News

        • «Infomatrix ASIA 2017»  Халықаралық жобалар жарысы
          • «Infomatrix ASIA 2017» Халықаралық жобалар жарысы

          • Ақат Ақерке – 10 А, Кипшақбаева Нұрфатима – 10 В«Line follower Robotics» бағыты бойынша ІІІ орынға ие болып қола медалімен марапатталды.

            Қорғанбаева ЛуизаменМелисканова Сымбат«Real time cloudcontrol» тақырыбы бойынша жоғары деңгейде қорғады.

            Оқушыларды дайындаған информатика пәнінің мұғалімі  Эрдал Яман Хавваның еңбегі зор.

        • «Infomatrix ASIA 2017»  Халықаралық жобалар жарысы
          • «Infomatrix ASIA 2017» Халықаралық жобалар жарысы

          • 2017 жылы 13-16 сәуір аралығында Алматы қаласында Сулейман Демирель атындағы университетте «INFOMATRIX»  International computer project competition – IV Халықаралық компьютерлік жобалар  жарысы өткізілді.  Бұл жарысқа 15  мемлекет, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Түркменстан, Украина, Монголия, Ирак, Сомали-лэнд, Курдистаннан, т.б.  300-дей  оқушы қатысты.

            Біздің лицейден қатысқандар:

            1. Ақат Ақерке – 10 А
            2. Аукен Ақбота – 11 В
            3. Емир Кады оглу Зехранур – 11 С
            4. Жетібаева Анель – 11 В
            5. Кипшакбаева Нурфатима – 10 В
            6. Курманбаева Адель – 11 С
            7. Қорғанбаева Луиза – 11  В
            8. Мелисканова Сымбат – 11 В
        • Республикалық «Жарқын болашақ»  олимпиадасы
          • Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы

          • 2017 жылғы 20-22 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Сулейман Демирел университетінде «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық деңгейі өткізілді. Ұлы Дала елінің барлық облыстары мен қалаларынан 200-дей оқушы мен олардың ұстаздары келді. Ұйымдастырушылар:  ҚР Білім және ғылым Министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры.

            Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастарды бірлікке, бейбітшілікке шақыру.

            Бірінші күні ашылу салтанаты СДУ-дың кең залында өткізілді. Оқушыларды құттықтауға танымал әншілер Мирас пен Құралай және Сейфуллин Жолбарыс келді. Содан кейін дәстүрлі 5 бағыт бойынша олимпиада басталды.

                        Екінші күн оқушылар үшін ұмытылмас күн болды. Сол күнгі бағдарлама бойынша оқушылар Орталық мемлекеттік мұражайға барды. Одан кейін Медеу мен Шымбұлақ. Әсіресе Медеуден Шымбұлаққа апаратын аспалы арқан жол арқылы  таза ауада бүкіл табиғатты жоғарыдан тамашалау, биік асқар таулар мен сирек кездесетін мәңгі жасыл ағаштарды көру керемет әсер қалдырды.

                        Шымбұлақта жатқан қар қаланың сол күнгі ыстығын бірден ұмыттырды. Оқушылар қар лақтырысып ойнады, шаңғышылармен бірге суретке түсті.

                        Медеу мен Шымбұлақты қимай қалаға келдік. Онда «MEGA» ойын-сауық орталығы оқушыларды басқа қызықты әлемге баурап алды.

                        Бір күнде оңтүстік астанамыз, сүйікті қаламыз Алматының ең танымал көрікті жерлеріне барып қызықтау қонақтарымыз үшін тамаша тосын сый болды. Ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

                        Үшінші күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында олимпиаданың жабылуы өткізілді. Жүлдегерлер медальдар мен мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

                        Әр облыстан келгендерін ескеріп қазылар алқасы ең көп марапаттауларға ие болған Оңтүстік-Қазақстан облысының командасына І орын берді.

        • Республикалық «Жарқын болашақ»  олимпиадасы
          • Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы

          • Шымбұлақта жатқан қар қаланың сол күнгі ыстығын бірден ұмыттырды. Оқушылар қар лақтырысып ойнады, шаңғышылармен бірге суретке түсті.

                        Медеу мен Шымбұлақты қимай қалаға келдік. Онда «MEGA» ойын-сауық орталығы оқушыларды басқа қызықты әлемге баурап алды.

                        Бір күнде оңтүстік астанамыз, сүйікті қаламыз Алматының ең танымал көрікті жерлеріне барып қызықтау қонақтарымыз үшін тамаша тосын сый болды. Ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

        • Республикалық «Жарқын болашақ»  олимпиадасы
          • Республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасы

          • 2017 жылғы 20-22 сәуір аралығында Алматы қаласындағы Сулейман Демирел университетінде «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық деңгейі өткізілді. Ұлы Дала елінің барлық облыстары мен қалаларынан 200-дей оқушы мен олардың ұстаздары келді. Ұйымдастырушылар:  ҚР Білім және ғылым Министрлігі мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры.

            Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастарды бірлікке, бейбітшілікке шақыру.

            Бірінші күні ашылу салтанаты СДУ-дың кең залында өткізілді. Оқушыларды құттықтауға танымал әншілер Мирас пен Құралай және Сейфуллин Жолбарыс келді. Содан кейін дәстүрлі 5 бағыт бойынша олимпиада басталды.

                        Екінші күн оқушылар үшін ұмытылмас күн болды. Сол күнгі бағдарлама бойынша оқушылар Орталық мемлекеттік мұражайға барды. Одан кейін Медеу мен Шымбұлақ. Әсіресе Медеуден Шымбұлаққа апаратын аспалы арқан жол арқылы  таза ауада бүкіл табиғатты жоғарыдан тамашалау, биік асқар таулар мен сирек кездесетін мәңгі жасыл ағаштарды көру керемет әсер қалдырды.

        • Қалалық семинар-практикум
          • Қалалық семинар-практикум

          •        Семинардың екінші бөлімі мәжіліс залында жалғасты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі, 20-шақты оқушысы республикалық, 100-дей оқушысы аудандық, қалалық олимпиадаларының жеңімпаздары атанған Түрел Байрам «Lifelong  learning» - «Өмір бойы білім алу немесе интербелсенді оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша қызықты баяндама жасады.

                 Лицей оқушыларының өнерін де көрсеттік. 9-сынып оқушылары Гайденрайх Регина мен Коваленко Маргарита қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Жұлдыздар тоғысқанда»  («Так сложились звезды») атты Тұңғыш Президент  туралы көркем фильмде Нұрсұлтан Әбішұлының қызы Алияның рөлін сомдаған және 2016 жылы Германия мен Румынияда өткен Халықаралық тіл және мәдениет фестивалінде ІІІ жүлделі орынға ие болған 8-сынып оқушысы Сағи  Венера ән айтты.

                 Қорытындылау сөзінде Алматы қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Абдиманапова Қарлығаш Акановна семинар-практикумның заманауи талаптарға сай, көрсетілген сабақтар мен берілген ақпарат шақырылған ұстаздарға көп пайдасын берері туралы айтты. Сонымен бірге көпшіліктің атынан лицей ұжымына алғысын білдірді.

        • Қалалық семинар-практикум
          • Қалалық семинар-практикум

          • 2017 жылғы 15 сәуірде лицейде «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында

            үштілділікті дамытуды іске асырудың ерекшеліктері» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.

            Мақсаты:  Көптілділік және Қазақстан Республикасындағы үштілділік саясатының дамуы жөнінде тәжірибе, пікір алмасу.

                        Қатысушылар:  Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық әдістемелік кабинетінің мамандары,  Алматы қаласы мектептерінен 100-дей оқу және бейінді оқыту жөніндегі директор орынбасарлары.

                        Лицей мұғалімдері қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика, информатика, физика, химия, биология пәндері бойынша түрлі инновациялық технологияларды қолданып, барлығы 32 панорамалық сабақ өткізді. Қатысушылардың пікірлері бойынша сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде жақсы меңгеруі қазіргі талаптарға сай.  

            Сабақтардан кейін  әдеттегідей Білім көрмесі өткізілді. Онда ұстаздарымыз оқушылардың химия, физика, биология пәндері бойынша ұсынған эксперименттеріне қатысты, ал математика және тілдер пәндері бойынша түрлі интеллектуалдық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Информатика мұғалімдері қыздарымыздың өздері жасаған робототехника нәтижелерін тамашалады.

        • 3 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы
          • 3 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы

          • 2017 жылғы 11-13 сәуір аралығында Павлодар  қаласында

            IBCһO  3 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы өткізілді.

            Лицейіміздің 11- сынып оқушысы Жүніс Әсем  І орынға ие болып, алтын медальмен марапатталды.

            Мұғалімі – Елюбаев Олжас.

        • The world scholar, s сup
          • The world scholar, s сup

          • 50-ден астам команданың ішінде біздің қыздар IV орын алып, үлкен Кубокқа ие болды. Ал жеке орындар бойынша Адэль 5 алтын, 4 күміс медальмен, Аруна 5 алтын, 3 күміс медальмен, Назерке 4 алтын, 4 күміс медальмен марапатталды.

            Дүниежүзілік дебатқа жолдама алған біздің командаға сәттілік тілейміз.

        • The world scholar, s сup
          • The world scholar, s сup

          • 2017 жылғы 31 наурыз –1 сәуір аралығында  Астана қаласындағы «Spectrum» халықаралық мектебінде өткізілген дебатқа Қазақстан және Қырғызстан республикаларынан 50-ден астам команда қатысты.

            Біздің лицейден 3 оқушымыз бір команда болып қатысты: Амангельдиева Аруна – 10 В сынып оқушысы, Жаңабай Адэль – 9 С, Мухлисова Назерке – 10 Д сыныбы.

            4 бағытта интеллектуалдық сайыстар өткізілді: Bowe team, Debate, Challenge, Эcce.

        • 2017 жылғы  республикалық олимпиаданың  жүлдегерлері
          • 2017 жылғы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері

          • 24-28 наурыз аралығында Ақтау қаласында өткен ағылшын тілі олимпиадасына қатысқан 11 «А» сынып оқушысы Молдашева Айсара  ІІ орынға ие болып, күміс медальмен марапатталды. Қазақ тілі олимпиадасына қатысқан 10 «В» сынып оқушысы Кескин Фатиманур ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

            7 «В» сынып оқушысы Вайитова Дильназға қазақ тілінен

            10-сынып бағдарламасын меңгеруде республикалық олимпиаданың қорытындысында көрсеткен үздік нәтижелері үшін «Олимпиаданың ең жас қатысушысы - 2017» атағы берілді.  

            Жеңіс құтты болсын!

        • 2017 жылғы  республикалық олимпиаданың  жүлдегерлері
          • 2017 жылғы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері

          • Лицейіміздің оқушылары республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлдегер атанды.

            12-16 наурыз аралығында Павлодар қаласында химия пәнінен өткізілген олимпиадада 11 «А» сынып оқушысы Жүніс Әсем І орынға ие болып, алтын медальмен марапатталды. Ал 10 «В» сынып оқушысы Табарова Муниса биология пәнінен ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

            Жеңіс құтты болсын!

        • Біздің әкелер - чемпион
          • Біздің әкелер - чемпион

          • 2017 жылғы 25-26 наурыз аралығында«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында аймақтық волейбол турнирі өткізілді. Бұл жарыс «Білім-инновация» лицейлері арасында әкелердің қатысуымен өткізілді.

            Мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, балаларына үлгі көрсету.

            Барлығы 9 команда қатысты:

            1. Ақсай «Достар»
            2. Ақсай мектебі
            3. АлҚыз
            4. Есік
            5. СДК
            6. Талдықорған 1
            7. Талдықорған 2
            8. Ынтымақ
            9. GALAXY 

             

            Жүлделі орындарға ие болған командаларды құттықтаймыз!

            І орын -СДК

            ІІ орын – Ақсай «Достар»

            ІІІ орын – АлҚыз

        • IX Kazakhstan open cheerleading championships 2017
          • IX Kazakhstan open cheerleading championships 2017

          • 26 наурызда Қазақстанның черлидинг ұлттық федерациясы мен Қазақстандық спорттық аэробика, твирлинг және әртістік би федерациясы  ІХ Халықаралық ашық чемпионатын өткізді.

                     Чемпионатқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Қытай, Оңтүстік Кореядан бишілер қатысты. Біздің лицейден дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Спорттық би» үйірмесінің жетекшісі Курманова Гүлдананың дайындаған бишілер тобы қатысты. Өздеріне «Queen team» атын таңдаған 7-сынып оқушылары Алимгазинова Асема, Амантай Айдана, Бекет Аяжан, Ерғасқызы Жұлдыз, Кашкинбаева Дарига, Мухтарханова Жасмин, Ренчбер Бетюль,  8-сынып оқушысы Даутбаева Алтынай керемет билерімен сайысқа түсіп, жүлделі орындарға ие болды.

                     «Hip Hop Mega Group» номинациясы бойынша І орынға, «Cheer  Danse Show» номинациясы бойынша ІІ орынға, ал «Hip Hop small Group»  номинациясы бойынша IV орынға ие болып, жүлделі кубоктар, грамота және сертификатпен марапатталды.

        • «Наурыз – думан» мерекесі
          • «Наурыз – думан» мерекесі

          • Сахнаның ерекше безендірілуі мерекенің көркіне айналды. Сол күні сыртта қар жауып жатса да, іште көктемнің келгенін сезесіз. Слайдтан мөлдір бұлақтың дыбысымен көктемнің келуі көрсетілді. Үлкен алқызыл гүл ашылып, ішінен Венера қызымыз шығып, өлең оқыды. Сонымен бірге Қыдыр ата мен Жер Ананың сахналық қойылымын тамашаладық.

            Лицейдің «Үкілі домбыра», «Жетіген» ансамбльдерінің орындауындағы күйлер тамаша әсер қалдырады.

            Баршамызға Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

        • «Наурыз – думан» мерекесі
          • «Наурыз – думан» мерекесі

          • Оқушылар мен ата-аналар «Наурыз», «Қазағым» әндерін шырқады,   «Қаражорға», «Қамажай», түрік және испан билерін де жоғары шеберлікпен  орындады.

        • «Наурыз – думан» мерекесі
          • «Наурыз – думан» мерекесі

          • Жүргізушілер ақ ниетпен өткенге салауат айтып, ақ тілекпен жаңа Наурызды қарсы алды. Әндетіп, би билеп Ай мен Күн де теңеліп әдемі  сахналық көрініс көрсетті.

        • «Наурыз – думан» мерекесі
          • «Наурыз – думан» мерекесі

          • Наурыз қашанда ырыс пен ынтымақтың бастауы ғой!

            7-сынып оқушылары мен ата-аналары бірігіп әдеттегідей өнерлерін көрсетті, әсіресе сахналық қойылымдары қызықты болды, оның ішінде «Беташар», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» салт-дәстүрлері.  

            Әр сынып қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрпынан хабардар ететін бұйымдар мен наурыз көже, қазы-қарта, қымыз, бауырсақ-тоқаш сияқты ұлттық дастархан мәзірін баршаға паш етіп, қонақтарға сый көрсетті. Тіпті ұмытылып бара жатқан самаурыннан да шай ішуге мүмкіндік болды.

        • «Наурыз – думан» мерекесі
          • «Наурыз – думан» мерекесі

          • Біздің лицейде Наурыз мерекесі 18-наурыздан басталды.

                     Негізгі мақсаты – «лицей-оқушы-ата-ана» бірлескен жұмыс бағытына  байланысты Наурыз мейрамының мемлекеттік маңызын түсіндіру; салт-дәстүрлерді көрсету арқылы жас ұрпақты ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге, қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу; рухани адамгершілігі мол жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

    • Login