News

        • «ТІЛГЕ  ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ  ҚҰРМЕТ» фестивалі
          • «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» фестивалі

          • Қазақстан халқы тілдер күніне орай 22-қыркүйекте лицейде фестиваль өткізілді.

            Мақсаты - баулу, ұлтаралық қатынастарды дамыту.

            Лицейде оқу төрт тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.Осыған орай 8-9 сыныптарға аталған тілдер мен қытай және корей тілдерінде ақпарат табуға тапсырмалар берілді. Таңдаған тілде өлең, ән айту, сол ұлттың биін орындау, салт-дәстүрлерін көрсету.

        • «ТІЛГЕ  ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ  ҚҰРМЕТ» фестивалі
          • «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ» фестивалі

          •  Оқушылар ұлттық киімдерді киіп, өз тілдерінде өнерлерін көрсетті. Ойындармен қатар қабырға газеттерін шығарды. Караоке арқылы әр тілде әндер шырқалды. 9 «Б» сыныбының қыздары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, домбырамен тамаша күй шертсе, 9 «А» сыныбының оқушылары көпшілікке қытай шайын дайындады. 8 «А» мен 8 «С» сыныптары түрік және корей халықтарының ұлттық билерін орындады. Ал 8 «Б» мен 9 «С» сыныптары ағылшын және орыс тілдерінде қызықты танымдық ойындарды өткізді.

        • Отбасы күні
          • Отбасы күні

          • 2017 жылғы 16 қыркүйекте лицейде Отбасы күніне арналған

            7-сыныптар арасында дәстүрлі «Әкем, анам және мен – спорттық отбасы» атты спорттық-сауықтыру іс-шара өткізілді.

            Іс-шара әсем безендірілген лицей ауласында өтті. Оқушылар өз отбасыларымен түскен суреттерден арнайы фотогалерея жасады.

            Хордың орындауындағы«Ана, әке» атты әсем әнге барлық қатысушылар қосылды. «Спорттық би» үйірмесінің жетекшісі Курманова Гүлдана қазақтың ұлттық «Қара жорға» биіне флэшмоб жасады, спорттық жаттығулар өткізді. Ата-аналарымыз да белсенділік танытып, қыздарымен бірге биледі.

            Дарынды қыздарымыз «Анашым», «Тек алға!» әндерін орындады.

            Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Тәңірбергенова Замира ұйымдастырған «Көңілді эстафетаға» әр сыныптан үш команда қатысты. Жарыстардың ішінде секіртпемен секіру, обручты белден айналдыру, доппен жарыс, «Кім жүйрік»ойындары болды. Әр команданың өз жанкүйерлері де жақсы қолдап отырды.

            Нәтижесінде әділқазылар алқасы І орынды 7 «А», ІІ орынды 7 «Б», ІІІ орынды 7 «С» сыныбына берді. Номинациялар бойынша да марапаттау болды.

            Іс-шараның соңында барлығы асханада жайылған мерекелік дастарханның басында жиналды.

        • Білім күні
          • Білім күні

          • Салтанатты жиында жетістіктерге жеткен лицей мұғалімдері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

        • Білім күні
          • Білім күні

          •  

            Жан-жақтан қуанышты, бір-бірін сағынған дауыстар, қыздардың сыңғырлаған әсем күлкілері естіледі.

        • Білім күні
          • Білім күні

          • Ата-аналарымыз Кабдула Алима мен Тоқмұрзаева Ұлбосын баршаны жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жақсы тілектер айтты.

        • Білім күні
          • Білім күні

          • Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі лицейге түсерде емтиханнан ең жоғары балл алған 7 сынып оқушысы Сенченко Аминаға тапсырылды.

        • Білім күні
          • Білім күні

          •  

            2017 жылғы 2-қыркүйекте cағынышқа, шаттыққа толы Білім күні өткізілді. 
            Салтанатты жиын «Мен – өз елімнің патриотымын» атты бейнефильмнен басталды.

        • «49 IChO  химия олимпиадасы»
          • «49 IChO химия олимпиадасы»

          • 2017 жылы 6-15 шілде аралығында Тайландтағы Nakhon Pathom қаласында 49 IChO Халықаралық химия олимпиадасы өткізілді.

            Олимпиадаға барлығы 76 мемлекет қатысты, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Грузия, Ресей, Украина,  Австрия, АҚШ, Англия, Германия,  Қытай,   Франция, т.б..

            Қазақстан командасын ұйымдастырған «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы.

            Әлемнен қатысқан 300 қатысушылардың ішінде лицейіміздің биылғы түлегі Жүніс Әсем жүлделі ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

            Химия пәнінің мұғалімі  Елюбаев Олжастың оқушыны дайындаудағы  еңбегі зор.

        • Аттестаттарды салтанатты тапсыру
          • Аттестаттарды салтанатты тапсыру

          • 2017 жылғы 12 маусымда лицейде түлектер кеші салтанатты түрде өткізілді.

            66 түлекке аттестат тапсырылды. Оның ішінде 8 «Алтын белгі» және 19 үздік бітірушілер. «Алтын белгі» иегерлері: Жунусова Асем, Кусаинова Әнел, Молдашева Айсара, Намазбаева Жұлдыз, Эфенди Эльван, Абильмажинова Ляззат, Ахметжан Әйгерім, Сәбитбекова Еркежан. Кешімізге оқушылардың ата-аналары да қатысып, мұғалімдерге, лицей әкімшілігіне жақсы лебіздерін айтып, ризашылығын білдіріп, қыздарға ақжол тіледі.

            Биылғы оқу жылы Алматы қаласы бойынша 413 оқушы «Алтын белгі» иегерлері атанды. 14 маусым күні «Royal Tulip Almaty»  отелінің салтанатты залында Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбек пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі  Эльмира Суханбердиева аттестаттарды табыс етті.

            Біздің түлектеріміздің біразы оқу жылы аяқталмай жатып, еліміздің және шетелдегі мықты университеттерінің студенті атанды. Оның ішінде Жүніс Әсем – Назарбаев  университетімен қатар Корея университетіне түсті. Намазбаева Жұлдыз, Нұрғазы Сымбат, Курманова Асия  Назарбаев  университетіне түсті. Молдашева Айсара, Қасымбекова Алуа  Корея университетіне, Сейлханова Мөлдір, Тұрлықұл Әсел Гонконг университетіне, Эфенди Эльван Түркия университетіне, Масанчи Тамилла Қытай университетіне  оқуға түсті.

             Лицей мұғалімдері өз шәкірттерінің армандары орындалуына керемет тілектер айтты.

        • Сыңғырла, соңғы қоңырау!
          • Сыңғырла, соңғы қоңырау!

          • Соңғы қоңырау сәтіне де түгел, жақсы табыстармен, мол жетістіктермен келгенімізге ризамыз.

                        Салтанатты жиынға әдеттегідей ата-аналар да қатысты. Әсіресе 11-сынып оқушыларының өздері де, ата-аналары да толқуда. Түлектерді қарсы алайық! Биыл барлығы 66 түлегіміз лицейімізді бітірмекші:

            11 «А» сыныбы - 21 оқушы. Сынып жетекшісі- Буйюкалчин Мурат, тәрбиешісі - Өмірбекова Саида.

            11 «В» сыныбы - 21 оқушы. Сынып жетекшісі - Ата Доне, тәрбиешісі - Сайлаубаева Адина.

            11 «С» сыныбы - 22 оқушы. Сынып жетекшісі - Татыкаева Мунаввар, тәрбиешісі - Әбделі Меруерт.

            Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын тапсырған түлектер: Әбдіғұлова Ақжан, Әуесбек Диана, Намазбаева Жұлдыз. Ал қабылдаған 10-сыныптың үздік оқушылары: Ибрашева Айнур, Мирбекқызы Алина, Сатыбалды Балжан, Шакиртханова Назира.

             Салтанатты жиын ҚР Гимнін орындаумен басталды. Лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза оқушылар мен ұстаздарды және ата-аналар мен қонақтарды құттықтап, үздік оқушылар мен олимпиада және ғылыми жарыстарының жүлдегерлерін марапаттады. Сонымен бірге аталған оқушыларды дайындаған ұстаздар да марапатталды.

                 Қоңырау соғу рәсімі 7 «В» сынып оқушысы, оқу озаты, республикалық олимпиадаға қатысушы Ваитова Дильназға тапсырылды.

             

        • Париждегі  фестиваль
          • Париждегі фестиваль

          • 2017 жылғы 9-16 мамыр аралығында әлемдегі ең сұлу, ұмытылмас қалалардың бірі Франция мемлекетінің астанасы Парижде IFLC – Халықаралық тіл және мәдениет фестивалі өтті.

            10 шақты мемлекет, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Ресей, Румыния, Сенегал, т.б. өздерінің өнерлі, дарынды балаларын жіберді. Біздің лицейден 8 «А» сынып оқушысы Өтеген Аружан және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубесова Майра қатысты.

            Аружан қазақ халқының әндерін орындады, ұлттық киім үлгілерін көрсетті.

            Франциядағы Қазақстан Республикасы елшісінің кеңесшісі Сыздықбеков Ғабит өз жерлестерін жылы қабылдады.

            Сонымен бірге Франция сенаторы Хелен Конуэй-Муремен кездесті. Оқушыларға сыйлықтар мен сертификаттар берілді.

            Фестивальді ұйымдастырушылар керемет қонақжайлылығын көрсетті.

            Қатысушыларға әлемге әйгілі Эйфель мұнарасын, Триумфал доғасын, Нотр-Дам де Пари, Люксембург және Версаль сарайларын, т.б. тарихи және мәдени орындарын көрсетті, Сена өзенімен аралатты.

            Аружан мен Майра апай мұндай тамаша мәдени саяхатқа жібергені үшін лицей әкімшілігіне алғыстарын білдірді.

        • Австралия фестивалі
          • Австралия фестивалі

          • 2017 жылғы 6-16 мамыр аралығында біздің оқушылар ең кішкентай материк және ең үлкен арал Австралияның Мельбурн қаласында өткен IFLC – Халықаралық тіл және мәдениет фестиваліне қатысты.

            Мақсаты – әлемдегі жастардың достастығын нығайту, әр ұлттың өнерін дәріптеу.

            Фестивальға қатысқан 20 шақты мемлекеттің ішінде Қазақстан, Ресей, Украина, АҚШ, Франция, Германия, Румыния, Индонезия, Сауд Арабиясы, т.б. өздерінің дарынды балаларын жіберді.

            Лицейімізден 18 қызымыз қатысты: Акбулут Назлы, Амангельдиева Аруна, Анвар Гулия, Аскар Шарипа, Ата Айша Мине, Ашимова Салима, Бақыт Алуа, Демир Нургуль Бейза, Кадырова Данисса, Кескин Фатиманур, Кипшакбаева Нурфатима, Куракбаева Лаура, Қамза Елдана, Маратова Айжан, Оспан Аружан, Саги Венера, Сайфеденова Бекдана, Үнлүтүрік Латифе және Тараз ер балалар лицейінен 12 оқушы.

            Оқушыларымыз қазақ және түрік халықтарының әндері мен билерін аса шеберлікпен орындады. «Қара жорға» биіне үлкен қошемет көрсетілді.

            Әнші қызымыз Сағи Венера Парламент қабылдауында болды.

            Фестиваль ұйымдастырушылары оқушыларға Австралияның әсем жерлерін аралатты. Әсіресе оқушыларды қызықтырған кенгуру саябағы. Себебі бұл жануар тек Австралияда мекендейтіні анық. 

                        Оқушыларымыз фестивальдан керемет әсермен оралды.

        • ҚБО олимпиадасы
          • ҚБО олимпиадасы

          • Қазақ тілі /қазақ тобы/:

            1. Әбдімәжіт Жауһар – 7 «А» - ІІ орын, күміс медаль
            2. Амирова Айгерім – 7 «А» - ІІ орын, күміс медаль

            Қазақ тілі /орыс тобы/:

            1. Адхамова Муниса – 8 «С» - І орын, алтын медаль
            2. Вайитова Дильназ – 7 «В» - ІІ орын, күміс медаль
            3. Акбулут Мәлике – 7 «В» - ІІІ орын, қола медаль
            4. Гайденрайх Регина – 9 «С» - ІІІ орын, қола медаль
            5. Лакимова Дилярам – 8 «А» - ІІІ орын, қола медаль
            6. Машурова Дильназ – 8 «В» - ІІІ орын, қола медаль

            Орыс тілі:

            1. Субхангулова Амина – 8 «С» - ІІ орын, күміс медаль

            Ағылшын тілі:

            1. Жаңабай Адэль – 9 «С» - І орын, алтын медаль
            2. Турсунова Малика – 8 «С»- ІІ орын, күміс медаль
            1. Жолдыбаева Амина – 9 «С» - ІІІ орын, қола медаль

            Түрік тілі:

            1. Эминова Айлин – 7 «С» - ІІІ орын, қола медаль

            География:

            1. Сейтканова Жамиля – 7 «С» - І орын, алтын медаль

            Химия:

            1. Туруспекова Айгерім - 7 «В» - ІІ орын, күміс медаль
            2. Варол Румейса – 7 «В» - ІІІ орын, қола медаль
            3. Темиргали Аяжан – 9 «С» - ІІІ орын, қола медаль

             

            Осындай табыстарға жеткізген мұғалімдеріне алғысымыз шексіз.

        • ҚБО олимпиадасы
          • ҚБО олимпиадасы

          •          2017 жылғы 7-9 мамыр аралығында Алматы қаласы мен Тараз қаласында Қазақстан Білім олимпиадасы өткізілді. Ұйымдастырушы – «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры. Республикадағы барлық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінен 4000 астам оқушылар іріктеу кезеңіне қатысты. Алматыда СДУ және Мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша, Таразда гуманитарлық-қоғамдық пәндерден олимпиада өткізілді.

            Лицейімізден барлығы 24 оқушы қатысты. Оның ішінде 17-сі жүлдегер атанды.

        • Learning programm Kids A-Z
          • Learning programm Kids A-Z

          • 2016-17 оқу жылы қыркүйектен бастап Learning programm

            Kids A-Z   7-8-9 сыныптарда «Leveled books» арқылы жүргізіледі.

            Мақсаты – оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, ағылшын тілінде қосымша кітаптарды оқуға бейімдеу, лексикалық қорын байыту. Кітаптар мазмұны көптеген бағыттарды қамтиды. Оның ішінде тарих, әдебиет, жаратылыстану ғылымдары, өнер, спорт.

            Үздік оқырмандарға лицей әкімшілігі тарапынан мадақтамалар мен сыйлықтар берілді:

            7 А – Ата Сена

            7 А – Чайза Алуа

            7 В – Азимова Айша

            7 С – Капесова Мерей

            8 А – Сарсенбаева Камила

            8 В – Изатуллаева Асем

            8 В – Саймасай Құралай

            9 А – Аскарбек Салтанат

            9 А – Боздаг Элиф

            Сонымен бірге 7-8 сынып оқушылары ағылшын тілінде кітап оқуда белсенділік танытты.

        • Көктем аруы
          • Көктем аруы

          • Қатысушылар жақсы дайындықтарын көрсетті. Әсіресе «Сән көрсету» бағытында қыздар қағаздан, газеттен, тіпті қоқыс салатын пакеттерден сәнді киімдер жасап көрсетті. Сонымен бірге тез арада өздері дайындаған салаттың ішінен тауысты да көрдік. Оқушылардың фантазиясында шек жоқ.

                        Байқауға қатысатын оқушыларды сыныптастары мен ата-аналары, әжелері қолдап отырды.

            Жүргізуші Сағи Венера 1 мамыр мейрамымен баршаны құттықтап, тамаша ән орындады.

                            Байқау кезеңдерінің арасында әр халықтың ұлттық билері орындалды.

            Байқау нәтижелері төмендегідей:

            «Көктем аруы-2017»  бас жүлдеге бір дауыстан ие болған Ерғасқызы Жұлдыз, 7 «С».

            І орын – Саймасай Құралай, 8 «В» сыныбы.

            ІІ орын – Кусепбаева Лаура, 9 «С» сыныбы.

            ІІІ орын – Құралбай Аружан, 7 «А» сыныбы.

            8 «А» сыныбының оқушысы Асет Аймер «Өнерлі ару»,  ал 7 «В» сыныбының оқушысы Булатова Альбина «Шебер ару» номинацияларына ие болды.

    • Login