News
«Жарқын болашақ - IХ» қазақ тілі олимпиадасы
«Жарқын болашақ - IХ» қазақ тілі олимпиадасы
Гонконг университетінің өкілдерімен кездесу
Гонконг университетінің өкілдерімен кездесу
Лицейімізде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы үнемі жүргізіледі. Әлемдегі озық тәжірибелерімен әйгілі университеттер туралы мәлімет беріледі. 2017 жылғы 22-23 ақпан аралығында лицейімізге Hong Kong және Polytecnic университетінің профессорлары 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, оқыту жүйесіндегі жаңа технологиялар жөнінде ақпаратпен таныстырды. Аталған жоғары оқу орындары әлемдегі үздік қатарынан орын алатыны туралы айтылды, ондағы мамандықтар мен озық жабдықтар, оқытушылардың біліктілігі, бакалавриат пен магистратура жөнінде бейнематериал көрсетіліп, оқушыларға брошюралар таратылды. Қонақтарымыз оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Біздің қыздар – робототехника чемпиондары
2017 жылғы 17-19 ақпан аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында республикалық деңгейде оқушылар арасында «Kazakhstan Robotics Challenge 2017» жарысы өткізілді.
«Mission» бағытына қатысқан 57 команданың ішінде ерекше өнертапқыштық пен конструкторлық идеялары үшін біздің қыздар жүлделі орындарға ие болды:
І орын - Ақат Ақерке - 10 «А» сыныбы, Кипшакбаева Нурфатима – 10 «В» сыныбынан алтын медальмен марапатталды;
ІІ орын - Кульясова Ажар – 10 «В», Нұрахан Алуа – 10 «В» және Омарқұлова Мадина – 10 «В», Саян Амина – 9 «В» күміс медальмен марапатталды.
Менторы, І санатты информатика пәнінің мұғалімі – Яман Эрдал Хавва.
Республикалық Робототехника жарысы
2017 жылы 18 ақпанда Астана қаласында Республикалық Робототехника жарысы өтті. Біздің лицейімізден үш топ қатысыты (Devastator, Avengers, Sirius). Жүлделі І орынды Кипшакбаева Нурфатима және Ақат Ақерке жеңіп алды. Және де екі тобымыз жүлделі екінші орындарды жеңіп алды. Оқушыларымызды және мұғалімдерімізді құттықтаймыз!!!
"Ана тілі - жүрек үні" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
"Ана тілі - жүрек үні" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
"Ана тілі - жүрек үні" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
13 ақпанда лицейде қазақ тілі апталығының ашылу салтанаты өтті. Жоспарда түрлі іс-шараларды өткізу көзделген.
Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын үйренуге оқушыларды баулу, сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді қолданылуын көрсету.
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
28.01.2017 жылы «Uztaz» кәсіби жетілдіру орталығынан «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбы бойынша лицей ата-аналары мен мұғалімдеріне баяндама оқылды. Баяндама барысында мақсат қою, жоспар жасау, кітап оқу, проблеманы анықтау, идеалогия, іске асыру, ақыл ойды дамыту, ерік-жігер т.б туралы айтылды. Әртүрлі сұрақтар қойылып, ата-аналар ме мұғалімдер жауап берді. Тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетілді.
Адамгершіліктің алты деңгейі
28.01.2017 жылы « Uztaz» кәсіби жетілдіру орталығынан Нұрлан мырза «Адамгершіліктің 6 деңгейі» тақырыбы бойынша лицей мұғалімдеріне баяндама оқылды. Баяндама барысында мақсат қою, жоспар жасау, кітап оқу, проблеманы анықтау, идеалогия, іске асыру, Абайдың 31 қара сөзі , ақыл ойды дамыту, ерік-жігер т.б туралы айтылды. Әртүрлі сұрақтар қойылып, мұғалімдер жауап берді. Тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетілді. Баяндама соңында мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.
Республикалық турнир
Республикалық турнир
Республикалық турнир
Республикалық турнир
Республикалық турнир
Республикалық турнир
Республикалық турнир
2016 жылы 21-22 қаңтар күні Волейболдан Републикалық турнир өтті
ҚАЛАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
2017 жылы 5-6 қаңтар күндері Алматы қаласы бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Аталған білім сайысына Алматы қазақ-түрік лицейінен 19 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.
Нәтижесінде, І орынды – 5, ІІ орынды – 4, ІІІ орынды 5оқушы иеленді.
Ал, осы Республикалық пән олимпиадасына қатысатын қыздарымызға сәттілік тілейміз.
Молдашева Айсара
Кескин Фатиманур
Вайитова Дильназ
Намазбаева Жұлдыз
Табарова Муниса
Жүніс Әсем
Темиргали Аяжан
АУДАНДЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
2016 жылы 8-9 желтоқсан күндері Алматы қаласы, Әуезов ауданы бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Аталған білім сайысына Алматы қазақ-түрік лицейінен 64 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде, І орынды – 9, ІІ орынды – 14, ІІІ орынды 21 оқушы иеленді. Барлығы 44 жүлде.
