News

        • ҚАЛАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
          • ҚАЛАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

          • 2017 жылы 5-6 қаңтар күндері Алматы қаласы бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Аталған білім сайысына Алматы қазақ-түрік лицейінен 19 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады.

            Нәтижесінде, І орынды – 5, ІІ орынды – 4, ІІІ орынды 5оқушы иеленді.
            Ал, осы Республикалық пән олимпиадасына қатысатын қыздарымызға сәттілік тілейміз.
            Молдашева Айсара
            Кескин Фатиманур
            Вайитова Дильназ
            Намазбаева Жұлдыз
            Табарова Муниса
            Жүніс Әсем
            Темиргали Аяжан

        • АУДАНДЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ
          • АУДАНДЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫ

          • 2016 жылы 8-9 желтоқсан күндері Алматы қаласы, Әуезов ауданы бойынша пән олимпиадасы өткізілді. Аталған білім сайысына Алматы қазақ-түрік лицейінен 64 оқушы қатысып, өз бақтарын сынады. Нәтижесінде, І орынды – 9, ІІ орынды – 14, ІІІ орынды 21 оқушы иеленді. Барлығы 44 жүлде.

        • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары
          • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары

          • «Еңсесі биік 25 жыл» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі лауреат дипломымен «Үкілі домбыра» ансамблі марапатталды.

        • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары
          • «Еңсесі биік 25 жыл» байқауының жеңімпаздары

          •        «Еңсесі биік 25 жыл» атты балалар мен жасөспірімдер арасындағы Республикалық көркем сөз, ән-би байқауында «Жеке аспапта ойнау» номинациясы бойынша ІІ-дәрежелі дипломымен Чайза Алуа марапатталды. Сонымен қатар, «Құстар қайтып барады мекеніне» атты Республикалық шығарма байқауында ой ұшқырлығымен ерекшеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі -Аскербекова Заура. Байқау Алматы қаласы Қазақконцерт залында өтті.

        • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ
          • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ

          • Өтеген Аружан байқауда әнші Ақбота Керімбековамен бірге ән салды. Біздің мақтанышымыз Аружан осыған дейін де талай қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүрген өнерлі өрен. Атап айтсақ, Алматы қаласында өткен «Сағындырған әндер-ай», ІІ Республикалық «Балдәурен» ән - би айқауы, Республикалық «Ғұмырдария» ән- би байқауы, «Өркениет өрендері» атты Республикалық Тіл және мәдениет фестивальдеріне қатысып жүлделі орындарды иеленген болатын. Аружанға «Өмірде қанатың талмай Қазақстанның танымал жұлдызы болып самғай бер», - дегіміз келеді.

        • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ
          • РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «САМҒА ЖҰЛДЫЗ» БАЙҚАУЫ

          • 2016 жылы Алматы қаласында балалар және жасөспірімдер арасында «Самға, Жұлдыз!» республикалық байқауы өтті. Қазылар алқасының тұрақты төрайымы – ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, әнші, продюсер Майра Ильясованың басшылығымен ұйымдастырылды. Осы сайысқа біздің лицейіміздің 8 «А» сынып оқушысы Өтеген Аружан қатысып, лицейіміздің намысын қорғап, топты жарып шығып, «Эстрада вокал» номинациясы бойынша І орын иеленді. Майра  Ильясованың қолынан сыйлық алып, дипломмен марапатталды.

      • Login