• Жаңа оқу жылына 7-сыныптарға қабылдау конкурсы

    Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты жаңа оқу жылына 7-сыныптарға қабылдау конкурсын ашық деп жариялайды! 

          🎓 Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты жаңа оқу жылына 7-сыныптарға қабылдау конкурсын ашық деп жариялайды! Мектебімізде жоғары сапалы және жан-жақты білім беру бағдарламасы орныққан. Оқушыларымыздың тұлғалық әрі академиялық дамуын жетілдіру үшін 15 түрлі үйірме жұмыс жасайды, 4 тіл жетік меңгеріледі және халықаралық олимпиадаларға кіші сыныптан бастап дайындық жүргізіледі.

    ✔️Үміткерлердің құжатын қабылдау 14 мамырға дейін alkiz.edu.kzсайтында онлайн түрде жүзеге асады.       ✔️ Қабылдау емтиханы мектебімізде 14 мамыр күні сағат 10:00 өтеді. Жарқын болашақты бізбен бірге құрыңыз! 

        Біз Сіздерді асыға күтеміз!

         🎓Алматинская школа-лицей-интернат для девочек объявляет об открытии набора в 7 классы на новый учебный год! Наша школа имеет качественную и комплексную образовательную программу. Для улучшения личностного и академического развития наших учеников существует 15 различных клубов, профессионально обучают на 4 языках и интенсивно готовят к Международным олимпиадам.

    ✔️Прием кандидатов будет осуществляться онлайн до 14 мая на сайте alkiz.edu.kz.

    ✔️ Вступительный экзамен - 14 мая в 10:00. Постройте светлое будущее вместе с нами!

      Мы ждем Вас!

     

  • Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелері

             Лицейімізде 3-мамырда Отан  қорғаушы  және  Жеңіс күні мерекелеріне арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

           Бұл  мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
            9 «А» сынып оқушысы Лакимова Дилярам Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың рөлін сомдап өлең оқыды. Ал Сағи Венера «Әлия» әнін орындады.

          10 «А» сынып оқушысы Тынысбекова Эльнура соғыстан ұлын күткен «Ана монологын» мәнерлеп оқыса, Өтеген Аружан «О, аналар!» әнін орындады.

                Кешті жүргізуші, 10-сынып оқушысы Рүстемова Диана:

    «Ел үшін құрбан болғандарың үшін!

    Мәңгілік үнсіз қалғандарың үшін!

    Мәңгілік от боп жанғандарың үшін!

    Еске алып бір минут үнсіз тұрайық! – деп үнсіздік минутын жариялады.

             8-сынып оқушысы  Құралбай Аружан әйгілі «Катюша» әнін орындады, 10-сыныбының қыздары осы музыкаға би биледі.

              10-сынып оқушылары «Сарбаздар» және «Атамекен» әндерін шырқап, саппен жүрді.

              Кеш соңында «Жеңіс күні» әні шырқалды.

          Өткен аптада  Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелеріне арналған спартакиада ұйымдастырылды. Нәтижелері бойынша марапаттау өткізілді.

     

  • «The intellectuals challenge» Халықаралық Кембридж жарысы

    2018 жылы 20-23 сәуір аралығында Англияның Кембридж Университетінде  «The intellectuals Challenge Competition» (TIC)  Халықаралық  жарысы өткізілді.

    Барлығы 28 мемлекеттен 300-дей оқушы қатысты. Оның ішінде Қазақстан,  Қырғызстан,  Литва,  АҚШ, Аустралия,  Босния, Индонезия,  т.б. елдер бар.

    Біздің лицейден қатысқан 10 «Б» және  9 «С»  сыныбының оқушылары Жаңабай Адель мен  Нукпи Асыл.

    Жарыс үш кезеңнен өтті:

    • Дебат.

    • Эссе жазудан Асыл алтын, Адель күміс медальдармен марапатталды. 

    • Асыл әлеуметтік ғылымдар, Адель өнер және дизайн  олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, екеуі де І орынға ие болып, алтын медальмен марапатталды.

    Викторина ретінде өткізілген  командалық ойында да біздің қыздарымыз алтын медальдарға ие болды.

    Оқушыларға жетекшілік еткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алиева Ғазиза Дуйсенбиевна.

             Сонымен бірге оқушылар Лондондағы  Букингем сарайын, гайд саябағын аралады.

             Кембриджге деген саяхат сәтті аяқталды.

  • INFOMATRIX ASIA-2018

         2018 жылы 12-15 сәуір аралығында Алматы қаласында Сулейман Демирель атындағы университетте "INFOMATRIX  ASIA-2018" Халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өткізілді.  

          Біздің лицейден қатысқандар: 

    1. Сайфеденова Бекдана - 11 Б 

    2. Минажова Раушан 11 Б 

    3. Усманова Надираханум - 11 С

    4. Жакыпова Инкар - 11 С

    5. Чжан Юймэн - 11 Д

    6. Исаева Арайлым - 8 Б

    7. Вароль Румейса - 8 Б

    Жеңістеріңіз құтты болсын!

  • Республикалық көңілді тапқырлар лигасы

             Құттықтаймыз!  Астанада    өткен  Республикалық    КТЛ    (Көңілді   Тапқырлар Лигасында) ең мықты 7 команданың ішінен бүкіл лиганың гүлі болған Алматы қыздар БИЛ-нің командасы 9,3 баллмен жүлделі ІІІ-орынға ие болды. 

  • Data update

    Data from the software aScTimeTables was updated
  • 2018 жылғы республикалық олимпиаданың жүлдегерлері

    Лицейіміздің оқушылары республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлдегер атанды.

    15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен олимпиадада 11 «В» сынып оқушысы Табарова Муниса биология пәнінен ІІ орынға ие болып, күміс медальмен марапатталды.

    25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткен қазақ тілі олимпиадасына қатысқан 9 «С» сынып оқушысы Адхамова Муниса  ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

    Оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбаева Акерке Сайлашовна мен биология пәнінің мұғалімі Тютенова Алима Абилбековнаға алғысымыз шексіз.

    Жеңіс құтты болсын!

  • "Жарқын болашақ-Х" қазақ тілі олимпиадасы

    2018 жылғы 17 наурызда Алматы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" қыз балалар лицейінде "Жарқын болашақ-Х" қазақ тілі олимпиадасының қалалық туры өткізілді. Алматы қаласы мектептерініен 200-ден аса оқушылар әдеттегідей "ТІлші-әдебиетшілер", "Сөз шеберлері", "Жазушылар", "Жас ғалымдар", "Әнші-бұлбұлдар" бағыттары бойынша сайысқа түсті. 

    Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен ұстаздарға мадақтама мен сыйлықтар тапсырылды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар қатысушылардың жақсы дайындықтарын ескеріп, барлығына алғыс айтты.  

  • «Қазақ аруы» байқауы

    2018 жылғы 22-23 ақпан аралығында лицейімізде дәстүрлі «Қазақ Аруы» байқауы өткізілді.  Байқау 2 кезеңмен өткізілді:

    78 сынып оқушылары арасында;

    9-10 сынып оқушылары арасында. 

    Байқауға қатысатын оқушыларды сыныптастары мен ата-аналары қолдап отырды.

    Әділ қазылар алқасының шешімімен «Қазақ Аруы»  Бас жүлдесіне бір дауыстан 8 «Б» сыныбының оқушысы Айдынбекқызы Зере ие болды.

    І орын – Ерал Фатманур - 8 «В», Сапаралы Мамыр – 10 «А» сыныбы.

    ІІ орын – Елжасова Аружан – 8 «А», Амантай Айдана - 8 «С», Ауесханова 

                   Айгерім – 9 «А», Даутбаева Алтынай – 9 «Б», Рустемова Диана – 10 «Б».

    ІІІ орын – Изатуллаева Нұрай - 7 «А», Салманова Зарема – 7 «С», Тажимуратова Алия – 9 «С» сыныбы.

             Әлемге әйгілі «Отырар сазы» оркестірінің музыканты, «Жетіген» үйірмесінің жетекшісі Дайрабаева Әйгерім аналарға арналған әндерін шырқады.

                Байқауды жүргізген  9-сынып оқушылары Әбіш Аяжан мен Лакимова Дилярам мәнерлеп оқудан өз өнерлерін көрсетті.

                Лицейіміздің директоры Сегизбаева Г.А.  «Қазақ Аруы» атанған    Айдынбекқызы Зереге «күміспен қапталған, алтынмен апталған»  тәжіні табыстады.

  • Алғыс айту күні

  • 4 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы

    2018 жылғы 23-24 ақпан аралығында Павлодар  қаласында

    IBCһO  4 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы өткізілді.

    Лицейіміздің 10- сынып оқушысы Темиргали Аяжан  ІІІ орынға

    ие болып,  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Дипломы және сертификатымен марапатталды.

    Мұғалімі Елюбаев Олжас  Едилканулы Павлодар облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

  • Шахматтан қалалық жарыс

    Республикалық «Sport FEST Kazakhstan» спартакиадасының қалалық шахмат жарысы 2018 жылғы 24 ақпанда М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицейінде өткізілді.

    Жарысқа Алматы қаласының сегіз ауданынан оқушылар қатысты.   

    Лицейіміздің 8 «С» сыныбының оқушысы Әжмұхан Дариға

    ІІІ орынға ие болып, Диплом, медаль және кубокпен марапатталды.

  • ХХІІІ Халықаралық симпозиум

    2017 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласындағы Каспий университетінде «Психологические проблемы смысла жизни и АКМЕ» тақырыбында ХХІІІ Халықаралық симпозиум өткізілді. Ұйымдастырушылар – Мәскеудегі Ресей Білім академиясының Психологиялық институты, Алматыдағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясы, «QZ» Халықаралық оқу орталығы, Қазақстан және Орта Азиядағы отбасы Институты.

    Симпозиумды жүргізген – Попова Татьяна Анатольевна, психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеудегі психоанализ Институтының оқытушысы.

    Екінші Қазақстандық жастар секциясына біздің оқушыларымыз да қатысты. Асхатқызы Мариям – 7 «Б» сынып оқушысы, 10-11 сынып оқушылары Альмухамбетова Жания, Досмагамбетова Адель,  Искакова Элина, Калижан Айя, Лыкова Марья, Мубаракова Карина,  Нургожаева Гаухар, Тазабекова Данель симпозиумда қаралған мәселелерді талқылауда белсенділік танытып, өз пікірлерімен, ойларымен бөлісті. Асхатқызы Мариям «Өмірдің мәні мен отбасы» тақырыбында баяндама жасады, симпозиумға қатысушылардың сұрақтарына қиналмай жауап берді.

    Оқушыларымыз осы симпозиумға қатысуды ұйымдастырған лицей психологы Асланова Мадинаға алғысын білдірді.

  • Аудандық және қалалық олимпиада

    25 қарашада өткізілген мектепішілік олимпиаданың нәтижесінде 81 оқушы Әуезов аудандық олимпиадасына қатысты. 2  турдан тұратын 7-8 желтоқсанда өткізілген  Әуезов аудандық           олимпиададан 
    31 оқушымыз  жүлделі оралды. 
    Оның ішінде  I  орын - 8,   
    II  орын - 5,  III  орын – 18.
    5-6 қаңтардағы қалалық олимпиадада 11 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды.
    І орын -1.       ІІ орын – 2.    
    ІІІ орын – 8.
    «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  қатысатын республикалық       олимпиадаға 
    3 оқушымыз жолдама алды.

  • Шахмат жарысы

    2017 жылғы 10 қарашада  Әуезов ауданы №122-мектепте өткізілген аймақтық шахмат жарысында оқушыларымыз Әжмұхан Дариға – 8 «С», Чайза Алуа – 8 «Б», Балманова Томирис – 9 «С» сыныбынан жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

                2017 жылғы 14 қарашада  №173 лицейде Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы»   Әуезов ауданы оқушыларының арасындағы ХХІ аудандық спартакиада аясында шахмат жарысын өткізді.

    Оқушыларымыз Әжмұхан Дариға – 8 «С», Балманова Томирис – 9 «С» сыныбынан жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

  • Bolashak

    Our  11th  grades  on Bolashak International  Educational  Fair.

  • Fantastic talent

    2018 жылғы 28 қаңтарда оқушылар арасында "Fantastic talent» атты  ХІV Республикалық шығармашылық сайысы өткізілді.

       Лицейіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Спорттық би» үйірмесінің жетекшісі Курманова Гүлдананың дайындаған «Queen team»  бишілер тобы қатысты.

    «Imagination» биін тамаша орындап І орынға ие болған 7, 8, 9 сынып оқушыларымыз  Бекет Аяжан, Алимгазинова Асема, Амантай Айдана, Кашкинбаева Дарига, Кадырбаева Аяна, Ренчбер Бетюль, Изатуллаева Нұрай, Серікқызы Ажар, Елтоқ Шұға, Анай Хадиша, Жолдыбай Сафиянұр, Жунусканова Алуа, Ержанқызы Жанел, Мақұлбек Дана, Меңлібай Нұрай, Мухтарханова Жасмин, Алдабергенова Айгерім, Бийсеит Дарья, Акел Хатидже, Даутбаева Алтынайды құттықтаймыз.

    Жеңімпаздар Грамота және медальдармен марапатталды.

  • Қазбек Қашқабаевпен кездесу

    2018 жылғы 5 ақпанда лицейімізде Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі, «Балалық шақпен қоштасу»  хикаятының авторы Қашқабаев Қазбекпен  кездесу өткізілді.

    Лицейді үздік бітірген Қазбек мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Кембридж университетінде білім алды.

    Білім-менеджмент саласының магистрі.  «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының атқарушы директоры. Қазақ-түрік лицейлерінің директоры қызметін атқарды.

    «Айқын» газетінде жарияланған «Балаңызға қандай кітап оқытасыз?»  атты мақаласы көптеген оқырмандардың назарын аударды.

    Кездесуге 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кітапты алдын ала оқып, авторға сұрақтарын қойды. Бір үзіндісіне тамаша көрініс дайындады.

    Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясындағы ұлттық рухани құндылығымызды жаңғырту осы кітапта айтылып өткен киелі Түркістан, Қазығұрт тауына саяхат жасау  жастарды өз елінің, жерінің тарихын тануға, патриотизмге үндейді.

    Кітаптың алғысөзін «Арманы алға жетелесін!» тақырыбымен жазған Сұлтан Қалиұлы  - балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар әдебиеті секциясының төрағасы.

    Қазбек болашақта бұл хикаят трилогияның бірінші бөлімі болмақ және қазіргі таңда ағылшын тіліне аударып жатқаны туралы оқырмандарымен бөлісті.  

    Лицей әкімшілігі, оқушылар жазушы қонағымызға шығармашылық шабыт тілеп, жаңа туындыларын асыға күтетінін айтты.

  • Би байқауы

    2018 жылғы  28 қаңтарда «Ғұмырдария» конкурсына 10 жыл толуына байланысты Х Республикалық «Жырлайды жүрек» аттты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының «Би» номинациясы бойынша Бас жүлдегер атанған лицейіміздің 8 «Б»  сыныбының оқушысы Айдынбекқызы Зере Дипломмен марапатталды.

     Аталған байқауға қосқан үлесі үшін музыкалық жетекшіміз Нургулова Жанна Дипломмен марапатталды.

  • "Қазақ тілі-ғажап тіл" қазақ тілі мен әдебиеті пәндер апталығы

    Қазақ тілі апталығының ерекше сәттері.

page:
  • Ш.Беркімбаева атындағы "Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты"
    11 шағын аудан, Щепетков көшесі 11
  • 8(727) 303‒65‒93
Number of visits: 1079142