News

          • Тепло charity

          •           Құрметті лицейіміздің оқушылары! Біз үлкен қуанышпен “Тепло charity”- мен бірге лицейіміздің атынан екі қорап ашылғанын xабарлаймыз! Ашылуы 2018 жылдың 19- қаңтар күні «Достық Плаза» және «Москва» ойын-сауық орталықтарында өтті.

                    Әдетте біз керек емес кимейтін киімдерді, аяқ-киімдерді, сәнді керек жарақтар мен кітаптарды қайда апаруды білмейміз. Енді осы ойын-сауық орталықтарына барғанда, керексіз заттарыңызды өзіңізбен алып барып, осы қораптарға сала аласыз. Кейіннен барлық заттар мұқтаж жандарға таратылады.

                   Сіздер лицейімізде ұйымдастырылған барлық жәрмеңкелер мен іс-шараларда жиналған ақша тек қайырымдылыққа жұмсалғанына көз жеткізе аласыздар. Күндеріңіз сәтті өтсін!

          • Тарих және география пәндерінің апталығы

          •        2017 жылғы 11-15 желтоқсан аралығында лицейде «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – болашақтың кемел кілті» тақырыбында тарих және география пәндерінің апталығы өткізілді.

            Апталықты өткізудегі мақсат – оқушылардың білімдерін тереңдетіп, тарих, география  пәндеріне деген қызығушылығын дамыту, оқушылардың патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.

            Апталық барысында тарих пәнінің мұғалімдері Байбатырова Баршагүл, Кельгенбаева Айжан, Тургумбаева Ақбота, география пәнінің мұғалімдері  Кенжебаева Жанна, Султанова Самалдың ұйымдастыруымен интеллектуалдық сайыстар, постер қорғау, білім көрмесі,  қызықты кездесу өткізілді.

            Апталықтың жоспары бойынша «100 керемет тұлға» интерактивтік сайысы 8-сыныптар арасында өткізілді.

            12 желтоқсанда лицей әкімшілігі ҚР Тәуелсіздігіне арналған Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізді. Қонақтарымыздың ішінде Асанова Алтынай –Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Ләззат Асанованың анасы, Карібжан А.Ә. – ақын, Қарабаев Ш.Х. - Нархоз университетінің доценті, Көпебаева М.Ә. - Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы, Мухамеджанова У.Ж. - №1 Алматы мемлекеттік педколледжінің оқытушысы, Кантаева Н. - лицейіміздің кітапхана меңгерушісі.

            «Шындық іздеп шарқ ұрған Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін» мәнерлеп оқу байқауында І орын 7 «Б» сынып оқушысы Эрал Фатманурға,

            ІІ орын 8 «А» сыныбынан  Әбдімажит Жауһар мен 9 «Б» сыныбынан Саймасай Құралайға, ІІІ орын 9 «А» сыныбының оқушысы Лакимова Дилярам  мен 7 «А» сыныбынан Изатуллаева Нұрайға берілді.

            Алашордаға 100 жыл толуына арналған «Мақсатқа жету жолында» тақырыбында өткізілген конференцияға 9-сыныптар қатысты.  Белсенділік танытқан оқушылар: Артығалина Ә., Мақашева Г., Мингирова А., Сапарбек Е.

            9-10 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысын өткізді. Жүлделі орындарға 9 «Б» сынып оқушылары ие болды. Олар: І орын алған Саймасай Құралай, ІІ орын – Бакубай Жұлдыз, ІІІ орын – Алимова Жанель.

             «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды сайысқа қатысып, жеңімпаз атанған 9 «Б» сынып оқушысы Бакубай Жұлдыз. «География әлеміне саяхат» атты Білім жәрмеңкесіне қатысқан  8, 9, 10 сынып оқушыларының арасында І орынға ие болған 10 «Б», ІІ орын - 10 «А», ІІІ орын – 8 «Б»,  8 «С», 9 «С» сыныптары.

            «Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем!» тақырыбындағы презентациялар жарысында 10 «А» сынып оқушысы Мусипова Қымбат, 8 «Б» сынып оқушылары Айдынбекқызы Зере мен Исаева Арайлым ерекшеленді. Апталық соңында белсенділік танытқан оқушылар марапатталды.

          • БИЛИНГВАЛ курсы

          • ҚР Білім және ғылым министрлігі мен ««USTAZ» Professional Learning Centre» қоғамының ұйымдастыруымен Алматы қаласы мектептерінен  физика, химия, биология, информатика пәндерінің 44 мұғалімі біздің лицейде өткен «Билингвалды пән мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша 2017 жылы 11 сәуір - 15 желтоқсан аралығында ағылшын тілінде 480 сағаттық курстан өтті.

            Мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейлері Халықаралық CEPT тестінің В1 дәрежесіне жетті. Курс соңында мұғалімдер 2 сертификатқа ие болды: «USTAZ» Professional Learning Centre және CAMBRIDGE  ENGLISH Language Assessment.

            Оқыту барысында  ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Бикенина Гузалия, Турель Байрам, Есельбаев Рауан, практикалық кезеңін өткізген   информатика пәнінің мұғалімі Алибекова Гульназ, химия пәнінің мұғалімдері Елюбаев Олжас, Сыздыков Асқар,  биология пәнінің мұғалімі Кусаинова Айгерім жаңашыл технологияларды қолданып, заманауи талаптарға сай сабақ берді.

             2017 жылғы 13 желтоқсанда лицейде «Билингвалды пән мұғалімі» курсына қатысқан мұғалімдерге арналған «Үш тілде білім беру – заман талабы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Бұл іс-шара  аталған курстың қорытындысы ретінде өткізілді.   

            Мұғалімдер курстың ұйымдастырушыларына және сабақ берген тренерлерге өз ризашылықтарын білдірді.

          • Метеостанцияда

          •        2017 жылғы 28 қарашада география пәнінің мүғалімі Кенжебаева Жанна Онгарбековна алдын ала «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік мекемесінің әкімшілігімен келісіп, 8 «А» мен «Б» сынып оқушыларын практикалық сабақ ретінде Алматы қаласындағы метеорологиялық станцияға экскурсия жасады.

              Оқу бағдарламасына сәйкес «Қазақстан климаты» тарауы бойынша «Қазақстанда ауа температурасының, атмосфералық қысымның, жауын-шашынның, қар жамылғысының өзгеруі» тақырыбын оқушыларға нақты жеткізу мақсатында метеостанциясының маманы Жансая Кенжебекқызы экскурсия барысында құнды ақпараттармен таныстырды. Станцияның аймағында орналасқан ауаны бақылайтын және болжам жасайтын қондырғыларды көрсетті.

                     Оқушылар үшін бұл сабақтың әсері мол, нәтижелі болды. Жансая Кенжебекқызы мен Жанна Онгарбековна көптеген сұрақтарға жауап берді.

          • Психология күні

          • 2017 жылғы 25 желтоқсанда лицейіміздің психологтары Машанло Замира мен Асланова Мадина «Психология және өзін-өзі тану» күнін қызықты ұйымдастырды. Бұл іс-шараға 7,8,9 сыныптар қатысып, белсенділік танытты.

            Мақсаты – психология саласында оқушылардың білімдерін тереңдетіп, «Өзін-өзі тану» пәніне деген қызығушылығын арттыру, адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды жақсарту, бір-біріне сүйіспеншілігін арттыру.

            Фойеде психологияға қатысты ойындар, түрлі викториналар өткізілді.

            7-сыныптар «Мен өмірді сүйемін!» атты суреттер көрмесін жасады, сөзжұмбақтар шешті.

            8-10-сыныптар «Письмо учителю про мою жизнь через 10 лет» тақырыбында эссе жазды, психологиялық квест-ойынына қатысты.

             9-сыныптар түрлі жобалар дайындады. Оның ішінде зейінге арналған, тұлғаны анықтау тестілері. Riversi, Q-bits, Djenga – логикалық ойлау ойындары, сонымен бірге құм, оригами, арт, мандала терапиясы.

            Лицей әкімшілігі белсенділік танытқан және жеңімпаз оқушыларды Мадақтама және сыйлықтармен марапаттады.

          • «Желтоқсан желі ызғарлы...»

          • 2017 жылғы 12 желтоқсанда лицейде ҚР Тәуелсіздігіне арналған Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу өткізілді.

            Біздің  қонақтарымыз:   

            1. Асанова Алтынай апай – қазақ халқының қаһарман қызы, Желтоқсан көтерілісінің құрбаны болған Ләззат Асанованың сүйікті анасы.
            2. Карібжан Аманғазы Әлімғазыұлы - ақын ағамыз.
            3. Қарабаев Шора Халықұлы - Нархоз университетінің доценті, социология ғылымдарының кандидаты.
            4. Көпебаева Маншүк Әлдібайқызы - Әуезов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы.
            5. Мухамеджанова Улман Жумагазиевна - №1 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледжінің оқытушысы.
            6. Кантаева Нұрзия Мырзагазиновна - біздің лицейіміздің кітапхана меңгерушісі қызметін атқарады.

            Кездесу барысында қонақтарымыз қанша қиын болса да, сонау ызғарлы желтоқсан кездерін еске алып, сауалдарға жауап берді, оқушыларға жақсы тілектерін айтты. Сұрақтардың ішінде «Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы», «Оқиға болған кезде алаңға баруларыңызға қандай жағдай себеп болды?»,  «Ляззаттың балалық шағы», т.б.с.с.

            Желтоқсан көтерілісінің құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, тағы басқа аға, апайларымыздың рухын еске алу құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.

            Лицейіміздің оқушылары күй тартып, ән айтып, би биледі.

                     Лицей директоры Сегизбаева Г.А. құрметті қонақтарымызға алғысын білдірді.

          • ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

          • 2017 жылғы 13 желтоқсанда лицейде «Үш тілде білім беру – заман талабы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді.

            Мақсаты:  Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру, пікір алмасу.

                        Қатысушылар:  Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық әдістемелік кабинетінің мамандары,  Алматы қаласы мектептерінен 70-тен аса физика, химия, биология, информатика пәндерінің мұғалімдері. Мұғалімдер ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Ustaz» Professional Learning Centre ұйымдастырған «Билингвалды пән мұғалімі» білім беру бағдарламасы бойынша 2017 жылы 11 сәуір – 15 желтоқсан аралығында ағылшын тілінде 480 сағаттық курстан өтті. Мұғалімдердің ағылшын тілін білу деңгейлері Халықаралық CEPT тестінің В1 дәрежесіне жетті. Семинар-практикум аталған курстың қорытындысы ретінде өткізілді.      

                        Лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Алиева Г.Д., Қабдыл Ж., Кибад Р., математика пәнінің мұғалімдері Буюкалчын М., Гюр Т., информатика пәнінің мұғалімдері Мәмірей Ұ.Т., Менгельс А., физика пәнінің мұғалімі Аляз А., химия пәнінің мұғалімі Елюбаев О., биология пәнінің мұғалімі Кусаинова А.Е. сабақтарын көрсетті. Семинарға қатысушылардың пікірлері бойынша сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерін ағылшын тілінде жақсы меңгеруі қазіргі талаптарға сай.  

            Семинардың практикалық бөлімінде аталған пәндер бойынша Білім көрмесі өткізілді. Онда қонақтарымыз оқушылардың химия, физика, биология пәндері бойынша ұсынған эксперименттеріне қатысты, ал математика және тілдер пәндері бойынша түрлі интеллектуалдық ойындарға қатысып, белсенділік танытты. Информатика мұғалімдері қыздарымыздың өздері жасаған робототехника туындыларын тамашалады.

            Семинар мәжіліс залында жалғасты. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, филология ғылымдарының магистрі, 20-шақты оқушысы республикалық, 100-дей оқушысы аудандық, қалалық олимпиадаларының жеңімпаздары атанған Түрел Байрам «Lifelong  learning for a Smart approach» - «Дарынды балаларды оқыту барысында өз білімін жетілдіру» тақырыбы бойынша баяндама жасады.

            Лицей оқушыларының өнерін де көрсеттік. 9-сынып оқушылары: «Жұлдыздар тоғысқанда»  («Так сложились звезды») атты Тұңғыш Президент  туралы көркем фильмде Нұрсұлтан Әбішұлының қызы Алияның рөлін сомдаған және 2016 жылы Германия мен Румынияда, 2017 жылы Австралияда өткен Халықаралық тіл және мәдениет фестивалінде ІІІ жүлделі орынға ие болған Сағи  Венера мен Парижде өткен Халықаралық мәдениет фестивалінің лауреаты Өтеген Аружан «Қазағым менің» әнін бірлесіп айтты. Аталған фестивальдарға қатысқан бишілер тобы төрт халықтың ұлттық билерін орындады.

            Қорытындылау сөзінде Алматы қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім бөлімінің бас маманы Абдиманапова Қарлығаш Акановна семинар-практикумның заманауи талаптарға сай, көрсетілген сабақтар мен берілген ақпарат шақырылған ұстаздарға көп пайдасын берері туралы айтты.

          • САПАРАЛЫ БЕЙБІТПЕН КЕЗДЕСУ

          •          2017 жылғы 28 қарашада лицейімізде қоғам қайраткері, журналист, жазушы, «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» кітабінің авторы Сапаралы Бейбітпен кездесу өткізілді.

                Бұл кітапта Елбасының жас кезіндегі беймәлім қыр-сырлары көрсетілген, сирек кездесетін фотоқұжаттармен безендірілген.

                    Қадірлі қонағымыз Сапаралы Бейбіт ағайға оқушылар тарапынан да қызықты сауалдар қойылды. Оның ішінде өзінің балалық шағы, Елбасы туралы жазу идеясы, шығармашылық жоспарлары жайында.

            Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған іс-шаралардың бірі - «Тұңғыш Президенттің балалық шағы» кітабын оқып, мазмұнына арналған тестіне қатысу. Жеңімпаз атанған оқушыларымызға: 7 «А» сыныбынан Берік Аяулым, Ерланқызы Томирис, 8 «А» сыныбынан Құралбай Аружан, Алпысбаева Аружан, Мәдениет Мерей, Мухтарханова Жасмин, Ата Сена, Муратбекқызы Жанна, 8 «Б» сыныбынан Айдынбекқызы Зере, Исаева Арайлым, 10 «А» сыныбынан Досқалиева Аружанға автор өз кітабына  қолтаңбасын қойып әрқайсысына сыйлады. Досқалиева Аружан кітаптан алынған қызықты жағдайларды еске түсіріп, өз пікірін авторға жеткізді.

            Аталған кездесу барысында мемлекеттік мерекеге жақсы жетістіктермен жеткен оқушыларымыз марапатталды.  

            Лицей директоры Сегизбаева Г.А. қонағымыз  әрі ата-анамыз Сапаралы Бейбіт ағайға ғибрат сөздеріне ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор деп тұжырымдама жасады.

          • КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ЛИГАСЫ

          • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» және «БІЛІМ-ОРДА» Халықаралық қоғамдық қорлары ұйымдастырған лицейлер оқушылары арасындағы «Көңілді тапқырлар лигасы» /КТЛ/ аймақтық кезеңі «GALAXY»  Халықаралық мектебінде 2017 жылғы 25 қарашада өткізілді.

            Аймақтық жарысқа қатысқан 6 команда:

            1. Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі – «Типикал емес»
            2. Есік «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі – «Алтын адам»
            3. Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты – «FANBAStar»
            4. СДК лицейі
            5. Сулейман Демирель колледжі – «Андай team»
            6. Талдықорған БИЛ – «Е, я приезжий».

            Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті, ойын қызу өтті.  

            Жанкүйерлер өз командаларына тамаша қолдау көрсетті.

                        Нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:

            І орын -  Алматы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыз балалар лицейі – «Типикал емес»

            ІІ орын – СДК – «Андай team»

            ІІІ орын – Мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты – «FANBAStar» командасы.

            Жеңімпаздар Диплом және кубоктармен марапатталды.

            Біздің команда мүшелері:

            1. Ауесханова Айгерим – 9 сынып
            2. Абдуллақызы Құндыз – 8 «А»
            3. Амантай Айдана – 8 «С»
            4. Жумабекова Дана – 9 «А»
            5. Иличбеккызы Айтурган – 8 «С»
            6. Машурова Дильназ – 9 «Б»
            7. Саги Венера – 9 «Б»
            8. Тунатар Адема – 9 «Б»
            9. Чайза Алуа – 8 «А»
            10. Шаймуратова Фариза – 9 «Б»

              Кеңесшілер:

            - Қамза Елдана – 11 «А» сынып оқушысы

            - Сайфеденова Бекдана – 11 «Б»  сынып оқушысы

            Команданы жеңіске жеткізген ұстаздары:

            • Алпысбаева Акерке Сайлашовна – қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
            • Жүбекешева Жанат Таласбайқызы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
            • Чонаева Лаура Кахарманкызы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
            • Нургулова Жанна Канатбековна– музыка жетекшісі

                  Біздің команда енді Астанада өтетін республикалық финалға қатысады.

            Ақжол,  «Типикал емес» үздік командасы!

          • Ардагерлер үйінде

          •      2017 жылғы 23 қарашада 8 «А», «Б», «С» сынып оқушылары жетекшілері Санкибаева Аида, Меңгеліс Айдидар, Султанова Самал апайларымен және ата-аналарымен бірге Алматыдағы Ардагерлер Үйіне барды. Біздің оқушыларды ол жерде тұратын ата-әжелер таниды, қыздарды құшақ жая қарсы алды. Кейбіреулері көздеріне жас алды.

                 Тәрбие жұмысының  рухани-адамгершілік бағытын жүзеге асыруда қарттар, балалар үйлеріне бару  біздің лицейде дәстүрге айналған.

                  Қыздарымыз алдын ала дайындалады, бұл кездесуге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Лицейде өздері жасаған тәттілерді жәрмеңке өткізіп сатады. Одан жиналған қаржыға қарттарға сыйлықтар алды. Сонымен бірге концерт, қойылымдар қойды. Концерт репертуарына да қарттардың сүйікті әндерін қосуға тырысады. Оқушылар ата-әжелерді биге шақырды. Аз уақыт болса да бірге ән айтып, би билеп, көңілдері көтерілгендерін көру біз үшін бақыт. 

                   Осындай жағдайды көрген бала өз ата-анасына деген мейірімі мен сүйіспеншілігі артады деген сенімдеміз.

          • Республикалық волейбол турнирі

          •  Лицейімізде  2017 жылғы 24-25 қараша аралығында  «Білім-инновация» және «Білім Орда» Халықаралық қоғамдық қорларының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында оқушы қыз балалар арасында волейболдан турнир өткізілді.

            Турнирдің салтанатты ашылуында «Білім-инновация» ХҚҚ тәрбие ісі жөніндегі маманы Ілияс Дастан лицейіміздің директоры Сегизбаева Галия Абилбаевна  қатысушыларды құттықтап, жеңіс тіледі.

            Лицейіміздің биші қыздары қазақтың ұлттық және спорттық билерімен қатысушыларға рух берді.

             Жарысқа 11 команда қатысты:

            1. Алматы қыз БИЛ

            2. Астана қыз БИЛ

            3. Атырау қыз БИЛ

            4. Қарағанды қыз БИЛ

            5. Қызылорда қыз БИЛ

            6. Павлодар қыз БИЛ

            7. Тараз қыз БИЛ

            8. Шымкент қыз БИЛ

            9. GALAXY  Халықаралық мектебі

            10. Жамбыл экономика және IT колледжі

            11. Сулейман Демирел колледжі

            Командалар жақсы дайындықтарын көрсетті, ойын қызу өтті.  Жанкүйерлер өз командаларын қолдап отырды.

            Екі күн өткен  қызықты ойын нәтижесінде төмендегідей орындар белгіленді:

            І орын -  Жамбыл экономика және IT колледжі

            ІІ орын – Тараз қыз БИЛ

            ІІІ орын – Қызылорда қыз БИЛ

            Жеңімпаздар медаль және кубоктармен марапатталды.

            Сонымен бірге командалық номинациялар бойынша марапатталғандар:

            • «Жеңіске құштарлығы үшін» – Атырау, GALAXY, Қарағанды, Шымкент лицейлері;
            • «Fair Play» СДК;
            • Ең белсенді команда – Астана лицейі;
            • Ең ұйымшыл команда – Павлодар лицейі;
            • «Көрермен көзайымы» – Алматы қыз БИЛ.

            Жеке номинациялар бойынша марапатталған оқушыларымыз:

            • «Үздік доп беруші» Мухит Айя /АлҚызБИЛ/;
            • «Үздік байланыстырушы» Кенжебекова Айсұлу / Тараз/;
            • «Үздік шабуылдаушы» Сламбек Жібек / Қызылорда/;
            • «Үздік тосқауылдаушы» Болатқызы Ару /Атырау/;
            • «Үздік ойыншы» Үммет Нағима /Тараз/;
            • «Үздік жаттықтырушы» Бейсекова Шынар /Тараз/

             Турнирдің жабылу салтанатына «Білім-инновация» ХҚҚ вице-президенті Толебаев Н.Н., «Өрлеу» Ұлттық орталығының директор орынбасары Суатай С.Қ., «Білім-инновация» қорының дене шынықтыру пән бірлестігінің жетекшілері Зайсанбаев Т. пен Демирель Али қатысты, жеңімпаздарды марапаттады.

                  Спортшы қыздарымыз естелікке суретке түсті.

          • «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие

          • 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы республикалық есеп беру және сайлау конференциясын өткізді.

            Конференцияға Қазақстан Республикасының көптеген облыстарынан білім мекемелерінің өкілдері қатысты. Оның ішінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің басшылары да бар.

            Конференцияда 2016-2017 оқу жылында атқарылған іс-шаралар бойынша есеп берілді және 2018-2019 жылдарға арналған даму бағыттары ұсынылды.  

            «Білім-инновация» және «Білім орда» Халықаралық қоғамдық қорларымен шығармашылық ынтымақтастық жасау мақсатында меморандумға қол қойылды.  

            KazFUCA  Президенті Ақшолақов Б.У. барлық «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің директорларына «ЮНЕСКО Клубы» мәртебесіне ие болғандарын растайтын сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды.

          • Жолда жүру Ережелерін сақтайық!

          • 2017 жылғы 21 қарашада Әуезов аудандық әкімшілік полиция бөлімінің қызметкері, мемлекеттік көлік автоинспекторы, лейтенант Әли Әлишер Ренатұлымен кездесу өткізілді.

            Кездесу мақсаты – 7-8 сыныптарда өткізілетін «Жолда жүру Ережелері» курсы бойынша оқушылардың білімін тереңдету.

            Барлық адам жолда жүреді, абай болу қажеттілігін, бағдаршамға бағыну керектігін автоинспектор оқушылардың естеріне тағы салды.

            Әлишер Ренатұлы оқушыларға «Жолда жүру Ережелерін сақтайық!» тақырыбында әңгіме жүргізді, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

            Тақырып бойынша бейнематериал көрсетілді, оқушыларға нұсқаулықтар таратылды.

          • Ардагерлермен кездесу

          • Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты мақаласының аясында  2017 жылғы 14 қарашада  лицейімізде Әуезов ауданының Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен ұмытылмас қызықты кездесу өткізілді.   

            Қадірлі қонақтарымыз:

            • Орлова Любовь Георгиевна – 02.03.1923ж. туған, Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбек майданының қатысушысы.
            • Непомилуева Надежда Павловна – 03.05.1928ж. туған, еңбек майданының қатысушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, ақын;
            • Багаутдинова Рабия Сиразовна – 04.01.1928ж. туған, еңбек майданының қатысушысы;
            • Ахметбекова Рауза Талыковна – еңбек майданының қатысушысы, биология ғылымдарының кандидаты;
            • Дүйсенбекова Галина Адилбековна – Қазақ ССР өнерге еңбегі сіңген қайраткері, Ардагерлер кеңесінің мәдениет комиссиясының төрайымы;
            • Сушкова Нелли Игнатьевна – 11ықшам ауданы бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы, спорт және денсаулық комитетінің төрайымы;
            • Махметтегі Бекжан Нұрманұлы – 1969 жылғы Даманск аралы үшін  СССРҚытай шекаралық қарулы қақтығысқа қатысушы, белгілі тұлғаларды насихаттау мен ескерткіштерді қорғау комиссиясының төрағасы.

            Елбасымыз айтқандай: «Жаныңда жүр жақсы адам». Қонақтарымыз – Әуезов ауданының тұрғындары, кейбіреулері лицейіміздің қасында тұрады.

            Ардагерлер 7-8-9 сынып оқушыларымен кездесу барысында Ұлы Отан соғысы кезінде бастан кешкен қиыншылықтары туралы, соғыстан кейінгі өмірлері, жұмыстары туралы баяндап, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

            Бұл кездесудің ерекшелігі мен маңыздылығы – мұрагерлік пен сабақтастықта.

            Қанша жасқа келсе де өмір сүруге деген құштарлығы шексіз, Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігі мол жандармен сұхбаттасу үлкен бақыт деп санаймыз.     

                  Лицей директоры Сегизбаева Г.А. қонақтарымызға ризашылығын білдіріп, осындай кездесулердің ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығына аса назар аударды.

        • Қастеев мұражайына саяхат
          • Қастеев мұражайына саяхат

          • 2017 жылғы 5 қазанда 10-сынып оқушылары мен ұстаздары Алматы қаласындағы мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайына барды.

            Мақсаты – ҚР Елбасының «Болашаққа бағдар: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру, оқушылардың эстетикалық, интеллектуалдық көзқарасын дамыту.

            Оқушыларды мұражай өте қызықтырды. Әсіресе, қыздарымызға қазақтың ұлттық әшекейлері мен сырмақ, алаша, тұскиіз, текеметтер ұнады.  

            Мұражай гидтері қазақтың, сонымен бірге әлемдік өнер тарихымен, жаңа экспозициялармен таныстырды.

            Бұл сапардан мол әсер алған оқушыларымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі одан әрі артады деген сенімдеміз.

             

        • Университетпен байланыс «Назарбаев Университеті»
          • Университетпен байланыс «Назарбаев Университеті»

          •         Лицеімізде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысына үлкен назар аударылады. Себебі мамандық және университет таңдау бүкіл өмірлеріне, болашағына әсер етеді. Қазақстандағы және шетелдегі университеттер туралы көптеген мағлұматтар беріледі. Назарбаев университетінің өкілдері биыл да келіп, оқушыларға қажетті ақпарат берді, мазмұнды презентация жасады. 

        • Жеңіспен оралған ұстазымыз!
          • Жеңіспен оралған ұстазымыз!

          • Кенжебаева Жанна Онгарбековна – география пәнінің мұғалімі.

            Педагогикалық еңбек өтілі - 23 жыл.

            2017 жылы 5 қазанда Мұғалімдер күніне орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің бас қаласы Астанаға білім беру саласына қомақты үлестерін қосып, жоғары жетістіктерге жеткен 50-шақты ұстаздарды шақырып, «2017 жылдың үздік педагогі» атағын берді.  ҚР Білім және ғылым министрі Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы ұстаздарға медаль мен сертификаттарын тапсырды. Олардың ішінде біздің ұстазымыз Жанна Онгарбековна туралы үлкен мақтанышпен айтқымыз келеді.

                 Лицейге дейін ұзақ жылдар бойы Семей қаласындағы мектептерде қызмет етіп, Семей қалалық «Үздік педагог» байқауында бас жүлдеге, облыстық деңгейде ІІ орынға ие болды.

               Ұстаз өз пәні бойынша «Жасыл экономика - болашақтың экономикасы», «Жердің топонимикалық негіздері» бағдарламаларының авторы, 6-сыныпқа арналған тест жинақтарының, 6-7 сыныптарға арналған жұмыс дәптерлерінің, «Сын тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша ашық сабақтар үлгілері», әдістемелік көмекші құралдың құрастырушысы. Көптеген мақалалары жарық көрді.  

                      Географиядан Ұ.Ә.Есназарованың Республикалық атаулы мектебінің 20 жылдығына арналған жинаққа Кенжебаева Ж.О. туралы мәлімет енген.

            Сүйікті ұстазымыз Жанна Онгарбековнаны шын жүректен құттықтай отырып, жұмысыңыз әрқашан жемісті болсын деген тілек білдіреміз!

        • Өзін-өзі басқару комитетін сайлау
          • Өзін-өзі басқару комитетін сайлау

          • 2017 жылғы қыркүйекте лицейде оқушылардың өзін-өзі басқару комитетін сайлау науқаны басталды. Әдеттегідей 11-сынып оқушылары өз міндеттерін 10-сынып оқушыларына тапсырады.

            Өзін-өзі басқару комитетін құрудағы негізгі мақсат – оқушыларды ересектер өміріне қатыстырып, өз беттерінше шешім қабылдап, іс-шараларды өткізуге үйрету. Сол себепті жыл сайын өзін-өзі басқару комитетінің құрамы ауысып тұрады. 10 сынып оқушыларының ішінен ұйымдастыру қабілеттеріне сай өзін-өзі басқару комитетінің мүшелері сайланады. Үміткерлер өз бағдарламаларын көпшілікке ұсынады. Оқушылар дауыстарын өздерінің таңдаған үміткеріне береді.

            Әсіресе Президент сайлауы қызықты өтеді. Әр үміткердіңсыныптастары үлкен насихат жұмысын жүргізеді, үміткерлер туралы ақпарат береді. Бұл жолы 3 қазанда өткен лицей Президентінің сайлауына 2 үміткер қатысты. Нәтижесінде көпшілік дауыспен Жеңісқызы Ақнар лицей Президенті атанды.

            Лицей әкімшілігі оқушылардың бұрынғы Президенті Сауытбекқызы Талшын мен өзін-өзі басқару комитетіне атқарылған жұмыстар үшін алғыс айтып, жаңа сайланған комитетінен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын жақсартуда үлкен көмек күтетінін, сенім артатынын білдірді.

        • Әжелермен кездесу
          • Әжелермен кездесу

          • 8 «С» сыныбының жетекшісі Султанова Самал Кадырбаевна 2017 жылғы қазан айында Халықаралық қарттар күніне арналған әжелермен кездесуді ұйымдастырды.

            Мақсаты – қарттарға әрдайым құрмет пен қамқорлық көрсетуге оқушыларды үйрету.

            Сынып сағатының тақырыбы - «Отбасы құндылықтары».

            Эминова Айлиннің әжесі Махотина Наталья Григорьевна мен Сыздық Садияның әжесі Сапаргалиева Алевтина Михайловна тақырыпқа сай оқушылармен керемет сұхбат өткізді, қыздардың сауалдарына толық жауап берді. 

            Бір отбасында үш әулеттің бірге тұруы – нағыз отбасылық бақыт болып табылады. Ата-әже, әке мен ана, балалар мен немерелер отбасылық дәстүрлерді жалғастырып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырып, басқаларға үлгі бола алатынына көзіміз жетті.

            Дөңгелек үстел барысында оқушылар да өздерінің отбасылары туралы, әсіресе ата-әжелері жайында әңгіме қозғады.

            Қадірлі қонақтар оқушылар мен ұстаздарға кездесу үшін ризашылығын білдіріп,  ақ баталарын берді.

    • Login