Лицейімізде 3-мамырда Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелеріне арналған әдеби-музыкалық кеш өтті.
Бұл мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды.
9 «А» сынып оқушысы Лакимова Дилярам Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың рөлін сомдап өлең оқыды. Ал Сағи Венера «Әлия» әнін орындады.
10 «А» сынып оқушысы Тынысбекова Эльнура соғыстан ұлын күткен «Ана монологын» мәнерлеп оқыса, Өтеген Аружан «О, аналар!» әнін орындады.
Кешті жүргізуші, 10-сынып оқушысы Рүстемова Диана:
«Ел үшін құрбан болғандарың үшін!
Мәңгілік үнсіз қалғандарың үшін!
Мәңгілік от боп жанғандарың үшін!
Еске алып бір минут үнсіз тұрайық! – деп үнсіздік минутын жариялады.
8-сынып оқушысы Құралбай Аружан әйгілі «Катюша» әнін орындады, 10-сыныбының қыздары осы музыкаға би биледі.
10-сынып оқушылары «Сарбаздар» және «Атамекен» әндерін шырқап, саппен жүрді.
Кеш соңында «Жеңіс күні» әні шырқалды.
Өткен аптада Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекелеріне арналған спартакиада ұйымдастырылды. Нәтижелері бойынша марапаттау өткізілді.
