Жыл сайын 14 наурызда бүкіл әлем бойынша математика әуесқойлары Pi күнін өткізеді. Биыл Алматы қаласында Makerspace Almaty және ғылыми-көпшілік «OYLA» журналы да Pi күніне арнап 9-11 сынып оқушыларын брейн-ринг ойынына қатысуға шақырды.
Қатысушылардың ішінде НЗМ, Haileybury, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің оқушылары бар. Барлық пәндерді қамтитын интеллектуалдық сұрақтарға дұрыс жауап берген біздің қыздарымыз басқалардан озып шықты, нәтижесінде І орынға ие болды.
Олар:
- Кулжабаева Айдана - 9 С – «PENTAGON» командасының капитаны
- Асылбек Мадина – 9б
- Жеңісқызы Ақнар – 9б
- Саяқызы Жанерке – 10 С
- Шакиртханова Назира – 10 С
Жеңімпаз командасына бас Кубогы мен ғылыми кітап, ал әр қатысушыға сертификат тапсырылды.
