News

        • Республикалық Робототехника жарысы
          • Республикалық Робототехника жарысы

          •           2017 жылы 18 ақпанда Астана қаласында Республикалық Робототехника жарысы өтті. Біздің лицейімізден үш топ қатысыты (Devastator, Avengers, Sirius). Жүлделі І орынды Кипшакбаева Нурфатима және Ақат Ақерке жеңіп алды. Және де екі тобымыз жүлделі екінші орындарды жеңіп алды. Оқушыларымызды және мұғалімдерімізді құттықтаймыз!!!

        • "Ана тілі - жүрек үні" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы
          • "Ана тілі - жүрек үні" атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы

          • 13 ақпанда лицейде қазақ  тілі апталығының ашылу салтанаты өтті. Жоспарда түрлі іс-шараларды өткізу көзделген.

            Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын үйренуге оқушыларды баулу, сабақтарда жаңа технологиялардың  тиімді қолданылуын көрсету.

        •  «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»
          • «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі»

          • 28.01.2017 жылы «Uztaz»  кәсіби жетілдіру орталығынан  «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбы бойынша лицей ата-аналары мен мұғалімдеріне баяндама оқылды.  Баяндама барысында  мақсат қою, жоспар жасау, кітап оқу, проблеманы анықтау, идеалогия,  іске асыру, ақыл ойды дамыту, ерік-жігер  т.б  туралы айтылды. Әртүрлі сұрақтар қойылып, ата-аналар ме мұғалімдер жауап берді. Тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетілді. 

        • Адамгершіліктің алты деңгейі
          • Адамгершіліктің алты деңгейі

          •             28.01.2017 жылы « Uztaz»  кәсіби жетілдіру орталығынан Нұрлан мырза  «Адамгершіліктің 6 деңгейі» тақырыбы бойынша лицей мұғалімдеріне баяндама оқылды.  Баяндама барысында  мақсат қою, жоспар жасау, кітап оқу, проблеманы анықтау, идеалогия,  іске асыру, Абайдың 31 қара сөзі , ақыл ойды дамыту, ерік-жігер  т.б  туралы айтылды. Әртүрлі сұрақтар қойылып, мұғалімдер жауап берді. Тақырыпқа байланысты видеороликтер көрсетілді. Баяндама соңында мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

      • Login