News

          • ХХІІІ Халықаралық симпозиум

          • 2017 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласындағы Каспий университетінде «Психологические проблемы смысла жизни и АКМЕ» тақырыбында ХХІІІ Халықаралық симпозиум өткізілді. Ұйымдастырушылар – Мәскеудегі Ресей Білім академиясының Психологиялық институты, Алматыдағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясы, «QZ» Халықаралық оқу орталығы, Қазақстан және Орта Азиядағы отбасы Институты.

            Симпозиумды жүргізген – Попова Татьяна Анатольевна, психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеудегі психоанализ Институтының оқытушысы.

            Екінші Қазақстандық жастар секциясына біздің оқушыларымыз да қатысты. Асхатқызы Мариям – 7 «Б» сынып оқушысы, 10-11 сынып оқушылары Альмухамбетова Жания, Досмагамбетова Адель,  Искакова Элина, Калижан Айя, Лыкова Марья, Мубаракова Карина,  Нургожаева Гаухар, Тазабекова Данель симпозиумда қаралған мәселелерді талқылауда белсенділік танытып, өз пікірлерімен, ойларымен бөлісті. Асхатқызы Мариям «Өмірдің мәні мен отбасы» тақырыбында баяндама жасады, симпозиумға қатысушылардың сұрақтарына қиналмай жауап берді.

            Оқушыларымыз осы симпозиумға қатысуды ұйымдастырған лицей психологы Асланова Мадинаға алғысын білдірді.

          • Аудандық және қалалық олимпиада

          • 25 қарашада өткізілген мектепішілік олимпиаданың нәтижесінде 81 оқушы Әуезов аудандық олимпиадасына қатысты. 2  турдан тұратын 7-8 желтоқсанда өткізілген  Әуезов аудандық           олимпиададан 
            31 оқушымыз  жүлделі оралды. 
            Оның ішінде  I  орын - 8,   
            II  орын - 5,  III  орын – 18.
            5-6 қаңтардағы қалалық олимпиадада 11 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды.
            І орын -1.       ІІ орын – 2.    
            ІІІ орын – 8.
            «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»  қатысатын республикалық       олимпиадаға 
            3 оқушымыз жолдама алды.

          • Шахмат жарысы

          • 2017 жылғы 10 қарашада  Әуезов ауданы №122-мектепте өткізілген аймақтық шахмат жарысында оқушыларымыз Әжмұхан Дариға – 8 «С», Чайза Алуа – 8 «Б», Балманова Томирис – 9 «С» сыныбынан жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

                        2017 жылғы 14 қарашада  №173 лицейде Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы»   Әуезов ауданы оқушыларының арасындағы ХХІ аудандық спартакиада аясында шахмат жарысын өткізді.

            Оқушыларымыз Әжмұхан Дариға – 8 «С», Балманова Томирис – 9 «С» сыныбынан жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

          • Bolashak

          • Our  11th  grades  on Bolashak International  Educational  Fair.

          • Fantastic talent

          • 2018 жылғы 28 қаңтарда оқушылар арасында "Fantastic talent» атты  ХІV Республикалық шығармашылық сайысы өткізілді.

               Лицейіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Спорттық би» үйірмесінің жетекшісі Курманова Гүлдананың дайындаған «Queen team»  бишілер тобы қатысты.

            «Imagination» биін тамаша орындап І орынға ие болған 7, 8, 9 сынып оқушыларымыз  Бекет Аяжан, Алимгазинова Асема, Амантай Айдана, Кашкинбаева Дарига, Кадырбаева Аяна, Ренчбер Бетюль, Изатуллаева Нұрай, Серікқызы Ажар, Елтоқ Шұға, Анай Хадиша, Жолдыбай Сафиянұр, Жунусканова Алуа, Ержанқызы Жанел, Мақұлбек Дана, Меңлібай Нұрай, Мухтарханова Жасмин, Алдабергенова Айгерім, Бийсеит Дарья, Акел Хатидже, Даутбаева Алтынайды құттықтаймыз.

            Жеңімпаздар Грамота және медальдармен марапатталды.

          • Қазбек Қашқабаевпен кездесу

          • 2018 жылғы 5 ақпанда лицейімізде Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі, «Балалық шақпен қоштасу»  хикаятының авторы Қашқабаев Қазбекпен  кездесу өткізілді.

            Лицейді үздік бітірген Қазбек мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Кембридж университетінде білім алды.

            Білім-менеджмент саласының магистрі.  «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының атқарушы директоры. Қазақ-түрік лицейлерінің директоры қызметін атқарды.

            «Айқын» газетінде жарияланған «Балаңызға қандай кітап оқытасыз?»  атты мақаласы көптеген оқырмандардың назарын аударды.

            Кездесуге 7-сынып оқушылары қатысты. Оқушылар кітапты алдын ала оқып, авторға сұрақтарын қойды. Бір үзіндісіне тамаша көрініс дайындады.

            Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясындағы ұлттық рухани құндылығымызды жаңғырту осы кітапта айтылып өткен киелі Түркістан, Қазығұрт тауына саяхат жасау  жастарды өз елінің, жерінің тарихын тануға, патриотизмге үндейді.

            Кітаптың алғысөзін «Арманы алға жетелесін!» тақырыбымен жазған Сұлтан Қалиұлы  - балалар ақыны, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Балалар әдебиеті секциясының төрағасы.

            Қазбек болашақта бұл хикаят трилогияның бірінші бөлімі болмақ және қазіргі таңда ағылшын тіліне аударып жатқаны туралы оқырмандарымен бөлісті.  

            Лицей әкімшілігі, оқушылар жазушы қонағымызға шығармашылық шабыт тілеп, жаңа туындыларын асыға күтетінін айтты.

          • Би байқауы

          • 2018 жылғы  28 қаңтарда «Ғұмырдария» конкурсына 10 жыл толуына байланысты Х Республикалық «Жырлайды жүрек» аттты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының «Би» номинациясы бойынша Бас жүлдегер атанған лицейіміздің 8 «Б»  сыныбының оқушысы Айдынбекқызы Зере Дипломмен марапатталды.

             Аталған байқауға қосқан үлесі үшін музыкалық жетекшіміз Нургулова Жанна Дипломмен марапатталды.

          • Республикалық спорт жарысы

          • 2018 жылы 13 қаңтарда Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері арасында Республикалық спорт жарысы өткізілді.

            Ұйымдастырушылар - «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорлары.

            Турнир шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі түрлерінен өткізілді.

            Республикалық турнирдің ашылуы «Ақсай» ықшам ауданында орналасқан Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатында өтті.

            Турнир Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен басталды.

             «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ вице-президенттері А. Сел мен Н. Төлебаев ашылу салтанатында алғы сөздерін айтып, қатысушыларға жеңіс тіледі. Мақсаты – салауатты өмір салтын, спортты насихаттау.

            Қыз балалардың турнирі Сүлейман Демирел атындағы колледжінде өткізілді.

            Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті.

            Біздің лицейіміздің қыздары да жүлделі орындарға ие болды.

            Шахматтан:

            1. Әжмұхан Дариға – І орын, 8 «С» сыныбының оқушысы

            2. Калижан Айя – ІІІ орын, 11 «Б» сыныбы

            Тоғызқұмалақтан:

            1. Есеркеп Алсу – ІІ орын, 11 «А» сыныбы

            2. Доскалиева Майра – ІІІ орын, 8 «Б» сыныбы

            Үстел теннисінен:

            1. Сенченко Амина – І орын, 7 «С» сыныбы

            2. Ахмадулла Малика -  «Жақсы ойнағаны үшін» номинациясы,  10 «Б» сыныбы.

            Жеңімпаздарға  Дипломдар, сертификаттар мен медальдар тапсырылды.

            Сонымен бірге естелік ретінде әр қатысушыға сыйлық берілді.

          • Тепло charity

          •           Құрметті лицейіміздің оқушылары! Біз үлкен қуанышпен “Тепло charity”- мен бірге лицейіміздің атынан екі қорап ашылғанын xабарлаймыз! Ашылуы 2018 жылдың 19- қаңтар күні «Достық Плаза» және «Москва» ойын-сауық орталықтарында өтті.

                    Әдетте біз керек емес кимейтін киімдерді, аяқ-киімдерді, сәнді керек жарақтар мен кітаптарды қайда апаруды білмейміз. Енді осы ойын-сауық орталықтарына барғанда, керексіз заттарыңызды өзіңізбен алып барып, осы қораптарға сала аласыз. Кейіннен барлық заттар мұқтаж жандарға таратылады.

                   Сіздер лицейімізде ұйымдастырылған барлық жәрмеңкелер мен іс-шараларда жиналған ақша тек қайырымдылыққа жұмсалғанына көз жеткізе аласыздар. Күндеріңіз сәтті өтсін!

          • Тарих және география пәндерінің апталығы

          •        2017 жылғы 11-15 желтоқсан аралығында лицейде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – болашақтың кемел кілті» тақырыбында тарих және география пәндерінің апталығы өткізілді.

            Апталықты өткізудегі мақсат – оқушылардың білімдерін тереңдетіп, тарих, география  пәндеріне деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

            Апталық барысында тарих пәнінің мұғалімдері Байбатырова Баршагүл, Кельгенбаева Айжан, Тургумбаева Ақбота, география пәнінің мұғалімдері  Кенжебаева Жанна, Султанова Самалдың ұйымдастыруымен интеллектуалдық сайыстар, постер қорғау, білім көрмесі,  қызықты кездесу өткізілді.

            Апталықтың жоспары бойынша «100 керемет тұлға» интерактивтік сайысы 8-сыныптар арасында өткізілді.

            12 желтоқсанда лицей әкімшілігі ҚР Тәуелсіздігіне арналған Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізді. Қонақтарымыздың ішінде Асанова Алтынай –Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанованың анасы, Карібжан А.Ә. – ақын, Қарабаев Ш.Х. - Нархоз университетінің доценті, Көпебаева М.Ә. - Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы, Мухамеджанова У.Ж. - №1 Алматы мемлекеттік педколледжінің оқытушысы, Кантаева Н. - лицейіміздің кітапхана меңгерушісі.

            «Шындық іздеп шарқ ұрған Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін» мәнерлеп оқу байқауында І орын 7 «Б» сынып оқушысы Эрал Фатманурға,

            ІІ орын 8 «А» сыныбынан  Әбдімажит Жауһар мен 9 «Б» сыныбынан Саймасай Құралайға, ІІІ орын 9 «А» сыныбының оқушысы Лакимова Дилярам  мен 7 «А» сыныбынан Изатуллаева Нұрайға берілді.

            Алашордаға 100 жыл толуына арналған «Мақсатқа жету жолында» тақырыбында өткізілген конференцияға 9-сыныптар қатысты.  Белсенділік танытқан оқушылар: Артығалина Ә., Мақашева Г., Мингирова А., Сапарбек Е.

            9-10 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысын өткізді. Жүлделі орындарға 9 «Б» сынып оқушылары ие болды. Олар: І орын алған Саймасай Құралай, ІІ орын – Бакубай Жұлдыз, ІІІ орын – Алимова Жанель.

             «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды сайысқа қатысып, жеңімпаз атанған 9 «Б» сынып оқушысы Бакубай Жұлдыз. «География әлеміне саяхат» атты Білім жәрмеңкесіне қатысқан  8, 9, 10 сынып оқушыларының арасында І орынға ие болған 10 «Б», ІІ орын - 10 «А», ІІІ орын – 8 «Б»,  8 «С», 9 «С» сыныптары.

            «Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!» тақырыбындағы презентациялар жарысында 10 «А» сынып оқушысы Мусипова Қымбат, 8 «Б» сынып оқушылары Айдынбекқызы Зере мен Исаева Арайлым ерекшеленді. Апталық соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

          • БИЛИНГВАЛ курсы

          • ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ««USTAZ» Professional Learning Centre» қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мектептерінен  физика, химия, биология, информатика пәндерінің 44 мұғалімі біздің лицейде өткен «Билингвалды пән мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша 2017 жылы 11 сәуір - 15 желтоқсан аралығында ағылшын тілінде 480 сағаттық курстан өтті.

            Мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейлері Халықаралық CEPT тестінің В1 дәрежесіне жетті. Курс соңында мұғалімдер 2 сертификатқа ие болды: «USTAZ» Professional Learning Centre және CAMBRIDGE  ENGLISH Language Assessment.

            Оқыту барысында  ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Бикенина Гузалия, Турель Байрам, Есельбаев Рауан, практикалық кезеңін өткізген   информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Гульназ, химия пәнінің мұғалімдері Елюбаев Олжас, Сыздыков Асқар,  биология пәнінің мұғалімі Кусаинова Айгерім жаңашыл технологияларды қолданып, заманауи талаптарға сай сабақ берді.

             2017 жылғы 13 желтоқсанда лицейде «Билингвалды пән мұғалімі» курсына қатысқан мұғалімдерге арналған «Үш тілде білім беру – заман талабы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Бұл іс-шара  аталған курстың қорытындысы ретінде өткізілді.   

            Мұғалімдер курстың ұйымдастырушыларына және сабақ берген тренерлерге өз ризашылықтарын білдірді.

          • Метеостанцияда

          •        2017 жылғы 28 қарашада география пәнінің мүғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна алдын ала «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігімен келісіп, 8 «А» мен «Б» сынып оқушыларын практикалық сабақ ретінде Алматы қаласындағы метеорологиялық станцияға экскурсия жасады.

              Оқу бағдарламасына сәйкес «Қазақстан климаты» тарауы бойынша «Қазақстанда ауа температурасының, атмосфералық қысымның, жауын-шашынның, қар жамылғысының өзгеруі» тақырыбын оқушыларға нақты жеткізу мақсатында метеостанциясының маманы Жансая Кенжебекқызы экскурсия барысында құнды ақпараттармен таныстырды. Станцияның аймағында орналасқан ауаны бақылайтын және болжам жасайтын қондырғыларды көрсетті.

                     Оқушылар үшін бұл сабақтың әсері мол, нәтижелі болды. Жансая Кенжебекқызы мен Жанна Онгарбековна көптеген сұрақтарға жауап берді.

          • Психология күні

          • 2017 жылғы 25 желтоқсанда лицейіміздің психологтары Машанло Замира мен Асланова Мадина «Психология және өзін-өзі тану» күнін қызықты ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 7,8,9 сыныптар қатысып, белсенділік танытты.

            Мақсаты – психология саласында оқушылардың білімдерін тереңдетіп, «Өзін-өзі тану» пәніне деген қызығушылығын арттыру, адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, бір-біріне сүйіспеншілігін арттыру.

            Фойеде психологияға қатысты ойындар, түрлі викториналар өткізілді.

            7-сыныптар «Мен өмірді сүйемін!» атты суреттер көрмесін жасады, сөзжұмбақтар шешті.

            8-10-сыныптар «Письмо учителю про мою жизнь через 10 лет» тақырыбында эссе жазды, психологиялық квест-ойынына қатысты.

             9-сыныптар түрлі жобалар дайындады. Оның ішінде зейінге арналған, тұлғаны анықтау тестілері. Riversi, Q-bits, Djenga – логикалық ойлау ойындары, сонымен бірге құм, оригами, арт, мандала терапиясы.

            Лицей әкімшілігі белсенділік танытқан және жеңімпаз оқушыларды Мадақтама және сыйлықтармен марапаттады.

      • Login