News

          • КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ

          • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорлары ұйымдастырған лицейлер оқушылары арасындағы «Көңілді тапқырлар лигасы» /КТЛ/ аймақтық кезеңі «GALAXY»  Халықаралық мектебінде 2017 жылғы 25 қарашада өткізілді.

            Аймақтық жарысқа қатысқан 6 команда:

            1. Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі – «Типикал емес»
            2. Есік «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі – «Алтын адам»
            3. Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты – «FANBAStar»
            4. СДК лицейі
            5. Сулейман Демирель колледжі – «Андай team»
            6. Талдықорған БИЛ – «Е, я приезжий».

            Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті, ойын қызу өтті.  

            Жанкүйерлер өз командаларына тамаша қолдау көрсетті.

                        Нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:

            І орын -  Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі – «Типикал емес»

            ІІ орын – СДК – «Андай team»

            ІІІ орын – Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты – «FANBAStar» командасы.

            Жеңімпаздар Диплом және кубоктармен марапатталды.

            Біздің команда мүшелері:

            1. Ауесханова Айгерим – 9 сынып
            2. Абдуллақызы Құндыз – 8 «А»
            3. Амантай Айдана – 8 «С»
            4. Жумабекова Дана – 9 «А»
            5. Иличбеккызы Айтурган – 8 «С»
            6. Машурова Дильназ – 9 «Б»
            7. Саги Венера – 9 «Б»
            8. Тунатар Адема – 9 «Б»
            9. Чайза Алуа – 8 «А»
            10. Шаймуратова Фариза – 9 «Б»

              Кеңесшілер:

            - Қамза Елдана – 11 «А» сынып оқушысы

            - Сайфеденова Бекдана – 11 «Б»  сынып оқушысы

            Команданы жеңіске жеткізген ұстаздары:

            • Алпысбаева Акерке Сайлашовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
            • Жүбекешева Жанат Таласбайқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
            • Чонаева Лаура Кахарманкызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
            • Нургулова Жанна Канатбековна– музыка жетекшісі

                  Біздің команда енді Астанада өтетін республикалық финалға қатысады.

            Ақжол,  «Типикал емес» үздік командасы!

          • Ардагерлер үйінде

          •      2017 жылғы 23 қарашада 8 «А», «Б», «С» сынып оқушылары жетекшілері Санкибаева Аида, Меңгеліс Айдидар, Султанова Самал апайларымен және ата-аналарымен бірге Алматыдағы Ардагерлер Үйіне барды. Біздің оқушыларды ол жерде тұратын ата-әжелер таниды, қыздарды құшақ жая қарсы алды. Кейбіреулері көздеріне жас алды.

                 Тәрбие жұмысының  рухани-адамгершілік бағытын жүзеге асыруда қарттар, балалар үйлеріне бару  біздің лицейде дәстүрге айналған.

                  Қыздарымыз алдын ала дайындалады, бұл кездесуге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Лицейде өздері жасаған тәттілерді жәрмеңке өткізіп сатады. Одан жиналған қаржыға қарттарға сыйлықтар алды. Сонымен бірге концерт, қойылымдар қойды. Концерт репертуарына да қарттардың сүйікті әндерін қосуға тырысады. Оқушылар ата-әжелерді биге шақырды. Аз уақыт болса да бірге ән айтып, би билеп, көңілдері көтерілгендерін көру біз үшін бақыт. 

                   Осындай жағдайды көрген бала өз ата-анасына деген мейірімі мен сүйіспеншілігі артады деген сенімдеміз.

          • Республикалық волейбол турнирі

          •  Лицейімізде  2017 жылғы 24-25 қараша аралығында  «Білім-инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушы қыз балалар арасында волейболдан турнир өткізілді.

            Турнирдің салтанатты ашылуында «Білім-инновация» ХҚҚ тәрбие ісі жөніндегі маманы Ілияс Дастан лицейіміздің директоры Сегизбаева Галия Абилбаевна  қатысушыларды құттықтап, жеңіс тіледі.

            Лицейіміздің биші қыздары қазақтың ұлттық және спорттық билерімен қатысушыларға рух берді.

             Жарысқа 11 команда қатысты:

            1. Алматы қыз БИЛ

            2. Астана қыз БИЛ

            3. Атырау қыз БИЛ

            4. Қарағанды қыз БИЛ

            5. Қызылорда қыз БИЛ

            6. Павлодар қыз БИЛ

            7. Тараз қыз БИЛ

            8. Шымкент қыз БИЛ

            9. GALAXY  Халықаралық мектебі

            10. Жамбыл экономика және IT колледжі

            11. Сулейман Демирел колледжі

            Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті, ойын қызу өтті.  Жанкүйерлер өз командаларын қолдап отырды.

            Екі күн өткен  қызықты ойын нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:

            І орын -  Жамбыл экономика және IT колледжі

            ІІ орын – Тараз қыз БИЛ

            ІІІ орын – Қызылорда қыз БИЛ

            Жеңімпаздар медаль және кубоктармен марапатталды.

            Сонымен бірге командалық номинациялар бойынша марапатталғандар:

            • «Жеңіске құштарлығы үшін» – Атырау, GALAXY, Қарағанды, Шымкент лицейлері;
            • «Fair Play» СДК;
            • Ең белсенді команда – Астана лицейі;
            • Ең ұйымшыл команда – Павлодар лицейі;
            • «Көрермен көзайымы» – Алматы қыз БИЛ.

            Жеке номинациялар бойынша марапатталған оқушыларымыз:

            • «Үздік доп беруші» Мухит Айя /АлҚызБИЛ/;
            • «Үздік байланыстырушы» Кенжебекова Айсұлу / Тараз/;
            • «Үздік шабуылдаушы» Сламбек Жібек / Қызылорда/;
            • «Үздік тосқауылдаушы» Болатқызы Ару /Атырау/;
            • «Үздік ойыншы» Үммет Нағима /Тараз/;
            • «Үздік жаттықтырушы» Бейсекова Шынар /Тараз/

             Турнирдің жабылу салтанатына «Білім-инновация» ХҚҚ вице-президенті Толебаев Н.Н., «Өрлеу» Ұлттық орталығының директор орынбасары Суатай С.Қ., «Білім-инновация» қорының дене шынықтыру пән бірлестігінің жетекшілері Зайсанбаев Т. пен Демирель Али қатысты, жеңімпаздарды марапаттады.

                  Спортшы қыздарымыз естелікке суретке түсті.

          • «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие

          • 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы республикалық есеп беру және сайлау конференциясын өткізді.

            Конференцияға Қазақстан Республикасының көптеген облыстарынан білім мекемелерінің өкілдері қатысты. Оның ішінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің басшылары да бар.

            Конференцияда 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берілді және 2018-2019 жылдарға арналған даму бағыттары ұсынылды.  

            «Білім-инновация» және «Білім орда» Халықаралық қоғамдық қорларымен шығармашылық ынтымақтастық жасау мақсатында меморандумға қол қойылды.  

            KazFUCA  Президенті Ақшолақов Б.У. барлық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің директорларына «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие болғандарын растайтын сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды.

          • Жолда жүру Ережелерін сақтайық!

          • 2017 жылғы 21 қарашада Әуезов аудандық әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері, мемлекеттік көлік автоинспекторы, лейтенант Әли Әлишер Ренатұлымен кездесу өткізілді.

            Кездесу мақсаты – 7-8 сыныптарда өткізілетін «Жолда жүру Ережелері» курсы бойынша оқушылардың білімін тереңдету.

            Барлық адам жолда жүреді, абай болу қажеттілігін, бағдаршамға бағыну керектігін автоинспектор оқушылардың естеріне тағы салды.

            Әлишер Ренатұлы оқушыларға «Жолда жүру Ережелерін сақтайық!» тақырыбында әңгіме жүргізді, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

            Тақырып бойынша бейнематериал көрсетілді, оқушыларға нұсқаулықтар таратылды.

          • Ардагерлермен кездесу

          • Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласының аясында  2017 жылғы 14 қарашада  лицейімізде Әуезов ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ұмытылмас қызықты кездесу өткізілді.   

            Қадірлі қонақтарымыз:

            • Орлова Любовь Георгиевна – 02.03.1923ж. туған, Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбек майданының қатысушысы.
            • Непомилуева Надежда Павловна – 03.05.1928ж. туған, еңбек майданының қатысушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, ақын;
            • Багаутдинова Рабия Сиразовна – 04.01.1928ж. туған, еңбек майданының қатысушысы;
            • Ахметбекова Рауза Талыковна – еңбек майданының қатысушысы, биология ғылымдарының кандидаты;
            • Дүйсенбекова Галина Адилбековна – Қазақ ССР өнерге еңбегі сіңген қайраткері, Ардагерлер кеңесінің мәдениет комиссиясының төрайымы;
            • Сушкова Нелли Игнатьевна – 11ықшам ауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы, спорт және денсаулық комитетінің төрайымы;
            • Махметтегі Бекжан Нұрманұлы – 1969 жылғы Даманск аралы үшін  СССРҚытай шекаралық қарулы қақтығысқа қатысушы, белгілі тұлғаларды насихаттау мен ескерткіштерді қорғау комиссиясының төрағасы.

            Елбасымыз айтқандай: «Жаныңда жүр жақсы адам». Қонақтарымыз – Әуезов ауданының тұрғындары, кейбіреулері лицейіміздің қасында тұрады.

            Ардагерлер 7-8-9 сынып оқушыларымен кездесу барысында Ұлы Отан соғысы кезінде бастан кешкен қиыншылықтары туралы, соғыстан кейінгі өмірлері, жұмыстары туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

            Бұл кездесудің ерекшелігі мен маңыздылығы – мұрагерлік пен сабақтастықта.

            Қанша жасқа келсе де өмір сүруге деген құштарлығы шексіз, Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігі мол жандармен сұхбаттасу үлкен бақыт деп санаймыз.     

                  Лицей директоры Сегизбаева Г.А. қонақтарымызға ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығына аса назар аударды.

      • Login