News

        • ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР
          • ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

          • Лицейіміздің 10 сынып оқушымыз Ашимова Салиманың  Ұлт лидері Елбасы Н.Ә Назарбаевтың "Ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың кепілі" ретіндегі ұстамды саясатының тарихи сипаты атты ғылыми жобасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Пән мұғалімі, әрі жетекшісі Келгенбаева Айжан да қалалық Білім Департаментінің мақтау қағазымен марапатталды.

        • «Анаға апарар жол» тарихи драманың әсері
          • «Анаға апарар жол» тарихи драманың әсері

          • Фильмнің тәрбиелік мәні зор. Патриоттық сезім,  Отан алдындағы борыш, анаға деген махаббат, адалдық, төзімділік  қасиеттерін қалыптастырады. Бұл фильмді тамашалаған оқушылар мен ұстаздардың көңілі толқулы. Ақан Сатаевтың жаңа туындысы көрермендердің көзіне жас үйірді.

        • «Анаға апарар жол» тарихи драманың әсері
          • «Анаға апарар жол» тарихи драманың әсері

          • 2016 жылғы 13-желтоқсанда Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің өзін-өзі басқару комитетінің бастамасымен 7-10 сынып оқушыларын «Анаға апарар жол» фильмін  көруге «Сары-Арқа» кинотеатрына бару ұйымдастырылды.

            Режиссері  - «Бауыржан Момышұлы», «Жаужүрек мың бала», т.б.  тамаша фильмдерді жарыққа шығарған  белгілі Ақан Сатаев, бас продюсері - Әлия Назарбаева.

                     Фильмдегі негізгі сюжет аналық махаббатының құдіреті жөнінде. Ананың басындағы қайғы – бір халықтың қасіреті. Кішкентай баласынан айырылған ана өмір бойы үмітін үзбей баласын көруді аңсайды, сол арманына  ақыры жетеді. Есейген ұлы көптеген қиыншылықтардан өтеді, оның ішінде балалар үйі, соғыс, әскери тұтқындар лагерінің сұмдықтары. Барлық қиыншылықтарды жеңіп, өз үйіне, анасы мен сүйіктісіне оралады. «Happy end» көрерменге жақсы әсер қалдырады.

        • «Тәуелсіз  Қазақстан-елім менің» атты әскери-патриоттық кеш
          • «Тәуелсіз Қазақстан-елім менің» атты әскери-патриоттық кеш

          • Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, отставкідегі полковник Ракимкулов Айтжан Кәдірқұлұлы 10 сыныптар арасында әскери-патриоттық саптық ән байқауын ұйымдастырып өткізді. Оқушыларымыз «Атамекен», «Көк Тудың желбірегені», «Жаса, Қазақстан!», «Сарбаздар»атты патриоттық әндерді шырқап, саппен жүрді. Қонақтардан құралған әділ қазылар алқасы оқушылардың дайындықтарын бағалап келесі орындарды берді: Гран При – 10 «А» сыныбы, І орын – 10 «С», ІІ орын – 10 «В», ІІІ орын – 10 «Д» сыныбы. Жеңімпаздарға грамоталар мен медальдар тапсырылды.

            Сонымен бірге лицей директоры Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.

            «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертхана, Алматы қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Қоғамдық ұйымдарын үйлестіру Кеңесінің атынанҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне арналған әскери-патриоттық бағыттағы рухани-адамгершілік тәрбие берудегі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қосқан үлесі және білім беру жүйесіндегі шығармашылық табыстары үшін лицей әкімшілігі мен мұғалімдері Алғыс хатпен марапатталды.

        • «Тәуелсіз  Қазақстан-елім менің» атты әскери-патриоттық кеш
          • «Тәуелсіз Қазақстан-елім менің» атты әскери-патриоттық кеш

          • 2016 жылғы 14-желтоқсанда Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде

            Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Отанымыздың дамуына, өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген азаматтар шақырылды.

        • UNIST университетімен байланыс
          • UNIST университетімен байланыс

          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысына үлкен назар аударылады.  Себебі мамандық, университет таңдау бүкіл өмірлеріне, болашағына әсер етеді. Қазақстандағы және шетелдегі университеттер туралы көптеген мағлуматтар беріледі.  9 желтоқсанда  Корей мемлекетінде орналасқан UNIST университетінің өкілдері биыл да келіп, оқушыларға қажетті ақпарат берді,  мазмұнды презентация жасады.  

            Кездесу барысында оқушылар профессорларға сауалдар қойып, толық мәлімет алды.

        • Медицина университетінде ашық есік күні
          • Медицина университетінде ашық есік күні

          • 2016 жылғы 9 желтоқсанда С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде «Ашық есіктер күні» өтті. Біздің лицейден оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Сегізбаева Ғалия Абилбаевнаның жетекшілігімен болашақта медицинаны таңдаған 11 сынып оқушылары қатысты.

              Мақсаты – кәсіби бағдар беру.

            Ашылуында Джумашева Р.Т. – б.ғ.д., профессор, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тәрбие жұмысы, әлеуметтік сұрақтар және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор қатысушыларды университеттің тарихымен және құрылымымен таныстырды.

                        Факультеттер декандары мамандықтар бойынша ақпарат берді, видеопрезентациялар жасады, қатысушылармен зияткерлік ойындар өткізді.

                        Қабылдау комиссиясының жауапты хатшы орынбасары, м.ғ.д., доцент Жанкалова З.М.  ҚазҰМУ-ға құжат тапсыру және түсу ережелерімен таныстырды.

        • Ғалыммен кездесу
          • Ғалыммен кездесу

          • Сарқытқан Қастер мырза қазақ тілінен басқа қытай, ұйғыр, жапон, ағылшын, түрік, орыс тілдерін меңгерген, сондықтан мақалаларын да аталған тілдерде жазып жүр. «Атамекен» атты өлеңдер мен әңгімелер жинағы ғалымның жанжақтылығын, әдебиет, философия, мәдениеттану ғылымдарына деген сүйіспеншілігін көрсетеді.

            Оқушылар мен ұстаздар ғалымға қызықты кездесу үшін ризашылығын білдіріп,  шығармашылық байланыста болуды ұсынды.

        • Ғалыммен кездесу
          • Ғалыммен кездесу

          • Сарқытқан Қастер негізгі және жоғары білімін Қытай мемлекетінде алған.

            1998 жылы өзінің тарихи Отанына оралып, осы күнге дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде еңбек етуде. Ұстаздық жұмысымен қатар Қазақ-қытай ғылыми-мәдени, оқу орталығының директоры қызметін атқарады.

            Кездесу барысында ғалым біздің елімізде  география ғылымының дамуы әлі де өзекті мәселе болып табылатынын өкінішпен айтты. Біраз шетел мемлекеттерінде болғандықтан бұл ғылымды дамыту бойынша көптеген материалдарды жинақтаған.   

            Дөңгелек үстелге қатысқан оқушылар мен ұстаздар географ ғалымға көптеген сауалдар қойып, нақты да мазмұнды жауаптар алды. Оның ішінде «География салалары туралы», «Географияның болашақта дамуы», «Географияның шетелде оқытылуы», «Географияны таңдаған адам қандай салаларда жұмыс атқара алады?» т.б.  «Қазақстанда осы ғылымның дамуына қосқан үлестеріңіз қандай?» деген сұраққа ғалымның берген жауабына риза болдық: «Ең бастысы адам өзінің сүйген ісімен айналысу керек, сонда қай салада жұмыс істесе де, одан пайда болады. Оқытушы болу - үлкен жауапкершілік, өзінің біліктілігін үнемі көтеріп отыру керек, әлемдегі инновациялық технологияларды зерттеуден шаршамау керек». Ғалым экономикалық және әлеуметтік география, экономикалық ғылымдар мен туризм, халықаралық қатынастар, дінтану мен саясаттану бойынша жазған еңбектерімен, мақалаларымен таныстырды. Лицей кітапханасына ағылшын тілінде жазған кітаптарын сыйлады.

        • Ғалыммен кездесу
          • Ғалыммен кездесу

          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар  лицейінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің доценті, география ғылымдарының кандидаты, PHd докторы Сарқытқан Қастермен қызықты кездесу өткізілді.

            Ғалым 8 «В» сыныбында өткен «География ғылымының тарихы» атты ашық сабағына қатысты. Аталған сабақ дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Оқушымыз Сағи Венера деректерге негізделіп, география тарихына тамаша шолу жасады. Біздің заманымызға дейін географияның рөлі туралы айтылды. Сонымен бірге ұлы географиялық ашылулар, ізденістердің басты себептері туралы да сөз қозғалды.  География пәнінің мұғалімдері Дунбаева Зәуре мен Султанова Самал кіріспе сөздерін айтып, қонақпен таныстырды.

        • Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
          • Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

          • Биыл, 2016 жыл - егемен еліміздің тарихындағы ерекше есте қалар жыл, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы! Елімізді дүр сілкіндірген әйгілі Желтоқсан оқиғасына 30жыл! Тәуелсіздік құрдасы ретінде Құдайберген Айнур Әбдімүбараққызы және Керімханқызы Толқынды ортаға шақырып құттықтады

        • Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
          • Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

          • Бүгін лицейімізге осы желтоқсан оқиғасын көзімен көріп, қан майданның бел ортасында, елінің болашағы үшін күрескен ардақты қонақтар келді. Олар: Ляззат Асанованың анасы-Асанова Алтынай, Қарабаев Шора Халықұлы, Күргенова Күміс Әбдіхалымқызы, Толымбек Жортулы Байжүнісұлы. 

        • Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
          • Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан

          •      Бүгін біздің еліміздің сан жылдар бойы армандаған, ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылған  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан» атты кездесу кеші болды. 

    • Login