Биыл, 2016 жыл - егемен еліміздің тарихындағы ерекше есте қалар жыл, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы! Елімізді дүр сілкіндірген әйгілі Желтоқсан оқиғасына 30жыл! Тәуелсіздік құрдасы ретінде Құдайберген Айнур Әбдімүбараққызы және Керімханқызы Толқынды ортаға шақырып құттықтады
News
Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
Бүгін лицейімізге осы желтоқсан оқиғасын көзімен көріп, қан майданның бел ортасында, елінің болашағы үшін күрескен ардақты қонақтар келді. Олар: Ляззат Асанованың анасы-Асанова Алтынай, Қарабаев Шора Халықұлы, Күргенова Күміс Әбдіхалымқызы, Толымбек Жортулы Байжүнісұлы.
Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан
Бүгін біздің еліміздің сан жылдар бойы армандаған, ғасырлар бойы найзаның ұшымен, ерлеріміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндірген желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік бастауы –Желтоқсан» атты кездесу кеші болды.
"Елім менің" патриоттық ән байқауы
28 қараша күні Алматы қыз балалар лицейінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Елім менің" патриоттық ән байқауы болып өтті. Қыздарымыз өз өнерлерін ортаға салды.
Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесу
Алматы қыз балалар лицейінде қарашаның 25 жұлдызында ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, академик Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесу болып өтті.
Лицей оқушылары тек елімізде ғана емес, шет елдерде де білікті ғалым ретінде танымал тұлға Асқар Жұмаділдаевпен кездесуді үлкен қуанышпен қарсы алды. Кездесу барысында лицейде өтіп жатқан математика апталығы аясында ұйымдастырылған «Білім көрмесін» тамашалады.
Асқар Серқұлұлы оқушыларға өзінің балалық шағы, ғылымда ашқан жаңалықтары, көптеген басылымдарда жарияланған ғылыми мақалалары, шешімін таппаған есептерді қалай шешкендігі жөнінде сыр шертті. Сонымен бірге туған жері туралы, дүние жүзін аралаған сапарлары, шетелдік оқу орындарында жұмыс істеген кездері жөнінде әңгімеледі. Бірақ соңғы жылдары Сулейман Демирел Университетінен шақырту алып, елге қайта оралғанын айтып өтті.
Ғалым оқушыларға тілдің адамдар арасындағы басты қатынас құралы екенін, оның өмірде шешуші роль атқаратынын айта келіп, лицейдегі 4 тілде білім алу үдерісін қолдайтынын, көп тілді білудің нәтижесінде шет елдерде білім алып жүрген жастарымыздың көптігіне тоқталды.
Сонымен қатар біздің күнделікті пайдаланып жүрген ұялы телефонымыздың ол кісі үшін маңызды еместігін, ғылымнан, жұмыстан бос уақытында адамдармен әңгімелесіп, өлең шығарып, бассейнге барып, салауатты өмір салтын ұстанатындығын айтып өтті.
Кеш соңында лицей директоры Х.И.Акбулут мырза бүгінгі кездесудің қадірлі қонағы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевты биыл асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтап, уақытын бөліп келіп, сұхбаттасқанына лицей ұжымы және оқушылар атынан ризашылығын білдірді.
Асқар Жұмаділдаевты тек математика саласының білгірі ретінде ғана емес, өмірлік принциптері мен мінезінің ерекшелігі жағынан да бірегей жан екендігіне көз жеткіздік.
Оқушылардың кездесуден алған әсері мол болды, «Тәуелсіз қазақ елінің ғылымдағы жетістіктерін әлемдік деңгейде таныта білген Асқар ағамыздай ғалымдар шыға бергей!» деген ризашылық пен мақтаныш сезімі көңілдерінде ұялағаны сөзсіз.
Қарттар үйі - қатал тағдыр… Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы. Қарттар үйі… Бұл — қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын.
24 қараша күні Алматы қыз балалар лицейінің оқушылары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, 25 қайырымды іс: «Мейірімді жүрек» акциясын ұйымдастырып, Алматы қаласы Мамыр- 7 ықшам ауданында орналасқан Ардагерлер үйіне барып қайтты.
Барудың мақсаты - қарттардың туған күндерімен құттықтап, көңіл күйлерін көтеру, әңгімелесу болатын. Мұндағы әр ата-әженің тағдыры бір дастан, жазылмаған тарих, өшпес өнеге. Санамыздағы сан сұраққа жауапты қарттардың көзінен көрдік. Ата-анасын тастаған безбүйрек балаларға ренжідік. Көңілдері жүдеу секілді.
Мұнда лицей оқушылары жылда келеді.Туған күн иелеріне ақ дастарқан жайып,әкелген сыйлықтарымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Ата-әжелердің көңілдері көтеріліп, оқушылармен бірге ән айтып, би билеп, қазіргі жастарға тілектерін, баталарын беріп, ризашылығын білдірді.
Қайырымдылық істеріңіз қабыл болсын деп, қол бұлғап, көздеріне жас алды.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай "Мейірімді жүрек" акциясын ұйымдастырды
Алматы қыз балалар лицейі 23 қарашада "Мейірімді жүрек" акциясы аясында дамуында өзгешелігі бар адамдарды жұмыспен қамтитын әлеуметтік жоба - Training cafeсіне барып қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. «Training Cafe» — мүмкіндігі шектеулі балаларға шексіз мүмкіндік сыйлайтын жер. Олай дейтініміз, адамдармен қарыс-қатынас, мейірім және жылу олар үшін аса маңызды. Бұл кафенің өзгелерден айырмашылығы — ақыл-есінде ауытқушылығы бар жастар қызмет көрсетеді.
Университетпен байланыс «Назарбаев Университеті»
2016 жылы қарашаның 8 жұлдызында Алматы қыз балалар лицейіне Назарбаев университеті келіп, оқушыларға университет алдындағы дайындық бағдарламасы туралы Астана өкілдігінен Ләйлә Нигикова түсіндірді. Университет 2010 жылы Астанада ашылып, осы күнде жоғары деңгейде жұмыстарын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.Балдейшн бағдарламасы бойынша жұмыс атқарып, Отау, бакалавриат, магистратура, доктурантура, инженерия мектебі, ғылым және технология мектебі, робот және мехотроника, әлеуметтік ғылымдар, әлем тілдері факультеттері туралы айтып өтті.
Оқуға түсу кезеңдерін айтып, конкурс туралы: APTIS, NUFYP Entrance Test, IELTS туралы әңгімеледі.
Университет туралы видеофильм көрсетілді. Оқуды қаржыландыру түрлері бойынша: «Назарбаев Университет» оқу гранты, «Абай Құнанбаев» гранты, «Ыбырай Алтынсарин» гранты туралы толық түсіндірді.
Астана қаласында Білім инновация лицейлеріндегі « Өзін-өзі басқару» ұйымдарының Президенттер форумы басталды
Астана қаласындағы өзін-өзі басқару ұйымдарының жетекшілер арасындағы «Мен өз білім ошағымның көркеюіне қандай үлес қоса аламын?» тақырыбындағы «Жас көшбасшы 2016» форумы жоғары дәрежеде өткізілді. Оқушылар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты-Бақытбек Смағұл ағамызбен кездесіп, жалпы оның шығармашылығы мен болашақтағы өзгерістер жайлы танысып өтті.
«Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл ағалары патриоттық тәрбиеге байланысты және өмірлік тәжірибесінен парламент ғимаратында тәрбие сағатын өткізіп, өзі жазған кітабына қолын қойып сыйға тартты.
11.11.2016ж лицей оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары президенттерінің Республикалық форум аясында ҚР БЖҒ вице-министрі Суханбердиева Эльмира Амангелді қызымен кездесті.
Лицейіміздің Президенті Сауытбекқызы Талшынға сәттілік тілейміз!
«31а MOSTRATEC» олимпиадысы
Лицейіміздің 11 сынып оқушысы Айша Мине Ата Бразилияда Портуалегри қаласында «UNW method in inequaiites» проектісімен халықаралық деңгейде өткен «31а MOSTRATEC» олимпиадасына қатысып бірінші орынға ие болды.
Байқау XXXI Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia (Mostratec) халықаралық білім беру жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылды. Оның бағдарламасына сәйкес техникалық білім беру семинары, роботехника фестивалі, өңірлік кітап көрмесі және бірқатар мәдени, спорттық шаралар өткізілді.
ІХ аймақтық Президенттік олимпиада жүлдегерлері Тұрлықұл Әсел, Намазбаева Жұлдыз
ІХ аймақтық Президенттік олимпиадада биология пәнінен 11 сынып оқушылары Тұрлықұл Әсел жүлделі І орын , Намазбаева Жұлдыз ІІІ орынға ие болды. Сонымен қатар 11 сынып оқушысы Жүніс Әсем математика,биология,химия,физика пәндерінің қортындысы бойынша жоғары нәтиже көрсетті.
Халықаралық ғылыми жоба «MOSTRATEC»жарысы
11 сынып оқушымыз Ата Айше Мине Бразилияда өткен халықаралық ғылыми жоба «MOSTRATEC» жарысында математика пәнінен жүлделі І орынға ие болды.Оқушымыздың «UVW метод неравенств» атты жобасы конкурс ұйымдастырушылар тарапынан жоғары бағаланды.
Математика күндігі болып өтті
11.11.2016 ж лицейде математика күндігі өткізілді.Оқушылар математика күнін ағылшынша жазып, тапсырмаларды орындады.
1-тапсырма.Тапсырманы тез арада орындау: Лицей мұғалімдерінің жастарын сұрап, орта қөрсеткішін тауып, амалдарды орындау.
2-3 тапсырма. Логикалық сұрақтар
4-тапсырма.Плакатқа формулаларды дұрыс құрастырып жабыстыру.
5-тапсырма.Фигуралар ауданын және көлемін тауып жазу.
Соңында оқу ісі жөніндегі орынбасары Сегізбаева Ғалия апай тексеріп мынадай қорытындыға келді.
7А - I орын
10А - II орын
7 Б - III орындарға ие болды.
Математика апталығы қарашаның 21-25 аралығында болып өтеді.
«Жібек жолы -2016» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестивалі
2 қараша 2016 ж Алматы қаласында өткен «Жібек жолы -2016» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль байқауының 1-орын иегері Сағи Венера марапатталды. «Je taim» әнін орындады.
"Адасқандар" драмасы
Театр ұжымы бүгінгі күннің өзекті мәселесі діни экстремистік насихаттың құрбаны болып, туған жерін тастап, ойдан шығарылған «исламдық мемелекет» құру үшін Сирияға аттанған қазақ жастарының аянышты тағдырын сахналаған. Қойылым соңындағы жалған уәдеге сеніп, «жұмақ өмір» іздеп барған бас кейіпкерлердің қайғылы қазасы көрермендерді қатты тебірентті. Пьесаның тәрбиелік мәні өте жоғары, оқушыларға ой салып, қоғамда болып жатқан құбылыстарды дұрыс бағалай білуге ықпалы тиетіні сөзсіз.
«Адасқандар» драмасының премьерасы
2016 жылдың 17 қараша күні лицейдің 8-10-сынып оқушылары Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрында жүріп жатқан Қарағанды облыстық мәдени, архив және құжаттар басқармасы Халықтар Достығы Орденді С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының «Адасқандар» атты қойылымына барды. Пьеса авторы – К.Жұмабаев, қойылымның режиссері ҚР мәдениет қайраткері С.Жұмағали.
«Балдәурен» ән-би байқауы
«Балдәурен» ән-би байқауына қатысып, өскелең ұрпақтың бойына өнегелі өнер, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда атқарған еңбектері үшін Нургулова Жанна Қанатбековна алғыс хатпен марапатталды.
«Балдәурен» ән-би байқауы
12.11.2016 ж Алматы қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Балдәурен» атты-ән-би байқауында II орын иегері 7 б сынып оқушысы Айдынбекқызы Зере марапатталды.
«Қазақ киносының дарабозы», қазақ киносының атасы- Абдолла Қарсақбаевтың 90 жасқа толуына орай Оқырман конференциясы болды
Оқырман конференциясы: «Қазақ киносының дарабозы», қазақ киносының атасы- Абдолла Қарсақбаевтың 90 жасқа толуына арналды.
Конференция барысында Қазақ киносының дарабозы А.Қарсақбаевтың өмір жолы мен қазақ киносындағы еңбектерімен таныстырды. «Менің атым Қожа»-фильмінен үзінді қойылды.Фильмді оқушылар қызығушылықпен тамашалап,фильмнен алған әсерлерін бөлісті.
Осы фильмнің жалғасы ретінде 9с сынып оқушыларының қатысуымен «Қожаның педсоветте қойылған мәселесі» рөлін сомдады.
Оқушылар фильмді тамашалап, қойылымды көрген соң, Қожаның іс әрекеттерін талдады.
Оқырмандармен талдау үшін бірнеше сұрақтар қойылып,залдағы көрермендер өз пікірлерін айтты.
«Білім- инновациялық лицейлері» оқушыларының ата-аналары арасында өткізілген аймақтық волейбол жарысы
Жарысқа 10 команда қатысты:
1. Талдықорған -1,2
2. Есік
3. Өскемен
4. Сулейман Демирел колледжі
5. GALAXY
6. Ақсай -1,2
7. Алматы қыз балалар - 1
8. Алматы қыз балалар - 2
Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті. Ойын қызу өтті. Жанкүйерлер ойын бойы өз командаларын қолдап отырды. Сонымен қатар шахмат ойындарын да қызығушылықпен орындады.
Нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:
І-орын -Алматы қыз балалар лицейі
ІІ-орын – Өскемен
ІІІ-орын –Талдықорған
Сондай-ақ командалар арасынан «Ең үздік шабуылшы», «Либеро» номинацияларымен марапатталды.
Марапаттау кезінде жүлделі орындарға мадақтамалар мен кубоктар және медальдар табысталды.
