Navigation

Partners

Mon 29/4/2024

  • Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты жаңа оқу жылына 7-сыныптарға қабылдау конкурсын ашық деп жариялайды!

    🎓 Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты жаңа оқу жылына 7-сыныптарға қабылдау конкурсын ашық деп жариялайды! Мектебімізде жоғары сапалы және жан-жақты білім беру бағдарламасы орныққан. Оқушыларымыздың тұлғалық әрі академиялық дамуын жетілдіру үшін 15 түрлі үйірме жұмыс жасайды, 4 тіл жетік меңгеріледі және халықаралық олимпиадаларға кіші сыныптан бастап дайындық жүргізіледі.

    ✔️Үміткерлердің құжатын қабылдау 14 мамырға дейін alkiz.edu.kzсайтында онлайн түрде жүзеге асады. ✔️ Қабылдау емтиханы мектебімізде 14 мамыр күні сағат 10:00 өтеді. Жарқын болашақты бізбен бірге құрыңыз!

  • Лицейімізде 3-мамырда Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелеріне арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.

    Бұл мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
    9 «А» сынып оқушысы Лакимова Дилярам Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың рөлін сомдап өлең оқыды. Ал Сағи Венера «Әлия» әнін орындады.

  • 2018 жылы 20-23 сәуір аралығында Англияның Кембридж Университетінде «The intellectuals Challenge Competition» (TIC) Халықаралық жарысы өткізілді.

    Барлығы 28 мемлекеттен 300-дей оқушы қатысты. Оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан, Литва, АҚШ, Аустралия, Босния, Индонезия, т.б. елдер бар.

    Біздің лицейден қатысқан 10 «Б» және 9 «С» сыныбының оқушылары Жаңабай Адель мен Нукпи Асыл.

    Жарыс үш кезеңнен өтті:

    • Дебат.

    • Эссе жазудан Асыл алтын, Адель күміс медальдармен марапатталды.

  • 2018 жылы 12-15 сәуір аралығында Алматы қаласында Сулейман Демирель атындағы университетте "INFOMATRIX ASIA-2018" Халықаралық компьютерлік жобалар жарысы өткізілді.

    Біздің лицейден қатысқандар:

    1. Сайфеденова Бекдана - 11 Б

    2. Минажова Раушан 11 Б

    3. Усманова Надираханум - 11 С

    4. Жакыпова Инкар - 11 С

    5. Чжан Юймэн - 11 Д

    6. Исаева Арайлым - 8 Б

    7. Вароль Румейса - 8 Б

    Жеңістеріңіз құтты болсын!

  • Құттықтаймыз! Астанада өткен Республикалық КТЛ (Көңілді Тапқырлар Лигасында) ең мықты 7 команданың ішінен бүкіл лиганың гүлі болған Алматы қыздар БИЛ-нің командасы 9,3 баллмен жүлделі ІІІ-орынға ие болды.

  • Лицейіміздің оқушылары республикалық пән олимпиадасына қатысып, жүлдегер атанды.

    15-20 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен олимпиадада 11 «В» сынып оқушысы Табарова Муниса биология пәнінен ІІ орынға ие болып, күміс медальмен марапатталды.

    25-30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өткен қазақ тілі олимпиадасына қатысқан 9 «С» сынып оқушысы Адхамова Муниса ІІІ орынға ие болып, қола медальмен марапатталды.

    Оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған ұстаздары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысбаева Акерке Сайлашовна мен биология пәнінің мұғалімі Тютенова Алима Абилбековнаға алғысымыз шексіз.

  • 2018 жылғы 17 наурызда Алматы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" қыз балалар лицейінде "Жарқын болашақ-Х" қазақ тілі олимпиадасының қалалық туры өткізілді. Алматы қаласы мектептерініен 200-ден аса оқушылар әдеттегідей "ТІлші-әдебиетшілер", "Сөз шеберлері", "Жазушылар", "Жас ғалымдар", "Әнші-бұлбұлдар" бағыттары бойынша сайысқа түсті.

    Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен ұстаздарға мадақтама мен сыйлықтар тапсырылды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар қатысушылардың жақсы дайындықтарын ескеріп, барлығына алғыс айтты.

  • 2018 жылғы 22-23 ақпан аралығында лицейімізде дәстүрлі «Қазақ Аруы» байқауы өткізілді. Байқау 2 кезеңмен өткізілді:

    78 сынып оқушылары арасында;

    9-10 сынып оқушылары арасында.

    Байқауға қатысатын оқушыларды сыныптастары мен ата-аналары қолдап отырды.

    Әділ қазылар алқасының шешімімен «Қазақ Аруы» Бас жүлдесіне бір дауыстан 8 «Б» сыныбының оқушысы Айдынбекқызы Зере ие болды.

    І орын – Ерал Фатманур - 8 «В», Сапаралы Мамыр – 10 «А» сыныбы.

    ІІ орын – Елжасова Аружан – 8 «А», Амантай Айдана - 8 «С», Ауесханова

  • 2018 жылғы 23-24 ақпан аралығында Павлодар қаласында

    IBCһO 4 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы өткізілді.

    Лицейіміздің 10- сынып оқушысы Темиргали Аяжан ІІІ орынға

    ие болып, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Дипломы және сертификатымен марапатталды.

    Мұғалімі Елюбаев Олжас Едилканулы Павлодар облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

  • Республикалық «Sport FEST Kazakhstan» спартакиадасының қалалық шахмат жарысы 2018 жылғы 24 ақпанда М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицейінде өткізілді.

    Жарысқа Алматы қаласының сегіз ауданынан оқушылар қатысты.

    Лицейіміздің 8 «С» сыныбының оқушысы Әжмұхан Дариға

    ІІІ орынға ие болып, Диплом, медаль және кубокпен марапатталды.

  • 2017 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласындағы Каспий университетінде «Психологические проблемы смысла жизни и АКМЕ» тақырыбында ХХІІІ Халықаралық симпозиум өткізілді. Ұйымдастырушылар – Мәскеудегі Ресей Білім академиясының Психологиялық институты, Алматыдағы №54 Қазақстан-Ресей мектеп-гимназиясы, «QZ» Халықаралық оқу орталығы, Қазақстан және Орта Азиядағы отбасы Институты.

    Симпозиумды жүргізген – Попова Татьяна Анатольевна, психология ғылымдарының кандидаты, Мәскеудегі психоанализ Институтының оқытушысы.

  • 25 қарашада өткізілген мектепішілік олимпиаданың нәтижесінде 81 оқушы Әуезов аудандық олимпиадасына қатысты. 2 турдан тұратын 7-8 желтоқсанда өткізілген Әуезов аудандық олимпиададан
    31 оқушымыз жүлделі оралды.
    Оның ішінде I орын - 8,
    II орын - 5, III орын – 18.
    5-6 қаңтардағы қалалық олимпиадада 11 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды.
    І орын -1. ІІ орын – 2.
    ІІІ орын – 8.
    «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» қатысатын республикалық олимпиадаға
    3 оқушымыз жолдама алды.

  • 2017 жылғы 10 қарашада Әуезов ауданы №122-мектепте өткізілген аймақтық шахмат жарысында оқушыларымыз Әжмұхан Дариға – 8 «С», Чайза Алуа – 8 «Б», Балманова Томирис – 9 «С» сыныбынан жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

    2017 жылғы 14 қарашада №173 лицейде Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» Әуезов ауданы оқушыларының арасындағы ХХІ аудандық спартакиада аясында шахмат жарысын өткізді.

    Оқушыларымыз Әжмұхан Дариға – 8 «С», Балманова Томирис – 9 «С» сыныбынан жалпыкомандалық есепте І орынға ие болды.

  • Our 11th grades on Bolashak International Educational Fair.

  • 2018 жылғы 28 қаңтарда оқушылар арасында "Fantastic talent» атты ХІV Республикалық шығармашылық сайысы өткізілді.

    Лицейіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, «Спорттық би» үйірмесінің жетекшісі Курманова Гүлдананың дайындаған «Queen team» бишілер тобы қатысты.

    «Imagination» биін тамаша орындап І орынға ие болған 7, 8, 9 сынып оқушыларымыз Бекет Аяжан, Алимгазинова Асема, Амантай Айдана, Кашкинбаева Дарига, Кадырбаева Аяна, Ренчбер Бетюль, Изатуллаева Нұрай, Серікқызы Ажар, Елтоқ Шұға, Анай Хадиша, Жолдыбай Сафиянұр, Жунусканова Алуа, Ержанқызы Жанел, Мақұлбек Дана, Меңлібай Нұрай, Мухтарханова Жасмин, Алдабергенова Айгерім, Бийсеит Дарья, Акел Хатидже, Даутбаева Алтынайды құттықтаймыз.

  • 2018 жылғы 5 ақпанда лицейімізде Шымкент қазақ-түрік лицейінің түлегі, «Балалық шақпен қоштасу» хикаятының авторы Қашқабаев Қазбекпен кездесу өткізілді.

    Лицейді үздік бітірген Қазбек мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Кембридж университетінде білім алды.

    Білім-менеджмент саласының магистрі. «Тамшы» ғылым және мәдениет қорының атқарушы директоры. Қазақ-түрік лицейлерінің директоры қызметін атқарды.

    «Айқын» газетінде жарияланған «Балаңызға қандай кітап оқытасыз?» атты мақаласы көптеген оқырмандардың назарын аударды.

  • 2018 жылғы 28 қаңтарда «Ғұмырдария» конкурсына 10 жыл толуына байланысты Х Республикалық «Жырлайды жүрек» аттты Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерден жасөспірімдер мен балалар арасындағы ән-жыр байқауының «Би» номинациясы бойынша Бас жүлдегер атанған лицейіміздің 8 «Б» сыныбының оқушысы Айдынбекқызы Зере Дипломмен марапатталды.

    Аталған байқауға қосқан үлесі үшін музыкалық жетекшіміз Нургулова Жанна Дипломмен марапатталды.

  • 2018 жылы 13 қаңтарда Алматы қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлері арасында Республикалық спорт жарысы өткізілді.

    Ұйымдастырушылар - «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорлары.

    Турнир шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі түрлерінен өткізілді.

    Республикалық турнирдің ашылуы «Ақсай» ықшам ауданында орналасқан Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатында өтті.

    Турнир Қазақстан Республикасының Гимнін орындаумен басталды.

  • Құрметті лицейіміздің оқушылары! Біз үлкен қуанышпен “Тепло charity”- мен бірге лицейіміздің атынан екі қорап ашылғанын xабарлаймыз! Ашылуы 2018 жылдың 19- қаңтар күні «Достық Плаза» және «Москва» ойын-сауық орталықтарында өтті.

    Әдетте біз керек емес кимейтін киімдерді, аяқ-киімдерді, сәнді керек жарақтар мен кітаптарды қайда апаруды білмейміз. Енді осы ойын-сауық орталықтарына барғанда, керексіз заттарыңызды өзіңізбен алып барып, осы қораптарға сала аласыз. Кейіннен барлық заттар мұқтаж жандарға таратылады.

  • 2017 жылғы 11-15 желтоқсан аралығында лицейде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – болашақтың кемел кілті» тақырыбында тарих және география пәндерінің апталығы өткізілді.

    Апталықты өткізудегі мақсат – оқушылардың білімдерін тереңдетіп, тарих, география пәндеріне деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Апталық барысында тарих пәнінің мұғалімдері Байбатырова Баршагүл, Кельгенбаева Айжан, Тургумбаева Ақбота, география пәнінің мұғалімдері Кенжебаева Жанна, Султанова Самалдың ұйымдастыруымен интеллектуалдық сайыстар, постер қорғау, білім көрмесі, қызықты кездесу өткізілді.

  • ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ««USTAZ» Professional Learning Centre» қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мектептерінен физика, химия, биология, информатика пәндерінің 44 мұғалімі біздің лицейде өткен «Билингвалды пән мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша 2017 жылы 11 сәуір - 15 желтоқсан аралығында ағылшын тілінде 480 сағаттық курстан өтті.

    Мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейлері Халықаралық CEPT тестінің В1 дәрежесіне жетті. Курс соңында мұғалімдер 2 сертификатқа ие болды: «USTAZ» Professional Learning Centre және CAMBRIDGE ENGLISH Language Assessment.

  • 2017 жылғы 28 қарашада география пәнінің мүғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна алдын ала «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігімен келісіп, 8 «А» мен «Б» сынып оқушыларын практикалық сабақ ретінде Алматы қаласындағы метеорологиялық станцияға экскурсия жасады.

    Оқу бағдарламасына сәйкес «Қазақстан климаты» тарауы бойынша «Қазақстанда ауа температурасының, атмосфералық қысымның, жауын-шашынның, қар жамылғысының өзгеруі» тақырыбын оқушыларға нақты жеткізу мақсатында метеостанциясының маманы Жансая Кенжебекқызы экскурсия барысында құнды ақпараттармен таныстырды. Станцияның аймағында орналасқан ауаны бақылайтын және болжам жасайтын қондырғыларды көрсетті.

  • 2017 жылғы 25 желтоқсанда лицейіміздің психологтары Машанло Замира мен Асланова Мадина «Психология және өзін-өзі тану» күнін қызықты ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 7,8,9 сыныптар қатысып, белсенділік танытты.

    Мақсаты – психология саласында оқушылардың білімдерін тереңдетіп, «Өзін-өзі тану» пәніне деген қызығушылығын арттыру, адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, бір-біріне сүйіспеншілігін арттыру.

    Фойеде психологияға қатысты ойындар, түрлі викториналар өткізілді.

    7-сыныптар «Мен өмірді сүйемін!» атты суреттер көрмесін жасады, сөзжұмбақтар шешті.

  • Ш.Беркімбаева атындағы "Алматы қыздар мектеп-лицей-интернаты"
    11 шағын аудан, Щепетков көшесі 11
  • 8(727) 303‒65‒93
Number of visits: 1074209