«Жарқын болашақ» VIIІ қалалық KATEV қазақ тілі олимпиадасы 2016 жылғы 26 ақпанда Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде өткізілді.
Негізгі мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру. Ұйымдастырушылары – ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры.
Олимпиада дәстүрлі бес номинация бойынша қазақ және өзге ұлт топтарына бөлініп өткізілді: «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Тілші-әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар».
Алматы қаласының мектептерінен «Сөз шеберлері» байқауына барлығы 36 оқушы, «Тілші-әдебиетшілерге» - 27, «Жазушыларға» – 19, «Жас ғалымдарға» - 19, «Әнші-бұлбұлдар» байқауына 18 оқушы қатысты. Белсенділік танытқан Медеу, Әуезов, Жетісу аудандарының мектептері, қазақ-түрік лицейлері мен «Жас ұлан» Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп оқушылары.
Әр байқау бойынша кәсіби әділ қазылар алқасы бекітілді. Олардың ішінде: Әбдіманапова Қ. А. - Алматы қаласы білім басқармасының маманы, Суатай С.Қ. - ф.ғ.к., доцент, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» Республикалық институты директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Саметова Ж.Х. - Алматы облысы біліктірік арттыру институты деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері, оқулық авторы, Оразалиева Ж.М. - ҒӘЗ «Қалалық әдістемелік кабинетінің» әдіскері, Қазақбаев Ә.Д. -«Қорқыт ата» көне аспаптар ансамбілінің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы- композитор, Нұрғали Ораз – жазушы, Халықаралық «Махмұт Қашқари» атындағы сыйлық иегері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Смагулов Е.Б. - дәстүрлі әнші, Қайрат Байбосыновтың шәкірті, Республикалық байқауларының лауреаты, «Аршын» тобының әншісі, СДУ жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі, Тұрсын Құдайберген – ф.ғ.д., СДУ профессоры, Төлебаев Н.Н. - «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті, Гумарова А. - «KATEV» ХҚҚ әдіскер маманы, Карипов Б.С. - «Қазақстан-Заман» газетінің жауапты хатшысы, Мереке Мұқан - режиссер, сценарист, актер, Рыскелдиева Г.Д.- Ш.Смаханұлы атындағы № 62 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, оқулық авторы, Ыстыбаева Г.А. - № 140 мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қалалық олимпиадаға қатысқан оқушыларымыз жақсы дайындықтарын көрсетті. Бірақ «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші, қазылар алқасына мықтыларды таңдау оңай болған жоқ. Қатысушылардың жанкүйерлері: ата-аналары, мұғалімдері мен достары қолдап отырды.
Сол күні байқаулар бойынша нәтижелері айтылып, қалалық олимпиаданың жеңімпаздарына марапаттаулар жасалды. Сонымен бірге «Жарқын болашақ» VІIІ Республикалық «KATEV» қазақ тілі олимпиадасына қатысатын І орын алған оқушылар анықталды.
«Сөз шеберлері» байқауы бойынша:
1. Абай Бауыржан - қазақ тобы, «Жас ұлан» әскери мектебі, 11-сынып. Мұғалімі - Тілеуқабылов Қ.
2. Ковтун Вера – өзге ұлт тобы, №130 Г., 11-сынып. Мұғалімі - Жақсымбетова А.
«Тілші-әдебиетшілер» байқауы бойынша:
1. Қамза Елдана - қазақ тобы, Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі, 9-сынып. Мұғалімі - Кубесова М.
2. Өзер Айсель - өзге ұлт тобы, Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі,11-сынып. Мұғалімі - Кубесова М.
«Жас ғалымдар» байқауы бойынша:
1. Әбдіғұлова Ақжан - қазақ тобы, Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі, 10-сынып. Мұғалімі - Абуева Р.
2. Акпарова Дильнара - өзге ұлт тобы, №153 МГ.
«Жазушылар» байқауы бойынша:
1. Байділдахан Сара - қазақ тобы, №72 ЖББМ, 11-сынып. Мұғалімі - Муханова А.
2. Хван Анель - өзге ұлт тобы, №15 Г., 10-сынып. Мұғалімі – Макатова
«Әнші-бұлбұлдар» байқауы бойынша:
1. Кемелбекқызы Гүлбаршын - қазақ тобы, №156 ЖББМ, 7-сынып. Мұғалімі - Дайырбеков Е.Т.