News

        • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары
          • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары

          • «Еңсесі биік 25 жыл» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен «Үкілі домбыра» ансамблі марапатталды.

        • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары
          • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары

          •        «Еңсесі биік 25 жыл» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Жеке аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІ-дәрежелі дипломымен Чайза Алуа марапатталды. Сонымен қатар, «Құстар қайтып барады мекеніне» атты Республикалық шығарма байқауында ой ұшқырлығымен ерекшеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі -Аскербекова Заура. Байқау Алматы қаласы Қазақконцерт залында өтті.

        • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ
          • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ

          • Өтеген Аружан байқауда әнші Ақбота Керімбековамен бірге ән салды. Біздің мақтанышымыз Аружан осыған дейін де талай қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген өнерлі өрен. Атап айтсақ, Алматы қаласында өткен «Сағындырған әндер-ай», ІІ Республикалық «Балдәурен» ән - би айқауы, Республикалық «Ғұмырдария» ән- би байқауы, «Өркениет өрендері» атты Республикалық Тіл және мәдениет фестивальдеріне қатысып жүлделі орындарды иеленген болатын. Аружанға «Өмірде қанатың талмай Қазақстанның танымал жұлдызы болып самғай бер», - дегіміз келеді.

        • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ
          • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ

          • 2016 жылы Алматы қаласында балалар және жасөспірімдер арасында «Самға, Жұлдыз!» республикалық байқауы өтті. Қазылар алқасының тұрақты төрайымы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, әнші, продюсер Майра Ильясованың басшылығымен ұйымдастырылды. Осы сайысқа біздің лицейіміздің 8 «А» сынып оқушысы Өтеген Аружан қатысып, лицейіміздің намысын қорғап, топты жарып шығып, «Эстрада вокал» номинациясы бойынша І орын иеленді. Майра  Ильясованың қолынан сыйлық алып, дипломмен марапатталды.

        • «Қош келдің, Жаңа жыл-2017!»  мерекесі
          • «Қош келдің, Жаңа жыл-2017!» мерекесі

          • Аяз Ата мен Ақшақар, мыстан кемпір барлығының көңілдерін көтерді, тамаша өнер көрсеткен қыздарымызға сыйлықтар берілді. Концертте шырқалған әндер мен заманауи билердің орындалуы баршамызға ұнады.

            Жаңа 2017 Тауық жылы құтты болсын!

        • «Қош келдің, Жаңа жыл-2017!»  мерекесі
          • «Қош келдің, Жаңа жыл-2017!» мерекесі

          • 2016 жылы  27-желтоқсанда лицейде Жаңа жылды қарсы алу мерекесі жоғары деңгейде өткізілді. Лицей директоры Акбулут Халил  Ибрахим оқушылар мен ата-аналарды, ұстаздар мен қызметкерлерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

                     Сонымен қатар ІІ тоқсан қорытындысы бойынша үздік оқушыларды марапаттады. Оның ішінде Әуезов аудандық пән олимпиадасының 44 жүлдегері: І орынға ие болған 10 оқушы, ІІ орын - 13, ІІІ орын – 21. Өнер мен спорт саласында жеңімпаз атанған оқушыларымыз да марапатталды.  

        • Ата-аналарымыздың ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына жасаған тартуы
          • Ата-аналарымыздың ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына жасаған тартуы

          • Аналарымыздың шығармашылығы мен фантазияларынариза болдық. Көрмеге қатысқандар керемет әсер алды.

            Ата-анамыз Дәулет Ләйлә аналар арасында Қазақстан тарихы мен әдебиеті, мәдениеті мен өнеріне қатысты сұрақтар дайындап, викторина өткізді. Жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.

            Барлығы торттар мен әсем бұйымдарға тәнті болып тамашалап болған соң мерекелік көңіл-күйде ақ дастарқанға тәтті шайға шақырылды.

        • Ата-аналарымыздың ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына жасаған тартуы
          • Ата-аналарымыздың ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына жасаған тартуы

          • Алматы қыз балалар лицейінде ата-аналарға арналған түрлі клубтар сенбі сайын өз жұмысын атқарады. Оның ішінде ұлттық тағамдарды  әзірлеу, ән-би клубтары бар. Әр сенбіде ағылшын және түрік тілдерін үйренгісі келетін ата-аналар  үшін сабақтар жүргізіледі. Ал әкелер аптасына 2-3 рет жиналып, волейбол секциясына қатысады, дәстүрге айналған жарыстарды өткізеді. Ата-аналар белсенділік танытады, кездесулері достыққа айналды. Олардың ынтымақтастығы қыздарының тәрбиесіне жақсы әсерін тигізетіні сөзсіз.

            Лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған көптеген іс-шаралар өткізілуде. Аналар да мерекеге арнап

            24-желтоқсанда «тәтті күн» өткізді. Қыздарымен бірге әзірлеген торттардың  безендірілуі тақырыпқа сай, патриоттық нышаны байқалады. Үлкен махаббатпен әзірлеген торттар бір-бірінен асады. Сонымен бірге қолөнер туындыларынан  да көрме ұйымдастырды.

        • ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР
          • ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР

          • Лицейіміздің 10 сынып оқушылары Тойлыбай Аружан мен Ақат Ақерке математика пәнінен қалалық  ғылыми жоба жарысына қатысып, жүлделі І орынға ие болды. Олар қорғаған «Бақытты сандар» атты ғылыми жобасы әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды.

    • Login