News

        • СЕМИНАР: «БАЛАНЫҢ ЖАТҚАН БЕСІГІ – КЕҢ ДҮНИЕНІҢ ЕСІГІ»
          • СЕМИНАР: «БАЛАНЫҢ ЖАТҚАН БЕСІГІ – КЕҢ ДҮНИЕНІҢ ЕСІГІ»

          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде қазақ тілі апталығы басталды. Жоспарда түрлі іс-шараларды өткізу көзделген. Соның ішінде 2016 жылы 19 қаңтарда Алматы қаласы Әуезов ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған аудандық семинар  өтті.

            Мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрпын үйренуге оқушыларды баулу, сабақтарда жаңа технологиялардың тиімді қолданылуын көрсету.

            Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі Абуева Раушан Рахимжановна «Баланың жатқан бесігі – кең дүниенің есігі» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. 10 А сынып оқушылары сабақта белсенділік танытып, қатысқан мұғалімдердің көңілінен шықты, баланың дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлерді көрсетті.

            Адешова Нурила Калдановна Сингапур, Гонконг, Қытай, Ұлыбритания, Швеция, Канадада қолданылатын «Lesson Study» әдістемесі бойынша коучинг өткізді.

            Семинардың практикалық бөлімінде мұғалімдер Мереева Гүлназ Оралхановна, Кубесова Майра Есалиевна, Алпысбаева Ақерке Сайлашовна білім көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар «Ойлан, тап!», «Қызықты грамматика» және тағы сол секілді іскерлік ойындар өткізді. Әсіресе қазақ әндерін караоке арқылы  мұғалімдермен бірге қосылып айту оқушыларымызға өте ұнады.

            Білім көрмесіне «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице- президенттері  Каплан Дурсун мен Төлебаев Нұрбол, «Шың» баспасының маманы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқулықтарының авторы Ибрагимов Қанат, Алматы мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Талғар ҚТЛ, GALAXY ҚТЛ, Сүлейман Демирел атындағы колледжінің директорлары қатысты.

            Семинарға қатысқан мұғалімдердің арасында өзара тәжірибемен алмасуы нәтижелі өтті.

        • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
          • ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

          • 2016 жылы 5-6 қаңтар күндері Алматы қаласы бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Аталған білім сайысына Алматы қазақ-түрік лицейінен 23 оқушы қатысып, химия, биология, қазақ, орыс және ағылшын тілі пәндерінен өз бақтарын сынады. Нәтижесінде, І орынды – 6, ІІ орынды – 3, ІІІ орынды 3 оқушы иеленді. 5 оқушымыз Грамотамен марапатталды.

            Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылғы 10-11 желтоқсанда өткен Әуезов аудандық олимпиадада лицейімізден 57 оқушы қатысқан болатын. Оның ішінде І орынды – 10, ІІ орынды -20, ІІІ орынды -10 оқушымыз иеленген еді. Барлығы 40 жүлде.

            Ал, осы республикалық олимпиаданың Наурызда өтетін келесі кезеңіне 7 оқушымыз жолдама алды:

            Қазақ тілінен – Кескин Фатиманур мен Озер Айсел.

            Орыс тілінен – Бейсенбекова Ажар

            Ағылшын тілінен – Шамыран Бақыт

            Химиядан – Жунусова Асем

            Биология – Табарова Муниса мен Курманова Асия.

            Барлығы республикалық олимпиада жеңімпаздары болуына тілектеспіз.

        • ҚР Тәуелсіздік күніне арналған  салтанатты жиын - кездесу
          • ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын - кездесу

          • Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің!
            Таулы орман, жасыл жайлау, көлім менің.
            Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, 
            Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!!!

            2015 жылғы 11- желтоқсанда лицейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арнап Отан үшін отқа түскен, балаларының болашағы үшін өмір бойы аянбай еңбек етіп келе жатқан ардагер ағаларымыз бен апайларымызбен «Тәуелсіздік – биік Туым, айбыным!» атты  кездесу өткізілді.

            Жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаумен басталды.

            Кездесуге шақырылған аға-аталарымыз, апайларымыз:

            • Әділбек Қанатбек Сәрсенбайұлы - Әуезов аудандық "Нұр Отан" партиясының саяси бюросының мүшесі.
            • Каплан Дурсун – «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті.
            • Керімқұлов Жаңбыр ата - Ұлы Отан соғысының ардагері, жауынгер, лицейіміздің ата – анасы.
            • Мамсуров Қазбек Владимирович - Қазақстан қарулы күшінің ардагерлер Одағының Алматы қаласы бойынша төрағасы, Қазақстан Республикасы Ассамблеясының мүшесі.
            • Абдушкуров Мурат Мұхтарұлы - Алматы қаласы Әкімдігі жанындағы Ауған ардагерлері Одағының төрағасы.
            • Құрамысов Болат Ануарбекұлы - Ауған    соғысының ардагері, үйлестіру кеңесі төрағасының орынбасары. 
            • Абылкасымов Егемберді Дайырбекұлы - Ауған    соғысының ардагері.                  
            • Ефименко Сергей Николаевич - Алматы қаласы Ауған ардагерлері арасындағы мүгедектер Одағының төрағасы.
            • Сыдықова Жанар Келіспекқызы -  Әскери инженер институтының байланыс бөлімінің аға лейтенанты.
            • Жунусова Сымбат Құрмашқызы  - Әскери инженер институтының байланыс бөлімінің сержанты.
            • Мәнкібаев Алтынбек Тұрысұлы – Қазақ аграрлық университетінің профессоры, ветеринар ғылымдарының кандидаты.
            • Ракимкулов Дәуітхан Айтжанұлы – Қазақстан Республикасы ғылым академиясының профессоры, тарих ғылымының кандидаты.

            Алғашқы құттықтау сөзімен лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза салтанатты жиынды ашты. Қонақтарымыз ұлттық мерекемен оқушылар мен мұғалімдерді құттықтады, әскери кезеңдерден естеліктер айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

             Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы, отставкідегі полковник Ракимкулов Айтжан Кәдірқұлұлы 10авсд сыныптар арасында әскери-патриоттық саптық ән байқауын ұйымдастырып  өткізді.

            Оқушыларымыз «Атамекен», «Көк Тудың желбірегені», «Жаса, Қазақстан!», «Сарбаздар»  атты патриоттық әндерді шырқап, саппен жүрді.

            Қонақтардан құралған әділ қазылар алқасы оқушылардың дайындықтарын бағалап келесі орындарды берді: Гран При – 10с сыныбы, І орын – 10д, ІІ орын – 10 а, ІІІ орын – 10в сыныбы.

            10 сынып оқушысы Мөлдір Қайымбаеваның орындауында  Әбиірбек Тыналиевтің «Желтоқсан желі» әні барлығын толғандырды. Лицейіміздің "Үкілі  домбыра"    ансамблі Дәулеткерейдің  "Қосалқа" және  "Жастар биі» күйлерін жоғары деңгейде орындады. Биші қыздарымыз қазақ және түрік халықтарының ұлттық билерін шебер орындап шықты.

            2016 жылы Тәуелсіздігімізге 25 жыл толады.

            Біз осындай Ұлы дала ұрпақтарымыз, ұландарымыз!

            Біз Мәңгілік Елдің іргетасын қалаймыз!

            Мәңгілік болашаққа жол саламыз!

            Осының барлығы Тәуелсіздігіміздің тартуы, азаттығымыздың асыл қазынасы.

            Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын!

            Мәңгілік Еліміздің келбеті сәнді, еңбегі мәнді болсын!

            Барлық халқымызға берекелі бірлік пен баянды тірлік болсын!

        • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары -  «IITU Robocon Games 2015»  жарысының жеңімпаздары
          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары - «IITU Robocon Games 2015» жарысының жеңімпаздары

          • 2015 жылғы 20 желтоқсанда  химия-биология бағыты бойынша  Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында робототехника жарысы өткізілді.  

            Жарысты ұйымдастырушылар - IT Халықаралық университеті, Chevron, NIS / химия-биология бағыты/,  «ZERE жанашыр» қайырымдылық қоры.   

            Ойын тақырыбы: Eco City Robots – қаланы көгалдандыру.  

            Мақсаты – оқушылардың экологиялық тәрбиесін нығайту,  жаңа технологияларды дамыту.  Өкінішке орай, барған сайын әлем табиғаты ластануда. Экология мәселесін қазірден бастап шешкен абзал. Болашақта бұл мәселені шешуге роботтарды күні-түні жұмсауға болады. Мысалы, ағаштар мен гүлдерді егу және суару сияқты жұмыстарында. Бұл жарыста роботтар цилиндр тәріздес топырақты тыңайтатын контейнерлерді арнайы қуыс шұңқырларға апарып, салып, жиналған дәндерді егу керек. Дәндердің орнына үлкен теннис доптарын пайдаланды.   

            Алматы қаласынан барлығы 16 мектеп қатысты. Оның ішінде химия-биология және физика-математика бағыттары бойынша  Назарбаев зияткерлік мектептері, мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернаты, Республикалық физика-математикалық мектеп,  №5 мектеп-гимназия, № 166 лицей        , «Келешек - республикалық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты», Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы, №48 мектеп-лицей,  №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған мектеп-лицейі, т.б.

                      Біздің лицей командасының құрамында Тилигенова Адилям – команда капитаны, 11с сынып оқушысы, команда мүшелері: Эккарт Арина –11с, Молдағалиева Еңлік – 11а, Омарқұлова Мәдина – 9 б сынып оқушысы. Команда жетекшісі, оқушыларға бағыт беріп, үйреткен информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Гульназ Саматовна.

                      Жюри құрамына робототехника саласында қызмет ететін Қазақстан мен шетел мамандары мен ғалымдары кірді.

            Мектептің спортзалында роботтарды жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалған. Бүкіл жарыс алдын-ала таратылған Ережелерге сай өткізілді.

            Жарыс нәтижесінде І және ІІ орындар химия-биология бағыты бойынша  Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 командасына берілді. Ал ІІІ-жүлделі орынға біздің команда ие болды. Лицейде робототехника зертханасын ашу үшін 300000 теңгеге сертификат және  3D принтер сыйлыққа берілді. Барлық қатысушыларға IT Халықаралық университетіне оқуға түсуге 10%  жеңілдік беріледі.   ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

        • Математика және информатика  пәндерінің апталығы
          • Математика және информатика пәндерінің апталығы

          • 2015 жылғы 23 қараша мен 03 желтоқсан аралығында лицейде  математика және информатика  пәндерінің апталығы өткізілді.

            Аталған апталықты өткізу мақсаты – оқушылардың білімдерін тереңдетіп, математика, информатика пәндеріне қызығушылығын арттыру, зертханалық жұмыстарды жүргізу, сабақтарда  жаңа технологияларды тиімді қолдануын көрсету.

            Апталық барысында ашық сабақтар, интеллектуальдық, логикалық ойындар, викториналар, зертханалық жұмыстар, білім көрмесі, IQ тесті өткізілді.

            Математика пәнінің мұғалімдері Тулепбергенова Индира,  Кульмагамбетов Бауыржан, Буйюкалчин Мурат, Мусабаева Жамиля, Кадирова Гүлжазира  оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жұмыстарын да үнемі жүргізеді, әр сенбі сайын қосымша сабақтар өткізеді. Сонымен бірге жеке консультациялар береді.

            Информатика пәнінің мұғалімдері Алибекова Гүлназ, Эрдал Яман Хавваның жетекшілігімен робототехника саласында оқушылар өз қолдарымен жасаған роботтар мен басқа да қызық тәжірибелерді көрсетті. 

            Атап айтқанда, «Figure competition»  жарысы бойынша І-орынды иеленген 8а, ІІ-орын -8с,  ІІІ-орын -8 в сыныбы. Шығармашылықты талап ететін «Stick competition» шыбықтардан геометриялық фигураларды жасау  жарысы бойынша І-орын 9а, ІІ орын -9в, 9с, ІІІ орын 9д сыныбына берілді.  «Rubics  cube competition» кубикті тез жинау жарысы бойынша І-орынды 10а сынып оқушысы Асем, ІІ-орынды 9в сынып оқушысы Ажар, ІІІ-орынды 7в сынып оқушысы Ахаева Еңлік жеңіп алды. Көпшілікке ұнаған «Polygon competition» жарысы бойынша І-орын 10д, ІІ-орын 10а, ІІІ-орын 10с сыныбына берілді. Математика, информатика тақырыбында өткен ән жарысы  өте қызық болды. І-орын 9д, ІІ-орын 7а, ІІІ-орын 9а.  «Treasure hunt game» жарысында І-орынды 9а, ІІ-орынды –9д иеленді. «Quiz bee», «Kahoot!», «Stop motion»  ойындары тамаша өтті. Экологиялық тәрбие мақсатында оқушыларға табиғатта кездесетін геометриялық фигураларды табу, суретке түсіру тапсырмалары берілді. «ICT photography competition» жарысы бойынша І-орынды иеленген Усманова Надираханум, ІІ-орынды –Мухамеджанова Елдана,  ІІІ-орынды Альбиева Камила жеңіп алды. Олар фигураларды гүлдерден тапты. Ал «Poster competition» жарысы бойынша Бас жүлде 7с сыныбына, І-орын 7а, 8с сыныптарына, ІІ-орын 9а, 9в, 10а, ІІІ-орын 8а, 9д,10в сыныптарына берілді. «Figure dress competition» жарысында қыздарымыз бар фантазиясын көрсетті. Олар газет, қағаздардан геометриялық фигураларға ұқсайтын сәнді киім жасап киді, көпшілікке подиумда жүргендей көрсетті. Бас жүлдені 7с сыныбының оқушысы Жанель жеңіп алды. «Bottle cap art competition» бойынша 9с сыныбынан Дана І-орын, 7с сыныбынан Айша, Аружан, Бейза, Жансая ІІ-орын, 8в сыныбынан – Айдана, Лаура ІІІ- орын алды. Бөтелке қақпағынан түрлі нәрселер жасауға болатынына таңқаласыз. Информатиктер «Transformers competition» жарысын өткізді. І-орын – 10в-дан Иралина Алуа, Мамедова Фатима, Жураева Мариямға, ІІ-орын – 9с-дан Киргизбаева Маликаға, ІІІ-орын – 8в –дан Саян Аминаға берілді.

            Апталық қорытындысы ретінде өткізілген білім көрмесіне барлық сынып оқушылары, ұстаздар және ата-аналар да қатысты.

            Лицей әкімшілігі жарыс жеңімпаздарына марапаттау жасап, грамоталар мен сыйлықтар берді.

        • Қаскелеңдегі  мұражайда
          • Қаскелеңдегі мұражайда

          • 2015 жылғы 30 қарашада І тоқсан қорытындысы бойынша үздік оқитын, олимпиада, ғылыми жоба жарыстары мен спорт, өнер саласында жүлдегер атанған оқушыларымызды Тұңғыш Президент күні құрметіне марапаттау мақсатымен Алматы облысы Қаскелең қаласында орналасқан Қарасай аудандық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасалды.

            Бұл мұражайдың ерекшелігі – бұрын мектеп ғимараты болғанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім алған жер. Оқушыларымыз Қазақстан Республикасының  Президенті отырған партаны көріп таң қалды.

            Елбасының отбасын, балалық шағын, сыныптастары мен ұстаздарының, танымал жерлестерінің фотосуреттерін көріп, біраз мағлұмат алды.

            Бұл сапардан мол әсер алған оқушыларымыздың Отанға, Елбасымыз жүргізетін мемлекеттік саясатқа деген сүйіспеншілігі одан әрі артады деген сенімдеміз. 

        • Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының ата-аналары арасында өткізілген  аймақтық волейбол жарысы
          • Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының ата-аналары арасында өткізілген аймақтық волейбол жарысы

          •           2015 жылғы  29 қарашада «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен республикадағы қазақ-түрік лицейлері оқушыларының әкелері арасында аймақтық волейбол жарысы өткізілді.  

            Жарыс Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды.

                      Жарысты өткізудегі көзделген мақсат: «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарлама аясында спорттық іс-шараларды өткізу, салауатты өмір салтын насихаттау.

                      Қатысушылар Қазақстан Республикасының Гимнін орындады.

            Алматы  қазақ-түрік  қыз  балалар лицейінің директоры Акбулут Халил Ибрахим  және «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Каплан Дурсун жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтады.

            Кәсіпкер ата-ана, Алматы бизнес Ассоциациясының басқару кеңесінің мүшесі  Сатаев Орынбасар Тәжібайұлы «Волейбол спортына арнау» айтып, қатысушыларға керемет рух бергендей болды.

                      Жарысқа 11 команда қатысты:

            1.      Талдықорған  ҚТЛ -1

            2.      Талдықорған  ҚТЛ -2

            3.      Есік ҚТЛ – «Алтын адам»

            4.      Талғар ҚТЛ

            5.      Сулейман Демирел колледжі - SDC

            6.      GALAXY  ҚТЛ

            7.      Ақсай ҚТЛ - «Намыс»

            8.       Ақсай ҚТЛ

            9.      Алматы қыз ҚТЛ – «Ардагер»

            10.  Алматы қыз ҚТЛ – «Әкелер»

            11.   Алматы қыз ҚТЛ

             

                      Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті. Ойын қызу өтті. Жанкүйерлер ойын бойы өз командаларын қолдап отырды.

                   Нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:

            І-орын -  Ақсай ҚТЛ - «Намыс»

            ІІ-орын - Алматы қыз ҚТЛ – «Ардагер»

            ІІІ-орын – Талдықорған  ҚТЛ -2

            IV-орын - Талдықорған  ҚТЛ -1

                    Марапаттау кезінде жүлделі орындарға Грамоталар мен Кубоктар және медальдар, номинациялар бойынша Грамоталар, сонымен бірге барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.

        • «Қазақстан. Өркениет өрендері» би сайысына қатысу туралы
          • «Қазақстан. Өркениет өрендері» би сайысына қатысу туралы

          • 2015 жылғы 28 қарашада СДУ-дың сахнасында республикамыздағы қазақ-түрік лицейлері арасында түрік халқының ұлттық билерін орындаудан сайыс өткізілді.

            Сайысты ұйымдастырушы – «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының тарапынан Президенті Өте Дархан және Ата Мехмет Месут барлығын Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, оқушыларға табыс тіледі.

            Сайысқа қатысқандар: Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі, Талғар,  Қызылорда, Петропавл, Тараз, Шымкент  қазақ-түрік лицейлері мен Сулейман Демирел колледжінің студенттері.

            Түрік халқының билерін орындау үшін оқушылар көп ізденді, себебі қимылдары ұқсағанымен, әр бидің өзіндік қыры мен сыры, тіпті философиясы ерекше деуге болады. Түркияның оңтүстік-солтүстік немесе батыс-шығысында тұратын  халқының фольклорлық ерекшеліктерін байқауға болады.

            Оқушыларды би әлеміне тартып, көптеген уақыт тер төккізген арнайы Түркиядан шақырылған биші  Эсер Созиместің еңбегі зор екенін айтқан жөн.

            Әділ қазылар алқасының құрамына кәсіби бишілер шақырылды. Оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің режиссер-хореографы Құмаржанов Алмат Мүшелбаевич және Қырғызстан мен Түркияның танымал бишілері.

            Үлкен сайыс нәтижесінде І орын Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі мен Талғар ҚТЛ-ның ұлдарына берілді, ІІ орынға ие болған Сулейман Демирел колледжінің студенттері, ІІІ жүлделі орын Тараз қазақ-түрік лицейлерінің ұл-қыздары жеңіп алды.

            Барлық жүлдегерлерге медальдар мен сыйлықтар тапсырылды.

            Билердің арасында әнге де орын берілді. Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары Венера, Аружан, Қызылорда лицейінің оқушысы Құралай, Тараз ҚТЛ оқушысы Шыңғыс қазақ-түрік әндерін кәсіби тұрғыда орындағаны соншалықты, көрермендер оларды сахнадан жібергісі келмеді. Би сайысы үлкен концертке айналды.

            Халықаралық тіл және мәдениет фестивалінің өтілуі дәстүрге айналды. Әлем бойынша жыл сайын түрлі мемлекеттерде өткізіледі. Биылғы XIII фестиваль мамыр айында Германиядағы Дюсселдорф қаласында өтті. 150 мемлекеттен мыңдаған бала өз өнерлерін көрсетті. Оның ішінде ТМД, АҚШ, Румыния, Германия, Бельгия, Африка,  т.б.

            Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейі мен Сулейман Демирел атындағы колледжінің ұлдары бірігіп, 3-жүлделі орынға ие болды.

            Биылғы жеңімпаздарымыз да XIV фестивальға жолдама алып отыр. Оларға әлем деңгейінде Қазақстанның Туын желбіретіп, алтын медальға ие болады деген сенім артамыз.

        • Физика, химия, биология  пән апталығы
          • Физика, химия, биология пән апталығы

          • 2015 жылғы 12-16 қазан аралығында лицейде  физика, химия, биология  пәндерінің апталығы өткізілді.

            Мақсаты – оқушылардың білім аясын кеңейтіп, сабақ барысында жаңа технологиялардың қолдануын көрсету.

            Апталық барысында ашық сабақтар, интеллектуалдық, логикалық ойындар, зертханалық жұмыстар, білім көрмесі өткізілді.

            Физика пәнінің мұғалімдері Аляз Асуман, Йылмаз Гюлшан, Мухсин Шахин, химия пәнінің мұғалімдері Татыкаева Мунаввар, Елюбаев Олжас, биология пәнінің мұғалімдері Сейдахмет Зухра, Тютенова Алима ашық сабақтар өткізді. Оқушылар зертханалық жұмыстарын көрсетті.  Мысалы, Тютенова Алиманың 8а сыныбында өткізген «Рефлекс» тақырыбындағы ашық сабағында көрсеткен тәжірибелер күнделікті өмірде кездеседі және әр адамға қатысты. Май шамға саусақ тигізгенде, невропатологтың балғасын қолданғанда, т.б. көптеген жағдайларда рефлекстің түрлері анықталады. Сонымен бірге биология пәнінен 7-сынып оқушылары «Food competetion» - тағам түрлерінен  “Жануарлар әлеміне» саяхат жасады, 8-сынып оқушылары адам ағзаларынан макеттер жасады,  9-сынып оқушылары зертханалық тәжірибелерге презентация көрсетті, ал 10-сынып оқушылары логикалық сұрақтардан құралған викторина өткізді.

            Химия пәні бойынша 15 эксперимент көрсетілді. Қатысушылар да экспериментті оқушылармен бірге жасады, нәтижелерін көрді. Мысалы, көпшілікке ұнаған вулкан, крахмал тәжірибелері, «Magic milk», «Elephant’s tooth paste», «Cola, mentos», «Smoke bombe» жарыстары.

            Физикадан көрсеткен «Bridge» - макароннан жасалған көпірдің қаншалықты мықты екенін тексеруге болады. «Water rockets» - су ракеталары,  “Baloon car» - шарлардан жасаған машиналар және физика терминдерін қолданды. Рэп  айтқан оқушылардың орындауы өте қызық болды.

            Білім көрмесіне барлық сынып оқушылары, ұстаздар және ата-аналар қатысты.

        • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде  Айгүл Иманбаевамен өткізілген кездесу
          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде Айгүл Иманбаевамен өткізілген кездесу

          • 2015 жылғы 29 қазанда лицейде танымал сүйікті әншіміз, актриса, сахна жұлдызы Айгүл Иманбаевамен қызықты кездесу өткізілді.

            Кездесуге 7-11 сынып оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты.

            Айгүл Иманбаева - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының талантты кәсіби әртісі,  киноактриса, тележүргізуші, Қазақстан Республикасы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, бірнеше халықаралық фестивальдердің жүлдегері, «Азия дауысы» халықаралық конкурсының «Қазақ әндері» номинациясы бойынша Бас жүлде иесі,  жеке «А.И.» театрының директоры,

            Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжі мен Құрманғазы  атындағы консерваторияның  ұлағатты ұстазы, бұған қоса шебер пародист десек те артық болмас.  

            Алматы қаласы мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Асылжанның асыл анасы.

            Аталған кездесуді ұйымдастырғандағы мақсатымыз – оқушыларға патриоттық сезімдерін қалыптастыру мен көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие беру. Өз мемлекетінің танымал адамдарын, олардың өнерін таныту.   

            Кездесу барысында қыздарымыз бен ұстаздарымыз көптеген сұрақтар қойып жатты. Тек өнер төңірегінде ғана емес, сонымен бірге Айгүл ханымның балалық шағы, мектептегі өмірі, болашақтағы жоспарлары туралы естуді қызық көрді. Айгүл Иманбаеваның шырқаған әндері мен орындаған өлеңі керемет әсер қалдырды.  Оқушылардың сұрақтарына берген жауаптары әртістің жоғары мәдениетін, терең білімін, бай эрудициясын көрсетеді.

            Кездесудің соңында лицей директоры Акбулут Халил Ибрахим мырза барлығының атынан Айгүл ханымға алғысын айтып, шығармашылықта әрдайым биік шыңнан көрінуіне тілек білдірді.

            Оқушылар мен ұстаздар сүйікті әртісімен суретке түсіп, сэлфи жасап, біразға дейін сахнадан жібермеді.

        • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары  аудандық шахмат жарысына қатысуы
          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің оқушылары аудандық шахмат жарысына қатысуы

          • 2015 жылғы 30 қазанда   Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында ХІХ-оқушылар спартакиадасы есебінде  шахматтан аймақтық жарыс өткізілді.  

            Лицейдің 3 оқушысы, оның ішінде Сейтмағамбет Аружан – 11в сыныбы, Калижанова Айя және Махсут Анель - 9в сынып оқушылары қатысты.

            Нәтижесінде командалық жарыста біздің қыздарымыз ІІ-орынға ие болды.

        • Халықаралық деңгейдегі жетістіктер
          • Халықаралық деңгейдегі жетістіктер

          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінің 11 сынып оқушылары Есқали Гауһар, Жаңабаева Лейла және Тұрсынхан Айым математика  пәні бойынша «30a MOSTRATEC»  ғылыми жобаларының халықаралық олимпиадасына қатысып, күміс медальға ие болды. Аталған олимпиада  2015 жылғы   26-30 қазанда Бразилиядағы  Ново Гамбурго қаласында өткізілді.  

            Әлем бойынша көптеген оқушылар қатысты. Солардың ішінде біздің қыздарымыз өз жобаларын жоғары дәрежеде қорғай білді.

            Оқушыларды жоғары деңгейде олимпиадаға дайындаған математика пәнінің мұғалімі  Тулепбергенова Индираның зор еңбегін атаған жөн.

        • Регионалдық дебатқа қатысу
          • Регионалдық дебатқа қатысу

          • «GALAXY» халықаралық мектебінде 2015 жылғы 25-27 қыркүйек аралығында «Inaugural Debate Cup» регионалдық дебаты өтті. Дебат өткізудің негізгі мақсаты – оқушыларды аудитория алдында сөйлеу мәдениетіне үйрету, пікірталасқа қатысып, өзіне сыни тұрғыдан қарау, өзге адамдармен танысып,  достар табу.  Дебат түрлі тақырыптарды қозғады. Оның ішінде: «Хайуанаттарды эксперимент ретінде пайдалану. Қолдау және қарсы болу», «Ережесіз спорт», «Бейне ойындарға тыйым салған дұрыс па?».

            Әлемдегі мықты спикерлердің бірі – Англиядан келген  Райен Морган семинар мен сабақтар өткізді.

            Біздің лицейден 4 команда қатысты. Белсенділік танытқандар: Адасбек Адина -11в сынып оқушысы, Канафина Дана – 9 с, Мамедалиева Жанель – 7с, Эфенди Элван – 10а сыныбынан. Оқушыларды дайындаған – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жүбекешева Жанат.

            Дебатқа Павлодар, Петропавл, Тараз, Шымкент қазақ-түрік лицейлері,  Алматы қаласынан НЗМ, Мирас, Haileybery, Жандосов атындағы №105 гимназия,  Қырғызстан Республикасының да ҚТЛ-дері қатысты.

            Оқушылар тарапынан ең мықты спикерлерге «Best Speaker» сертификаты берілді. Ал үздік команда ретінде Алматы Назарбаев Зияткерлік Мектебіне Кубок тапсырылды.

        • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде  өзін-өзі басқару комитетін сайлау
          • Алматы қазақ-түрік қыз балалар лицейінде өзін-өзі басқару комитетін сайлау

          • 2015 жылғы  қыргүйек айында лицейде оқушылардың өзін-өзі басқару комитетін сайлау науқаны басталды.

            Өзін-өзі басқару комитетін құрудағы негізгі мақсат – оқушыларды ересектер өміріне қатыстырып, өз беттерінше шешім қабылдап, іс-шараларды өткізуге үйрету. Сол себепті жыл сайын өзін-өзі басқару комитетінің құрамы  ауысып тұрады. 10 сынып оқушыларының ішінен ұйымдастыру қабілеттеріне сай өзін-өзі басқару комитетінің мүшелері сайланады.  Үміткерлер өз бағдарламаларын көпшілікке ұсынады. Оқушылар дауыстарын өздерінің таңдаған үміткеріне береді.

            Әсіресе Президент сайлауы қызықты өтеді. Әр үміткердің  сыныптастары үлкен насихат жұмысын жүргізеді, үміткерлер туралы ақпарат береді.

            Лицей әкімшілігі  жаңа сайланатын өзін-өзі басқару комитетіне жұмыстары жемісті болуына, сонымен бірге олардан оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда үлкен көмек күтетінін, сенім артатынын айтты.

        • Педконсилиум – ата-аналармен  тиімді қарым-қатынас тәсілі
          • Педконсилиум – ата-аналармен тиімді қарым-қатынас тәсілі

          • 2015 жылғы 13-14 қазанда І тоқсан барысы бойынша ата-аналарға арналған педконсилиум өткізілді. Ата-анамен байланыс жасаудың бір түрі болып келетін педконсилиум оқушылардың білімін жақсартуға да оң әсерін тигізеді. Біздің лицейде барлық сыныптарға педконсилиум өткізу дәстүрге айналды. Ата-аналардың  өздері де қолдайды, себебі бір мезгілде барлық мұғалімдерді кездестіріп, баласының жағдайын нақты біле алады. Барлық мұғалімдер алдын ала өз пәндері бойынша әр оқушының үлгерімі, сабаққа қатысуы, сонымен бірге сыныптастары мен мұғалімдерімен қарым-қатынасы жөнінде мәлімет дайындайды.

            Мақсатымыз – ата-анамен бірлесе отырып, пікір алмасу, оқушының өсуін қадағалау. Лицей психологы мен директордың орынбасарлары да ата-аналармен әңгімелесіп, өз кеңестерін береді. Оқу ісі жөніндегі  директордың орынбасары Гелез Джавит мырза «Edupage» технологиясы ата-аналарға қажет, пайдалы екенін түсіндірді. Аталған технология бойынша әр ата-ананың электрондық поштасына күнделікті қызы туралы барлық мағлұмат жіберіледі.  Әсіресе жұмыстан қолы босамайтын немесе іссапарда көп жүретін ата-аналарға керемет мүмкіндік болып табылады.

        • Университеттер презентациясы
          • Университеттер презентациясы

          • Лицейде жоғары сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы үнемі жүргізіледі. Себебі «Болашақта кім боламын?», «Қай университетті таңдаймын?»  деген сұрақтар әр түлекті мазалайды. Сол себепті лицей әкімшілігі Қазақстандағы және шетелдегі ең мықты университеттер туралы мағлумат беруді оқу жылының басынан бастайды.

            2015-2016 оқу жылының І-жартыжылдығында  Назарбаев Университеті, СДУ, Түркия, Германияның «Jacobs» университеті мен АҚШ –ның 20 университеті, оның ішінде «Southern Utan University», «SCAD», «Emporia state University», «Boston University», «Suffolk University», «Marywood», т.б. университеттерінің профессорларымен қызықты кездесулер өткізілді. 

            Әр университеттің өкілдері көптеген мағлумат беріп, слайдтар көрсетті. Оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

            Лицей түлектері Назарбаев Университетінде, СДУ-да, сонымен бірге шетелдегі жақсы университеттерде білім алуда. Оның ішінде Ресей, Түркия, АҚШ, т.б. мемлекеттер де бар.

            Сулейман Демирел Университеті оқушыларымызды шақырып, оларға әр факультеті жөнінде толықты мәлімет береді, аудиториялар мен зертханаларын көрсетеді. Сонымен бірге лицейлерге практикадан өту үшін студенттерін жібереді.

            Лицей әкімшілігі келген қонақтарға оқушылар атынан ризашылығын білдіріп, олармен үнемі шығармашылық байланыста болуға тілектестігін білдірді.

        • «ТІЛГЕ  ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ  ҚҰРМЕТ»
          • «ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ»

          • Тілдер мерекесіне орай лицейде көптеген іс-шаралар өткізіледі. Сынып сағаттары, концерт, ата-аналармен кездесулер,  шығармалар сайысы, т.б.  Мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өзге де тілдерді оқушыларға үйрету,  ұлтаралық қатынастарды дамыту.

            22-қыркүйекте Тілдер фестивалі өткізілді. Лицейдегі оқу 4 тілде жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын, түрік.   Сондықтан 9 авсд сыныптарына осыған орай  тапсырмалар берілді. Таңдаған тілде өлең, ән айту, сол ұлттың биін орындау, салт-дәстүрін көрсету.

             Оқушылар ұлттық киімдерді киіп, өз тілінде өнерлерін көрсетті. Көрермен оқушылар, ұстаздар, ата-аналар ризашылығын білдіріп, қыздарды қолдап отырды.

            Әділ қазылар алқасы оқушылардың дайындығына қарай әділ шешім қабылдады.

            І орын – түрік тілінде дайындалған 9с сыныбы. Сынып жетекшісі – Исмаилова Айнұр.

            ІІ орын - қазақ тілінде дайындалған 9в сыныбы. Сынып жетекшісі – Буйюкалчин  Мұрат.

            ІІІ орын - орыс тілінде дайындалған 9д сыныбы. Сынып жетекшісі – Сейдахмет Зухра.

            IV орын - ағылшын тілінде дайындалған 9а сыныбы. Сынып жетекшісі – Эрдал Яман Хавва.

      • Login