2015 жылғы 12 қыргүйекте лицейде Отбасы күніне арналған қызықты, ұмытылмас мерекелік іс-шаралар өткізілді.Мерекелік шараны лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза құттықтау сөзімен бастады.Лицей ауласы әсем безендірілген. Ауа райы тамаша! 7 сынып оқушылары отбасымен түскен суреттерді арнайы тақтаға іліп, галерея жасады. Бұл іс-шара бір-бірімен жақын танысуға мүмкіндік берді.Сонымен бірге мерекеге арнайы шақырылған ата-аналар қыздарымен бірге «Анам, әкем және мен» спорттық эстафетасына қатысты.



«Би» үйірмесінің жетекшісі Алимбетова Меруерт барлық қыздарға қазақтың ұлттық киімін кигізіп, «Қара жорға» биіне флэшмоб жасады. Қыздарымыздың інілері мен сіңлілері де қосылып бірге биледі.
Жаңадан келген 7 сынып оқушылары Аяжан, Еңлік және Аружан өз өнерлерін көрсетіп, қазақ және ағылшын тілдерінде ән айтты. Барлығы қыздарымызға риза болып қошемет көрсетті. Ата-аналар да өз лебіздерін айтып, ризашылығын білдірді.Белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар таратылды.
Мерекенің соңында барлығы асханада жайылған дастарханның басында жиналды.
8с, 9с, 10а сынып жетекшілері Орынбасарова Әйгерім, Исмаилова Айнұр және Буйюкалчин Ясемин тәрбиешілермен бірге оқушылар мен ата-аналарды саябаққа серуендеуге шақырды, бірге киноға барып, отбасы мерекесін тамаша өткізді.
