News

          • "Жарқын болашақ-Х" қазақ тілі олимпиадасы

          • 2018 жылғы 17 наурызда Алматы "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" қыз балалар лицейінде "Жарқын болашақ-Х" қазақ тілі олимпиадасының қалалық туры өткізілді. Алматы қаласы мектептерініен 200-ден аса оқушылар әдеттегідей "ТІлші-әдебиетшілер", "Сөз шеберлері", "Жазушылар", "Жас ғалымдар", "Әнші-бұлбұлдар" бағыттары бойынша сайысқа түсті. 

            Жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен ұстаздарға мадақтама мен сыйлықтар тапсырылды. Олимпиаданы ұйымдастырушылар қатысушылардың жақсы дайындықтарын ескеріп, барлығына алғыс айтты.  

          • «Қазақ аруы» байқауы

          • 2018 жылғы 22-23 ақпан аралығында лицейімізде дәстүрлі «Қазақ Аруы» байқауы өткізілді.  Байқау 2 кезеңмен өткізілді:

            78 сынып оқушылары арасында;

            9-10 сынып оқушылары арасында. 

            Байқауға қатысатын оқушыларды сыныптастары мен ата-аналары қолдап отырды.

            Әділ қазылар алқасының шешімімен «Қазақ Аруы»  Бас жүлдесіне бір дауыстан 8 «Б» сыныбының оқушысы Айдынбекқызы Зере ие болды.

            І орын – Ерал Фатманур - 8 «В», Сапаралы Мамыр – 10 «А» сыныбы.

            ІІ орын – Елжасова Аружан – 8 «А», Амантай Айдана - 8 «С», Ауесханова 

                           Айгерім – 9 «А», Даутбаева Алтынай – 9 «Б», Рустемова Диана – 10 «Б».

            ІІІ орын – Изатуллаева Нұрай - 7 «А», Салманова Зарема – 7 «С», Тажимуратова Алия – 9 «С» сыныбы.

                     Әлемге әйгілі «Отырар сазы» оркестірінің музыканты, «Жетіген» үйірмесінің жетекшісі Дайрабаева Әйгерім аналарға арналған әндерін шырқады.

                        Байқауды жүргізген  9-сынып оқушылары Әбіш Аяжан мен Лакимова Дилярам мәнерлеп оқудан өз өнерлерін көрсетті.

                        Лицейіміздің директоры Сегизбаева Г.А.  «Қазақ Аруы» атанған    Айдынбекқызы Зереге «күміспен қапталған, алтынмен апталған»  тәжіні табыстады.

          • 4 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы

          • 2018 жылғы 23-24 ақпан аралығында Павлодар  қаласында

            IBCһO  4 Халықаралық Бектуров химия олимпиадасы өткізілді.

            Лицейіміздің 10- сынып оқушысы Темиргали Аяжан  ІІІ орынға

            ие болып,  ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Дипломы және сертификатымен марапатталды.

            Мұғалімі Елюбаев Олжас  Едилканулы Павлодар облысының Білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

          • Шахматтан қалалық жарыс

          • Республикалық «Sport FEST Kazakhstan» спартакиадасының қалалық шахмат жарысы 2018 жылғы 24 ақпанда М.Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицейінде өткізілді.

            Жарысқа Алматы қаласының сегіз ауданынан оқушылар қатысты.   

            Лицейіміздің 8 «С» сыныбының оқушысы Әжмұхан Дариға

            ІІІ орынға ие болып, Диплом, медаль және кубокпен марапатталды.

      • Login