  
            • Ефименко Сергей Николаевич - Алматы қаласы Ауған ардагерлері арасындағы мүгедектер Одағының төрағасы.
            • Сыдықова Жанар Келіспекқызы -  Әскери инженер институтының байланыс бөлімінің аға лейтенанты.
            • Жунусова Сымбат Құрмашқызы  - Әскери инженер институтының байланыс бөлімінің сержанты.
            • Мәнкібаев Алтынбек Тұрысұлы – Қазақ аграрлық университетінің профессоры, ветеринар ғылымдарының кандидаты.
            • Ракимкулов Дәуітхан Айтжанұлы – Қазақстан Республикасы ғылым академиясының профессоры, тарих ғылымының кандидаты.

            Алғашқы құттықтау сөзімен лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза салтанатты жиынды ашты. Қонақтарымыз ұлттық мерекемен оқушылар мен мұғалімдерді құттықтады, әскери кезеңдерден естеліктер айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

             Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, отставкідегі полковник Ракимкулов Айтжан Кәдірқұлұлы 10авсд сыныптар арасында әскери-патриоттық саптық ән байқауын ұйымдастырып  өткізді.

            Оқушыларымыз «Атамекен», «Көк Тудың желбірегені», «Жаса, Қазақстан!», «Сарбаздар»  атты патриоттық әндерді шырқап, саппен жүрді.

            Қонақтардан құралған әділ қазылар алқасы оқушылардың дайындықтарын бағалап келесі орындарды берді: Гран При – 10с сыныбы, І орын – 10д, ІІ орын – 10 а, ІІІ орын – 10в сыныбы.

            10 сынып оқушысы Мөлдір Қайымбаеваның орындауында  Әбиірбек Тыналиевтің «Желтоқсан желі» әні барлығын толғандырды. Лицейіміздің "Үкілі  домбыра"    ансамблі Дәулеткерейдің  "Қосалқа" және  "Жастар биі» күйлерін жоғары деңгейде орындады. Биші қыздарымыз қазақ және түрік халықтарының ұлттық билерін шебер орындап шықты.

            2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.

            Біз осындай Ұлы дала ұрпақтарымыз, ұландарымыз!

            Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қалаймыз!

            Мәңгілік болашаққа жол саламыз!

            Осының барлығы Тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы.

            Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

            Мәңгілік Еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді болсын!

            Барлық халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік болсын!

        • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары -  «IITU Robocon Games 2015»  жарысының жеңімпаздары
          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары - «IITU Robocon Games 2015» жарысының жеңімпаздары

          • 2015 жылғы 20 желтоқсанда  химия-биология бағыты бойынша  Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында робототехника жарысы өткізілді.  

            Жарысты ұйымдастырушылар - IT Халықаралық университеті, Chevron, NIS / химия-биология бағыты/,  «ZERE жанашыр» қайырымдылық қоры.   

            Ойын тақырыбы: Eco City Robots – қаланы көгалдандыру.  

            Мақсаты – оқушылардың экологиялық тәрбиесін нығайту,  жаңа технологияларды дамыту.  Өкінішке орай, барған сайын әлем табиғаты ластануда. Экология мәселесін қазірден бастап шешкен абзал. Болашақта бұл мәселені шешуге роботтарды күні-түні жұмсауға болады. Мысалы, ағаштар мен гүлдерді егу және суару сияқты жұмыстарында. Бұл жарыста роботтар цилиндр тәріздес топырақты тыңайтатын контейнерлерді арнайы қуыс шұңқырларға апарып, салып, жиналған дәндерді егу керек. Дәндердің орнына үлкен теннис доптарын пайдаланды.   

            Алматы қаласынан барлығы 16 мектеп қатысты. Оның ішінде химия-биология және физика-математика бағыттары бойынша  Назарбаев зияткерлік мектептері, мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Республикалық физика-математикалық мектеп,  №5 мектеп-гимназия, № 166 лицей        , «Келешек - республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты», Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, №48 мектеп-лицей,  №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған мектеп-лицейі, т.б.

                      Біздің лицей командасының құрамында Тилигенова Адилям – команда капитаны, 11с сынып оқушысы, команда мүшелері: Эккарт Арина –11с, Молдағалиева Еңлік – 11а, Омарқұлова Мәдина – 9 б сынып оқушысы. Команда жетекшісі, оқушыларға бағыт беріп, үйреткен информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Гульназ Саматовна.

                      Жюри құрамына робототехника саласында қызмет ететін Қазақстан мен шетел мамандары мен ғалымдары кірді.

            Мектептің спортзалында роботтарды жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Бүкіл жарыс алдын-ала таратылған Ережелерге сай өткізілді.

            Жарыс нәтижесінде І және ІІ орындар химия-биология бағыты бойынша  Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 командасына берілді. Ал ІІІ-жүлделі орынға біздің команда ие болды. Лицейде робототехника зертханасын ашу үшін 300000 теңгеге сертификат және  3D принтер сыйлыққа берілді. Барлық қатысушыларға IT Халықаралық университетіне оқуға түсуге 10%  жеңілдік беріледі.   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

        • Математика және информатика  пәндерінің апталығы
          • Математика және информатика пәндерінің апталығы

          • 2015 жылғы 23 қараша мен 03 желтоқсан аралығында лицейде  математика және информатика  пәндерінің апталығы өткізілді.

            Аталған апталықты өткізу мақсаты – оқушылардың білімдерін тереңдетіп, математика, информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру, зертханалық жұмыстарды жүргізу, сабақтарда  жаңа технологияларды тиімді қолдануын көрсету.

            Апталық барысында ашық сабақтар, интеллектуальдық, логикалық ойындар, викториналар, зертханалық жұмыстар, білім көрмесі, IQ тесті өткізілді.

            Математика пәнінің мұғалімдері Тулепбергенова Индира,  Кульмагамбетов Бауыржан, Буйюкалчин Мурат, Мусабаева Жамиля, Кадирова Гүлжазира  оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жұмыстарын да үнемі жүргізеді, әр сенбі сайын қосымша сабақтар өткізеді. Сонымен бірге жеке консультациялар береді.

            Информатика пәнінің мұғалімдері Алибекова Гүлназ, Эрдал Яман Хавваның жетекшілігімен робототехника саласында оқушылар өз қолдарымен жасаған роботтар мен басқа да қызық тәжірибелерді көрсетті. 

            Атап айтқанда, «Figure competition»  жарысы бойынша І-орынды иеленген 8а, ІІ-орын -8с,  ІІІ-орын -8 в сыныбы. Шығармашылықты талап ететін «Stick competition» шыбықтардан геометриялық фигураларды жасау  жарысы бойынша І-орын 9а, ІІ орын -9в, 9с, ІІІ орын 9д сыныбына берілді.  «Rubics  cube competition» кубикті тез жинау жарысы бойынша І-орынды 10а сынып оқушысы Асем, ІІ-орынды 9в сынып оқушысы Ажар, ІІІ-орынды 7в сынып оқушысы Ахаева Еңлік жеңіп алды. Көпшілікке ұнаған «Polygon competition» жарысы бойынша І-орын 10д, ІІ-орын 10а, ІІІ-орын 10с сыныбына берілді. Математика, информатика тақырыбында өткен ән жарысы  өте қызық болды. І-орын 9д, ІІ-орын 7а, ІІІ-орын 9а.  «Treasure hunt game» жарысында І-орынды 9а, ІІ-орынды –9д иеленді. «Quiz bee», «Kahoot!», «Stop motion»  ойындары тамаша өтті. Экологиялық тәрбие мақсатында оқушыларға табиғатта кездесетін геометриялық фигураларды табу, суретке түсіру тапсырмалары берілді. «ICT photography competition» жарысы бойынша І-орынды иеленген Усманова Надираханум, ІІ-орынды –Мухамеджанова Елдана,  ІІІ-орынды Альбиева Камила жеңіп алды. Олар фигураларды гүлдерден тапты. Ал «Poster competition» жарысы бойынша Бас жүлде 7с сыныбына, І-орын 7а, 8с сыныптарына, ІІ-орын 9а, 9в, 10а, ІІІ-орын 8а, 9д,10в сыныптарына берілді. «Figure dress competition» жарысында қыздарымыз бар фантазиясын көрсетті. Олар газет, қағаздардан геометриялық фигураларға ұқсайтын сәнді киім жасап киді, көпшілікке подиумда жүргендей көрсетті. Бас жүлдені 7с сыныбының оқушысы Жанель жеңіп алды. «Bottle cap art competition» бойынша 9с сыныбынан Дана І-орын, 7с сыныбынан Айша, Аружан, Бейза, Жансая ІІ-орын, 8в сыныбынан – Айдана, Лаура ІІІ- орын алды. Бөтелке қақпағынан түрлі нәрселер жасауға болатынына таңқаласыз. Информатиктер «Transformers competition» жарысын өткізді. І-орын – 10в-дан Иралина Алуа, Мамедова Фатима, Жураева Мариямға, ІІ-орын – 9с-дан Киргизбаева Маликаға, ІІІ-орын – 8в –дан Саян Аминаға берілді.

            Апталық қорытындысы ретінде өткізілген білім көрмесіне барлық сынып оқушылары, ұстаздар және ата-аналар да қатысты.

            Лицей әкімшілігі жарыс жеңімпаздарына марапаттау жасап, грамоталар мен сыйлықтар берді.

        • Қаскелеңдегі  мұражайда
          • Қаскелеңдегі мұражайда

          • 2015 жылғы 30 қарашада І тоқсан қорытындысы бойынша үздік оқитын, олимпиада, ғылыми жоба жарыстары мен спорт, өнер саласында жүлдегер атанған оқушыларымызды Тұңғыш Президент күні құрметіне марапаттау мақсатымен Алматы облысы Қаскелең қаласында орналасқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасалды.

            Бұл мұражайдың ерекшелігі – бұрын мектеп ғимараты болғанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім алған жер. Оқушыларымыз Қазақстан Республикасының  Президенті отырған партаны көріп таң қалды.

            Елбасының отбасын, балалық шағын, сыныптастары мен ұстаздарының, танымал жерлестерінің фотосуреттерін көріп, біраз мағлұмат алды.

            Бұл сапардан мол әсер алған оқушыларымыздың Отанға, Елбасымыз жүргізетін мемлекеттік саясатқа деген сүйіспеншілігі одан әрі артады деген сенімдеміз. 

        • Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының ата-аналары арасында өткізілген  аймақтық волейбол жарысы
          • Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының ата-аналары арасында өткізілген аймақтық волейбол жарысы

          •           2015 жылғы  29 қарашада «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикадағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының әкелері арасында аймақтық волейбол жарысы өткізілді.  

            Жарыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

                      Жарысты өткізудегі көзделген мақсат: «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында спорттық іс-шараларды өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау.

                      Қатысушылар Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.

            Алматы  қазақ-түрік  қыз  балалар лицейінің директоры Акбулут Халил Ибрахим  және «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Каплан Дурсун жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтады.

            Кәсіпкер ата-ана, Алматы бизнес Ассоциациясының басқару кеңесінің мүшесі  Сатаев Орынбасар Тәжібайұлы «Волейбол спортына арнау» айтып, қатысушыларға керемет рух бергендей болды.

                      Жарысқа 11 команда қатысты:

            1.      Талдықорған  ҚТЛ -1

            2.      Талдықорған  ҚТЛ -2

            3.      Есік ҚТЛ – «Алтын адам»

            4.      Талғар ҚТЛ

            5.      Сулейман Демирел колледжі - SDC

            6.      GALAXY  ҚТЛ

            7.      Ақсай ҚТЛ - «Намыс»

            8.       Ақсай ҚТЛ

            9.      Алматы қыз ҚТЛ – «Ардагер»

            10.  Алматы қыз ҚТЛ – «Әкелер»

            11.   Алматы қыз ҚТЛ

             

                      Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті. Ойын қызу өтті. Жанкүйерлер ойын бойы өз командаларын қолдап отырды.

                   Нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:

            І-орын -  Ақсай ҚТЛ - «Намыс»

            ІІ-орын - Алматы қыз ҚТЛ – «Ардагер»

            ІІІ-орын – Талдықорған  ҚТЛ -2

            IV-орын - Талдықорған  ҚТЛ -1

                    Марапаттау кезінде жүлделі орындарға Грамоталар мен Кубоктар және медальдар, номинациялар бойынша Грамоталар, сонымен бірге барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

        • «Қазақстан. Өркениет өрендері» би сайысына қатысу туралы
          • «Қазақстан. Өркениет өрендері» би сайысына қатысу туралы

          • 2015 жылғы 28 қарашада СДУ-дың сахнасында республикамыздағы қазақ-түрік лицейлері арасында түрік халқының ұлттық билерін орындаудан сайыс өткізілді.

            Сайысты ұйымдастырушы – «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының тарапынан Президенті Өте Дархан және Ата Мехмет Месут барлығын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, оқушыларға табыс тіледі.

            Сайысқа қатысқандар: Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі, Талғар,  Қызылорда, Петропавл, Тараз, Шымкент  қазақ-түрік лицейлері мен Сулейман Демирел колледжінің студенттері.

            Түрік халқының билерін орындау үшін оқушылар көп ізденді, себебі қимылдары ұқсағанымен, әр бидің өзіндік қыры мен сыры, тіпті философиясы ерекше деуге болады. Түркияның оңтүстік-солтүстік немесе батыс-шығысында тұратын  халқының фольклорлық ерекшеліктерін байқауға болады.

            Оқушыларды би әлеміне тартып, көптеген уақыт тер төккізген арнайы Түркиядан шақырылған биші  Эсер Созиместің еңбегі зор екенін айтқан жөн.

            Әділ қазылар алқасының құрамына кәсіби бишілер шақырылды. Оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің режиссер-хореографы Құмаржанов Алмат Мүшелбаевич және Қырғызстан мен Түркияның танымал бишілері.

            Үлкен сайыс нәтижесінде І орын Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі мен Талғар ҚТЛ-ның ұлдарына берілді, ІІ орынға ие болған Сулейман Демирел колледжінің студенттері, ІІІ жүлделі орын Тараз қазақ-түрік лицейлерінің ұл-қыздары жеңіп алды.

            Барлық жүлдегерлерге медальдар мен сыйлықтар тапсырылды.

            Билердің арасында әнге де орын берілді. Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары Венера, Аружан, Қызылорда лицейінің оқушысы Құралай, Тараз ҚТЛ оқушысы Шыңғыс қазақ-түрік әндерін кәсіби тұрғыда орындағаны соншалықты, көрермендер оларды сахнадан жібергісі келмеді. Би сайысы үлкен концертке айналды.

            Халықаралық тіл және мәдениет фестивалінің өтілуі дәстүрге айналды. Әлем бойынша жыл сайын түрлі мемлекеттерде өткізіледі. Биылғы XIII фестиваль мамыр айында Германиядағы Дюсселдорф қаласында өтті. 150 мемлекеттен мыңдаған бала өз өнерлерін көрсетті. Оның ішінде ТМД, АҚШ, Румыния, Германия, Бельгия, Африка,  т.б.

            Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі мен Сулейман Демирел атындағы колледжінің ұлдары бірігіп, 3-жүлделі орынға ие болды.

            Биылғы жеңімпаздарымыз да XIV фестивальға жолдама алып отыр. Оларға әлем деңгейінде Қазақстанның Туын желбіретіп, алтын медальға ие болады деген сенім артамыз.

        • Физика, химия, биология  пән апталығы
          • Физика, химия, биология пән апталығы

          • 2015 жылғы 12-16 қазан аралығында лицейде  физика, химия, биология  пәндерінің апталығы өткізілді.

            Мақсаты – оқушылардың білім аясын кеңейтіп, сабақ барысында жаңа технологиялардың қолдануын көрсету.

            Апталық барысында ашық сабақтар, интеллектуалдық, логикалық ойындар, зертханалық жұмыстар, білім көрмесі өткізілді.

            Физика пәнінің мұғалімдері Аляз Асуман, Йылмаз Гюлшан, Мухсин Шахин, химия пәнінің мұғалімдері Татыкаева Мунаввар, Елюбаев Олжас, биология пәнінің мұғалімдері Сейдахмет Зухра, Тютенова Алима ашық сабақтар өткізді. Оқушылар зертханалық жұмыстарын көрсетті.  Мысалы, Тютенова Алиманың 8а сыныбында өткізген «Рефлекс» тақырыбындағы ашық сабағында көрсеткен тәжірибелер күнделікті өмірде кездеседі және әр адамға қатысты. Май шамға саусақ тигізгенде, невропатологтың балғасын қолданғанда, т.б. көптеген жағдайларда рефлекстің түрлері анықталады. Сонымен бірге биология пәнінен 7-сынып оқушылары «Food competetion» - тағам түрлерінен  “Жануарлар әлеміне» саяхат жасады, 8-сынып оқушылары адам ағзаларынан макеттер жасады,  9-сынып оқушылары зертханалық тәжірибелерге презентация көрсетті, ал 10-сынып оқушылары логикалық сұрақтардан құралған викторина өткізді.

            Химия пәні бойынша 15 эксперимент көрсетілді. Қатысушылар да экспериментті оқушылармен бірге жасады, нәтижелерін көрді. Мысалы, көпшілікке ұнаған вулкан, крахмал тәжірибелері, «Magic milk», «Elephant’s tooth paste», «Cola, mentos», «Smoke bombe» жарыстары.

            Физикадан көрсеткен «Bridge» - макароннан жасалған көпірдің қаншалықты мықты екенін тексеруге болады. «Water rockets» - су ракеталары,  “Baloon car» - шарлардан жасаған машиналар және физика терминдерін қолданды. Рэп  айтқан оқушылардың орындауы өте қызық болды.

            Білім көрмесіне барлық сынып оқушылары, ұстаздар және ата-аналар қатысты.

    • Login