News

        • "Арулар-асыл жандар"
          • "Арулар-асыл жандар"

          • «Би» және «Жетіген» үйірмелерінің жетекшілері Аида мен Әйгерім өздерінің өнерлерін көрсетті. Аида «Аққу» биін, ал Әйгерім өздерінің құрбыларымен бірге квартет болып, «Қазақ қызы» күйін тамаша орындап шықты. Лицей ұстаздары, ағайлар  Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін оқушылар мен апайларға арнап орындады.

        • "Арулар-асыл жандар"
          • "Арулар-асыл жандар"

          • 6 наурызда лицей оқушылары аяулы аналары мен ұстаздарын

            8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, салтанатты концерт ұйымдастырды. 

            Мұқағали Мақатаев, Қадыр Мырза Әли, Мағжан Жұмабаев ақын ағаларымыздың анаға арнаған тамаша өлеңдерімен жүргізушілер Елдана мен Анель концертті бастады. Лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза қыздар мен аналарды, ұстаздар мен қызметкерлерді құттықтады.

        • Педконсилиум
          • Педконсилиум

          • Дәстүрге айналған педконсилиум 2017 жылғы 1 наурызда өткізілді.                7-10 сынып оқушыларының ата-аналары өз қыздарының білімі,  мінез-құлқы жөнінде мағлумат алды. Пікірлесуге де мүмкіндік болды, себебі педконсилиумға барлық пән мұғалімдері, психолог қатысты. Лицей әкімшілігі мен мұғалімдер  ата-аналарды Алғыс күнімен құттықтап, өткізілген іс-шаралар бойынша бейнематериал  көрсетті.

            Түрлі жағдайлармен келе алмаған ата-аналарға қажетті ақпарат «Edupage» технологиясы арқылы электрондық нұсқада жіберіледі.

        • «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»  әдеби-музыкалық кеш
          • «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби-музыкалық кеш

          • Ақынның  тебірене жырлаған өлеңдерін  оқушыларымыз  Әбдімәжит Жауһар  «Арыз жазып кетейін», Шаймуратова Фариза  «Шеше, сен бақыттысың», Нұрлыбекова Амина «Отан», Артығалина Әйгерім «Ертең біз жол жүреміз», Лакимова Дилярам «Дала данышпаны»,  Бакубай Жұлдыз «Махамбеттер,  Абайлар-ай»,  Жеңісқызы Айтұмар «Таудағы нөсер»,  Сапарбек Еңлік «Мен-дағы өлең жазбаймын»,  Сағи Венера «Күндестік құрысын»,  Саймасай Құралай «Қара  өлең» өлеңдерін  мәнерлеп оқыды.

            Әнші қыздарымыз Сарсенбай Анель «Туған жер»,  Сағи Венера  «Туған ел», Мұратбекқызы Жанна «Саржайлау» әндерін үздік орындап шықты.
                        Жұлдыз аға мен Бақытгүл апай оқушыларға, лицей ұжымына ұйымдастырылған кездесуге жоғары баға беріп, алғысын айтты. Оқушылардың сауалдарына толық жауап берді.  Жұлдыз ағамыз өзінің шығармашылығынан өлеңін оқыды.  

            Лицей директоры Акбулут Халил  Ибрахим мырза қонақтарымызға ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығына аса назар аударды.

        • «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»  әдеби-музыкалық кеш
          • «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби-музыкалық кеш

          • Кештің қадірлі қонақтары – ақынның тұяғы, ұлы Жұлдыз  Мақатаев ағамызбен келіні Бақытгүл апайымыз.

            Кешті жүргізген қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Адешова Нұрила Қалданқызы ұлы ақынның өмірбаяны мен еңбек  жолы туралы әңгімеледі. 

        • «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»  әдеби-музыкалық кеш
          • «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби-музыкалық кеш

          • 2017 жылғы 28 ақпанда  лицейде қазақ халқының ақиық ақыны,  жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-музыкалық кеш өткізілді.   

        • Әлемді мейірімділік жақсартады
          • Әлемді мейірімділік жақсартады

          •          Өзін-өзі басқару комитетінің бұл идеясын қолдап, лицей әкімшілігі тәрбиелік мәнісі зор іс-шараның жүзеге асыруына барлық жағдай жасады. Себебі біреуге жасаған жақсылық әрқашан жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға, мейірбанды болуға үйретеді.     

        • Әлемді мейірімділік жақсартады
          • Әлемді мейірімділік жақсартады

          • Біздің өмірімізге былтырдан бері өте жақсы мейрам қосылды. Алғыс айту күні. Оқушыларымыз бұл күні көптеген адамдарға қуаныш сәтін сыйлауды ұйғарды. Өзіміздің оқушылар мен ұстаздарды, лицей қызметкерлерін құттықтап, содан кейін лицейіміздің төңірегінде, Алтынсарин атындағы көшеде жүрген адамдарға, үлкені бар, кішісі бар, барлығына рахмет айтып, тәттілерді таратып, көңілдерін көтерді.

        • «Жарқын болашақ - IХ» қазақ тілі олимпиадасы
          • «Жарқын болашақ - IХ» қазақ тілі олимпиадасы

          • 18 ақпанда біздің лицейде «Жарқын болашақ - IХ» қазақ тілі олимпиадасының іріктеу туры өткізілді. Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі, Мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Сүлейман Демирел атындағы лицей  және Galaxy халықаралық мектебінің оқушылары әдеттегідей бес номинация бойынша жақсы дайындықтарын көрсетті.

            «Тілші-әдебиетшілер» байқауына қазақ тобынан 15 оқушы қатысты.

            Жүлделі орындарға ие болғандар:

            Орны

            Аты-жөні

            Сыныбы

            Мектебі

            І

            Нүрпейісова Дамира

            11 «В»

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

            ІІ

            Қамза Елдана

            10 «А»

            ІІ

            Мұрат Әлібек 

            11 «В»

            Мамандандырылған қазақ-түрік

            мектеп-лицей-интернаты

            ІІІ

            Әбіл Ермат

            10 «В»

            Сулейман Демирел лицейі

            ІІІ

            Саяқызы Жанерке

            10 «С»

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

            «Тілші-әдебиетшілер» байқауына өзге ұлт тобынан 7 оқушы қатысты.

            Жүлделі орындарға ие болғандар:

            І

            Адхамова Муниса

            8

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

             

            ІІ

            Кескин Фатиманур

            10

            ІІ

            Гайденрайх Регина

            9

            ІІІ

            Жаббаров Мухаммед-Али

            10

            Мамандандырылған қазақ-түрік

            мектеп-лицей-интернаты

            ІІІ

            Балтаев Рустем

            10

            Сулейман Демирел лицейі

            «Сөз шеберлері» байқауы, қазақ тобының жүлдегерлері

            І

            Дилжанова Мунира

            8

            Galaxy халықаралық мектебі

            ІІ

            Әбдімәжит Жауһар 

            8

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

            ІІ

            Досбосын Әлібек

            7

            Мамандандырылған қазақ-түрік

            мектеп-лицей-интернаты

            ІІІ

            Кеңес Әлібек

            7

            ІІІ

            Жамбылова Айгерім

            10

            Galaxy халықаралық мектебі

            ІІІ

            Әбіш Аяжан

            8

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

            «Сөз шеберлері» байқауы, өзге ұлт тобының жүлдегерлері

            І

            Түрел Бетүл

            9

            Galaxy халықаралық мектебі

            ІІ

            Аляз Асия

            7

            ІІ

            Лакимова Дилярам 

            8

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

            ІІІ

            Дабаг Айшанур

            9

            ІІІ

            Машурова Дильназ

            8

            «Әнші-бұлбұлдар» байқауы, қазақ тобының жүлдегерлері

            І

            Өтеген Аружан

            8

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

             қыз балалар лицейі

            ІІ

            Өмірбекова Алуа

            11

            Galaxy халықаралық мектебі

            ІІ

            Мырзалиев Нұрсаят

            11

            Мамандандырылған қазақ-түрік

            мектеп-лицей-интернаты

            ІІІ

            Құралбай Аружан

            7

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

            ІІІ

            Сарсенбай Анель

            10

            ІІІ

            Мәлік Батырсаян

            7

            Сулейман Демирел лицейі

            «Әнші-бұлбұлдар» байқауы, өзге ұлт тобының жүлдегерлері

            І

            Кылыч Румийса

             

            Galaxy халықаралық мектебі

            ІІ

            Өзтүрік Нұршад

             

            ІІІ

            Вайитова Дильназ

             

            Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»

            қыз балалар лицейі

             

        • Гонконг университетінің өкілдерімен кездесу
          • Гонконг университетінің өкілдерімен кездесу

          •            Лицейімізде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы  үнемі жүргізіледі. Әлемдегі озық тәжірибелерімен әйгілі университеттер туралы мәлімет беріледі. 2017 жылғы  22-23 ақпан аралығында лицейімізге  Hong Kong және Polytecnic университетінің профессорлары 10-11 сынып оқушыларымен кездесіп, оқыту жүйесіндегі жаңа технологиялар жөнінде ақпаратпен таныстырды.  Аталған жоғары оқу орындары әлемдегі үздік қатарынан орын алатыны туралы айтылды, ондағы мамандықтар мен озық жабдықтар, оқытушылардың біліктілігі, бакалавриат пен магистратура жөнінде бейнематериал көрсетіліп, оқушыларға брошюралар таратылды. Қонақтарымыз оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

        • Біздің қыздар – робототехника чемпиондары
          • Біздің қыздар – робототехника чемпиондары

          • 2017 жылғы 17-19 ақпан аралығында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы Білім басқармасы мен  «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Тәуелсіздік Сарайында республикалық деңгейде оқушылар арасында «Kazakhstan Robotics Challenge  2017»  жарысы өткізілді.

            «Mission» бағытына қатысқан 57 команданың ішінде ерекше өнертапқыштық пен конструкторлық идеялары үшін біздің қыздар жүлделі орындарға ие болды:

            І орын - Ақат Ақерке - 10 «А» сыныбы, Кипшакбаева Нурфатима – 10 «В» сыныбынан алтын медальмен марапатталды;

            ІІ орын - Кульясова Ажар – 10 «В», Нұрахан Алуа – 10 «В» және Омарқұлова Мадина – 10 «В», Саян Амина – 9 «В» күміс медальмен марапатталды.

            Менторы, І санатты информатика пәнінің мұғалімі – Яман Эрдал Хавва.

      • Login